Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік



бет1/7
Дата20.05.2024
өлшемі179,89 Kb.
#202626
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 дәріс Докторантура Word


1.3. Педагогика ғылымының әдіснамасы

  1. Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік

  2. Әдіснама деңгейлері

  3. Педагогикалық теория туралы түсінік

  4. Ғылыми педагогикалық зерттеу. Педагогикалық зерттеу кезеңдері мен құрылымы

  5. Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері



Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Әдіснама («методология» ‒ грек. methodos – зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos – сөз, түсінік): 1) теориялық және практикалық әрекетті ұйымдастыру, құру принциптері мен тәсілдері жүйесі; 2) танымның ғылыми әдістері туралы ілім, білім; 3) белгілі бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы (Философиялық энциклопедиялық сөздік).
Әдіснама – ғылыми әдістер туралы теориялық ілім; жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі; белгілі бір немесе бірнеше теориялар негізінде зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады. Әдіснамалық негіздер мен бағдарлардың ерекшелігін және мазмұнын ашуда педагог-зерттеушілер көбінесе «әдіс», «тұғыр», «қағида», «заң», «идея», «логика», «парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады.
Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білімдер және оны іздеп табу үдерісі жайлы ілім. Оның құрамына 1) педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі, оның ішіндегі педагогикалық мәселе турасындағы ілім; 2) әдіснамалық мәні бар бастапқы, іргелі, философиялық ілімдер, тұжырымдамалар, болжамдар; 3) педагогикалық таным әдістері туралы ілімдер жатқызылады (В.И. Загвязинский)
Ғылым әдіснамасы, оның ішінде педагогика әдіснамасы көптеген шетелдік, отандық ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелуде: М.А. Данилов, А.М. Арсеньев, Ф.Ф. Королев, Н.К. Гончаров, Э.И. Моносзон, В.Е. Гмурман, С.И. Архангельский, М.Н. Скаткин, В.С. Ильин, И.Я. Лернер, А.И. Пискунов, Г.В. Воробьев, Н.И. Волдырев, Я.С. Турбовской, Л.И. Новикова, Л.В. Занков, В.И. Журавлев, Я. Скалова, Х.И. Лийметс, Б.Т. Лихачев, А.Н. Кочетов, Н.Д. Никандров, В.С. Шубинский, Б. Битинас, Ю.К. Бабанский, Н.В. Кузьмина, В.В. Краевский, Е.В. Бережнова, В.И. Гинецинский, В.И. Загвязинский, Г.П. Щедровицкий, О.С. Анисимов, Б.С. Гершунский, Е.В. Бережнова, А.М. Новиков, Н. Д.Хмель, ШТ.Таубаева және т.б. (Сурет – 1. Ғылым дамуының диалектикалық тұжырымдамасы).

Қазақстандық ғалым-зерттеуші Ш.Т.Таубаевапедагогика әдіснамасын зерттей келе оның моделін ұсынған(Сурет 2. Педагогика әдіснамасының моделі (Ш.Т.Таубаева бойынша).

Педагогикада әдіснама-қағидалар (принциптер), әдістер, таным формасы мен процедурасы және педагогикалық ақиқаттың шыңдалуы туралы ілім (П.И. Пидкасистый). Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттейді. Ол педагогикалық теория тұрғысынан негізгі білімдер мен құрылымдарды бір жүйеге келтіреді. Олай болса, әдіснама-теориялық жүйе туралы ғылым мен ілім болып табылады.
Педагогика ғылымының әдіснамасы: біріншіден, ғылымның жалпы әдіснамасынан туындайды; екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму тенденциясын оқып үйренумен және зерттеумен байланысты туындайды; үшіншіден, педагогикалық құбылыстардың жағдайлары туралы теориялық қағидалармен, олардың зерттеу әдістерін қарастырады; төртіншіден, жаңадан алынған білімдерді тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізумен анықталады.
Әдіснамалық білімдер құрылымын ғалым Э.Г. Юдин төрт деңгейге бөліп түсіндіреді, демек бүгінде педагогикада әдіснаманың 4 кезеңі қабылданған:
философиялық әдіснама ‒ экзистенциолизм, неотомизм, позитивизм, неопозитивизм, прагматизм, диалектикалық материализм; яғни таным мен жалпы ғылымның категориялық құрылымы педагогика ғылымының түсініктік аппаратына қатысты сындарлы-сыни қызметті атқаратын, құрылым сәйкестілігі мен педагогикалық зерттеу мәнін, олардың әдіснамалық іргетасын білдіретін және белгілі бір әлем сипаты тұрғысынан педагогикалық зерттеудің нәтижелерінің әлем танитын түсіндірмесіне қатысты жалпы қағидалар жатады;
жалпы ғылымилық әдіснама ‒ жалпы ғылыми қағидалар мен зерттеу формаларын қамтиды (жүйелілік, кибернетикалық, кешенді, бағдарламалы-мақсаттық секілді жалпы ғылыми әдістер, идеализация, модельдеу, эксперименттеу секілді жалпы ғылыми рәсімдер мен тәсілдер және т.б. қатысады). Жалпы ғылыми әдіснама ұстанымдық-бағыттаушы қызметті атқарады, себебі дәл осы кезеңде зерттеудің қағидалық бағыты анықталады, оның стратегиясы, оның субъектісі мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады;
нақты ғылымилық әдіснама – педагогика ғылымына сай келетін зерттеу әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Ол реттеуші қызметті атқара отырып, бір-бірімен нақты зерттеулердің ерекшеліктеріне сәйкес педагогика әдістері мен аралас ғылымдарға қажетті жиынтықты құруға мүмкіндік бере отырып, педагогикалық зерттеу үдерісі барысында бір мәнді түсінуге қажетті психология, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың және педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараттың бірегейлігін қамтамасыз етеді, демек, нақты ғылым саласындағы теориялық концепцияларды туындатады;
зерттеу әдістемесі және техникасы (технологиялық),яғни, бір сипатты және шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғашқы талдау үшін қажетті болатын процедуралар жиынтығы. Оның басты функциясы – инструменталды немесе инструменталды технологиялық. Бұл әрдайым нақты көрінетін нормативті сипаты бар, яғни тиісті формадағы жоғары мамандандырылған әдіснамалық білімнің деңгейі болып табылады. Аталған деңгейдің қызметтерінің дұрыс жүзеге асырылуынан көп деңгейде жеке педагогикалық зерттеулердің нәтижесі мен жалпы, барлық педагогикалық ғылымның нәтижелерінің қалыптасуы мұқтаж болады.
Сондай-ақ, ғылыми айналымда төмендегідей педагогиканың әдіснамалық деңгейлері де қабылданған:
1-деңгей гносеологиялық, педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді саралауда жалпы ғылыми бағыттарды дұрыс құру мүмкіндігін береді;
2-деңгей көзқарастық, білім алушының жеке тұлғасының қалыптасу және даму факторын, білім беруді, оқыту мен тәрбиелеуді және педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық құбылыс ретінде қарастырады;
3-деңгей ғылыми-мазмұндық, педагогика ғылымының заңдарын, заңдылықтарын, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесін дұрыс құруға көмектеседі.
4-деңгей логико-гносеологиялық, педагогика пәнін, объектісін, категориясын дұрыс анықтау мен дамытуға мүмкіндік береді; педагогикалық теория мен педагогикалық практиканың өзара байланысын анықтайды, педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысын, фундаментальды және қолданбалы зерттеудің ережелерін қалыптастыруға көмектеседі; педагогиканың дамуын болжайды (Сурет – 3. Педагогика ғылымының әдіснамалық деңгейлері).

Педагогика әдіснамасы бірнеше сфераларда жүзеге асырылады.
Ғылыми-педагогикалық білім беру жүйесінде:

  • Педагогика пәні, қызметі мен міндеттері;

  • Педагогиканың адам туралы ғылым жүйесіндегі орны;

  • Педагогикалық пәндердің жалпы және арнайы міндеттері;

  • Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы;

  • Педагогиканың ұғымдық-терминологиялық жүйесі.

  • Педагогикалық құбылыстарды ғылыми тану үдерісінде:

  • Зерттеу әдістерін таңдау мәселелері;

  • Зерттеу әдістерінің өзара байланысы мен ерекшеліктері;

  • Мазмұндық және формальдық әдістердің сандық және сапалық сипаттарының өзара байланысы;

  • Зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері;

  • Болжаудың әдіснамалық мәселелері.

Практика – педагогикалық білімді жүзеге асыру сферасы ретінде:

  • Тәрбие үдерісінің мәнін, заңдарын, заңдылықтарын зерттеу;

  • Тәрбие мақсатын, міндетін, мазмұнын анықтау;

  • Жеке тұлғаны қалыптастыру факторларын зерттеу және салыстыру;

  • Тәрбие үдерісін ұйымдастыру принциптерін, формаларын, әдіс пен құралдарын әзірлеу және жүзеге асыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет