Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік


Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері



бет5/7
Дата20.05.2024
өлшемі179,89 Kb.
#202626
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 дәріс Докторантура Word

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер зерттеу әдістерінсіз жүзеге асырылмайтындықтан педагогикалық зерттеу әдістеріне тоқталамыз.
Әдіс (грек. metodos – зерттеу немесе таным, теория, оқыту жолы) – таным жолы; ғылыми білімді құру тәсілі және негіздеу; ғылым пәнін анықтауға ықпал етуші тәсіл. Әдіс ‒ күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Әдіс ‒ ойға алған бір істі жүзеге асырудың тәсілдер жиынтығы. Бұны «метод» немесе «методика» деп те атайды. «Метод» грек тілінен аударғанда, белгілі бір іс-әрекеттің тәсілі дегенді білдіреді. Ал тәсіл дегеніміз ‒ әдістің құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір іс-шараны жүзеге асырудың реті, қимыл-қарекет немесе іскерлік.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде әдіске: «1. Адам баласының қызметінің белгілі салаларында қолданылатын әр түрлі амал, тәсіл, айла. 2. Қоғам өмірі мен табиғат құбылыстарын зерттеудің, танып білудің методы, жолы» сынды анықтама берілсе, А. Байтұрсынов: «Әдіс деген қатып-семіп қалған догма емес. Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу. Әдіс қажеттіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болуы жұмсалатын орынның керек қылуына қарай. Мәселен, бір жұрттың сауаттану ісіне қолайлы әдіс басқа жұртқа да қолайлы болуға тиіс деп қарауға болмайды. Екі тілдің заңы, емле жүйесі бірдей болса, қолайлы болуы мүмкін. Ал әр тілдің заңы, емлесі немесе әріп жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған оқыту әдісі, екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды» ‒ деген.
Зерттеу әдісі дегеніміз күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Әдісті құрайтын тәсілдер зерттеу тәртібінің феноменологиялық суреттемесін, оның құрамындағы элементтердің эмпирикалық бөлінуін, зерттеу объектісі мен оның психологиялық-педагогикалық сипаттарын жүйелі түрде түсіну мақсатында зерттеу элементтерінің құрылымдық-қызметтік анализін қамтамасыз ететін анализ бірліктеріне әдістемелік бөлінуін қамтамасыз етулері қажет.
Зерттеу әдістері әр ғылымның дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол ‒ жаңа білім көздерін табу үдерісі. Ол адамның зерттеу нысаны, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективті заңдылықтарын танып білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы, педагогикалық жағдайларды, үдерістерді зерттеу жолдары мен тәсілдері. Ғылыми деректерде ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері мына тұрғыда жүйеленген (1-кесте); (Сурет - 4. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесі).
Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – нысандар туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу ‒ нысандарды ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру ‒ зерттеліп отырған шынайы үдерістердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық ‒ дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
1-кесте. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет