Модульдік оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары
дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл
технологияның мәні – оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы
нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жәрдемімен) жетеді.
(П. Юцявичене, Т.И. Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу
мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін,
топ (блок).
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға
келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу
мазмұнының көлемін ғана емес, әдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сәйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға
оқу әрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін
өзіанықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына
жәрдемдеседі.
М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі баланың
тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеругемес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғнижадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондайақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзентілендіру, өзін-өзі бекіту, қарымқатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.