Педагогика және психология факультеті Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім кафедрасы



бет1/4
Дата23.10.2022
өлшемі78,71 Kb.
#154685
  1   2   3   4
Байланысты:
кезеңдеп оқыту сөж


Педагогика және психология факультеті
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім кафедрасы





СӨЖ


Тақырыбы: Кезеңдеп оқыту технологиясы


ОРЫНДАҒАН : Қуанышбаева Аружан
ТЕКСЕРГЕН:Арынова Гүлжанар

Алматы 2022




Жоспары

1. Кезеңдеп оқыту технологиясы -мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде


2. Кезеңдеп оқыту технологиясын бастауышта қалай қолданамын.


Тапсырмалар:


 Кестені толтырыңыз 1. Педагогикалық процесінің компоненттері Кезеңдеп оқыту технологиясы Мақсаты Бастапқы мазмұны Оқытудың формалары Оқыту әдістері Ерекшелігі 


1. Кезеңдеп оқыту технологиясы -мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде

Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас паайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.


Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең оқып үйрену;
ІІ кезең меңгеру;
ІІІ кезең өмірге ендіру;
ІҮ кезең дамыту.
Жаңа педагогикалық технологияның мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технологияның түрлері көп. Оларды пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Соның ішінде айта кететін педагогикалық технологиялардың бірі – кезеңдеп оқыту технологиясы. Кезеңдеп оқыту технологиясы оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдерін оқыту құралдарының жиынтығы ретінде көрсетеді. Бұл оқыту технологиясын педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.А.Қараев «деңгейлеп оқыту технологиясы» деп атап, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мақсатында зерттеді.
Жаңа технологиялар ішінде деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы маңызды орын алады.
Осы технологияны 3 ғалым ізденіп, зерттеген. Олар: Н.П.Гузик, Ж.Қараев, Г.Ғ.Еркибаевалар.
Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынады.

  • «А» – бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.

  • «В» – бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырма ларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» – бағдарламасын қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой-әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.

  • «С» – бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығарма шылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой-әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Өз білімімен мәселелер шешуде оқушыға оның логикалық ойлауын дамытатын мәліметтер беріп оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады. Оқушыға өзін қосымша жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді.

  • «А» – бағдарламасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес келеді.

  • «В» – бағдарламасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді.

  • «С» – бағдарламасы қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.

Әр пәндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының өзімен ойласа отырып жүргізіледі. Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.
Деңгейлік тапсырманың арқасында әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар арқыл оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.
Кезеңдеп оқытудың ерекшелігі: оқушылар кезең-кезеңімен, жеңіл тапсырмадан күрделі тапсырмаға ауысып бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Кезеңдік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетіні, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі.
Кезеңдік, деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, тиісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.
Кезеңдік әдістің маңызы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. Кезеңдеп оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған. 1-деңгейдегі тапсырма мемелекеттік стандарттық деңгей, оны орындауға барлығы міндетті. 2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4 деңгейді шығармашылықпен жұмыс істейтін алатын оқушылар орындайды.
Кезеңдеп оқытудың мүмкіндіктері:

  • Кезеңдеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

  • Кезеңдеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

  • Кезеңдеп оқыту құрылымында білімді иегрудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық күрделенген деңгей, оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Оқушылардың қабілеттерін жоғары деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, жаңа технологияларды пайдалану негізінде одан әрі дамытылуда. Оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік спа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Кезеңдік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой өрісі кеңейе түседі. Оқушыларды бағалау да ерекше, рейтингтік жүйе бойынша жүзеге асады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы үнемі тапсырма орындайды, үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет