Педагогика ғылым ретінде және оны білімнің ерекше саласына бөлу. Кез-келген ғылымды зерттеу, әдетте, осындай сұрақтарды түсінуден басталады: «белгілі бір ғылым қалай пайда болды және дамыды және оның зерттеу тақырыбы қандай болды?»


Балалар ұжымы тәрбие процесінің объектісі және субъектісі ретінде. Ұжымның құрылымы. Бастауыш мектеп жасында ұжымның қалыптасуының педагогикалық шарттары



бет32/65
Дата20.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#163473
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65
Байланысты:
1-100 пед ОТВЕТЫ (копия)

44. Балалар ұжымы тәрбие процесінің объектісі және субъектісі ретінде. Ұжымның құрылымы. Бастауыш мектеп жасында ұжымның қалыптасуының педагогикалық шарттары Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратын-дай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұстаздың міндеттері: біріншіден, баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін мақсатты таңдап ала білуі. Екіншіден, балалардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындаған жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.
45. Отбасы тәрбиесінің негіздері

Отбасы тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен отбасы мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал үрдісінің жалпы атамасы. Қоғам, отбасы және мектеп тәжірибесі ажырамас бірлікте орындалатын істер ауқымын қорғайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде. Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы — бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да да, дос-жарандары да, отбасы — бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасына тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбек тәрбиесінің өнімі де жоғары. Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.


— отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
— қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
— отбасы тұлғаның әлеметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбек тәрбиесінің мүмкіндіктерін мейілінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
— салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
— отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері — азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ отбасы иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
— отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет