Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік


Ғылыми педагогикалық зерттеу



бет3/7
Дата20.05.2024
өлшемі179,89 Kb.
#202626
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 дәріс Докторантура Word

Ғылыми педагогикалық зерттеу. Ғылыми-педагогикалық зерттеу – педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу үдерісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі. Педагогика саласындағы зерттеулер – білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны мен принциптері, технологиясы жөнінде жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс және оның нәтижесі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу нысандары: педагогикалық жүйелер, құбылыстар, үдерістер (білім беру, тәрбие, жеке тұлғаны, ұжымды қалыптастыру); пәні: педагогикалық нысанның нақты аймағында шешімін табуды қажет ететін элементтер, байланыстар, қатынастар бірлігі.
Педагогикалық зерттеулерді жүйелеу:
Теориялық: бұрынырақ ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың болашақтағы дамуын болжауға мүмкіндік беретін, негізгі және жаңа педагогикалық заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады;
Іргелі (фундаментальды)‒ тәрбие үдерісінің заңдылықтарын ашады, ғылыми білімді тереңдетуге бағытталған, ғылымның методологиясын дамытады, оның жаңа аймақтарын анықтайды, мұнда практикалық мақсат көзделмейді; Қолданбалы – тәрбие мен білім беру мазмұнын қалыптастыруда, педагогикалық технологияларды жасауда, жүзеге асыруда жекелей теориялық және практикалық міндеттерді шешеді; ғылым мен практиканы, іргелі зерттеу мен әзірлемелерді байланыстырады.
Эмпирикалық: педагогика ғылымында жаңа фактілердің белгіленуі. Эксперименталдық: қолданбалы; әдістемелік әзірлемелер – тәжірибелік және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қарастырылады. Оған бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу құралдарын; тәрбие мен оқытуда педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мен басқару бойынша инструктивті-әдістемелік нұсқауларды әзірлеу жатқызылады.
Педагогикалық зерттеу кезеңдері мен құрылымы.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу құрылымы мен логикасы:

  1. Проблеманың (мәселенің) жағдайын зерттеу. Проблеманы қоя білу, зерттеу өзектілігін негіздеу; нысаны мен пәнін, тақырыбын анықтау;

  2. Кеңінен таралған зерттеу тұжырымдамасын (әдіснама) нақтылау немесе құру;

  3. Дәлелдеуді қажет ететін зерттеу болжамын жасау;

  4. Зерттеу жоспарын құру;

    • Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау;

    • Эксперимент жоспарын анықтау;

    • Зерттеу әдістері мен әдістемелерін таңдау;

    • Мәліметті өңдеуде қолданылатын математикалық әдістерді және т.б. анықтау;

  5. Мәлімет жинақтау және фактілер бойынша жазу;

  6. Нәтижені (мәліметті) өңдеу;

  7. Болжамның дәлдігін нәтиже бойынша бағалау, зерттеу тұжырымдамасы шеңберінде нәтижені талдау, түсіндіру;

  8. Алынған нәтижені ғылымдағы концепция және теориялармен байланыстыру;

  9. Жалпы қорытынды жасау. Проблеманың перспективасын бағалау;

10. Практикалық ұсыныстар беру.
Проблема (грек. problema – міндет, тапсырмалар) шешімін табуды, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық сұрақ. Педагогикалық зерттеу проблемасы адамдардың білім беру мен оқыту саласындағы білімге қажеттілік пен осы қажеттілікті қанағатандыру жолдары, әдістері, құралдары туралы білімнің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылықты бейнелейді.
Тақырып – (грек. thema – пән мазмұны, зерттеу, талқылау) зерттеу проблемасының қысқаша түрде берілуі.
Мақсаты:
‒ Білім берудің белгілі бағытына сәйкес теориялық және практикалық білімді жүйелеу, бекіту, кеңейту және осы білімді ғылыми және өнеркәсіптік міндеттерді шешуде қолдану дағдыларын қалыптастыру;
‒ теориялық, тәжірибелік және ғылыми-практикалық зерттеулердің әдістемелерін игеру және өздік жұмыспен айналысу дағдысын дамыту;
‒ зерттеу барысында алынған нәтижелерді жүйелеу тәжірибесін қалыптастыру, қорытындылау және көпшілік алдында қорғау.
Мақсатызерттеу барысында алынуға тиіс нәтиже.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет