Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы бекітемін


-тақырып: Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау



бет25/32
Дата20.06.2022
өлшемі460,5 Kb.
#146832
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
УМКД Білім беру жүй. менеджмент2017

9-тақырып: Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау
Жоспар:
1. Білім беру менеджметінің педагогика ғылымындағы қазіргі деңгейі
2. Білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
3. Менеджерлер іс - әрекеті тиімділігінің критерилері.
Негізгі түсінітер: басқару, менеджмент, теориялар мен тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері.

Білім беру менеджметінің педагогика ғылымындағы қазіргі деңгейі білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім беруді басқару мекемелерінің менеджерлік қызметі (мектепалды тәрбиеден бастап қарттық шартқа дейінгі білім алудың ерекшеліктер) жүргізіледі. Менеджерлер іс - әрекеті тиімділігінің критерилері: тұлғалық, ситуациялық, ықпалдастық (интегративтік), көп деңгейлік, комплекстілік болып бөлінеді. Білім беруді басқару мекемелеріндегі менеджменттің іс-әрекеті қазіргі заманның талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Саралап, деңгейлеп оқыту оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтингтік жүйе бойынша бағлауға мүмкіндік береді. Яғни оқушылардың әр тақырып бойынша қорытынды бағасы оның жинап алған ұпайына сәйкес қойлады. Жинаған ұпайларын оқушылар сабақтың соңында кестеде тиісті нүктемен белгілеп отырады. Осы нүктелердің арасына үздіксіз сызықпен біртіндеп қосса, график шығады. Ол оқушының даму мониторингі деп аталады.


Мониторинг дегеніміз - белгілі бір нәрсенің жай - күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі. Бұл ағылшынның «монитор» деген сөзінен алынған. Мониторингті техникалық құралдардың көмегімен жүргізілетін бақылаудың ерекше түрі деп қарастыруға болады.
Мониториніті жүргізгенде шүғыл түрде белгілі бір ақпараттың көлемін таңдай аламыз және өңдей аламыз.
Мониторинг - бұл педагогикалық үрдіс негізінде білім беру мақсатын таңдаудағы өзекті мәселе мен құралдарын шешу барысында диагностикалық, прогностикалық зерттеудің жағдайын ғылыми негізге сүйене отырып үздіксіз бақылау.
«Мониторинг» деген сөздің өзі Ресейде Чернобль апатынан кейін Чернобльдегі балалардың денсаулық жағдайын бақылау ретінде пайда болды және орыс тіліне сіңіп кетті.
Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикаолық әрекет барысындағы бағалау жүргізіледі. Соның барысында кері байланыс қамтамасыз етіледі. Педагогикалық жүйенің соңғы мақсатына нақты нәтижелер мәлімделеді. Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді.
Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында да әр оқушының өткен материалдарды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұтастағы алған білімнің кең тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап, білім деңгейлерін оқушы өзі бақылап отырады. Яғни оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарын өзі бағалайды.
Мониторингтің ерекшеліктері:
1. оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін, аздау ұпай алғанын байқап, білімдеғі олықылықты жою мақсатында тапсырмалар жүйесін ұсынамыз:
2. шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз тұрғыластырынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады
3. өз зейінін тәрбиелейді
4. білім жүйелігі мен тізбекті айқындайды
5. ойланып оқуға дағдыланады
6. оқушының білім сапасын арттыруға жағдай туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет