Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы бекітемін


-тақырып: Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде



бет22/32
Дата20.06.2022
өлшемі460,5 Kb.
#146832
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
УМКД Білім беру жүй. менеджмент2017

6-тақырып: Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде.
Жоспар:
1. Басқару теориясында қалыптасқан түрлі ұстанымдар.
2. Басқаруды қараудың тұрғылары.
3. Басқарудың негізгі ережелері.
Басқару теориясында қалыптасқан түрлі ұстамдар тұрғысынан білім беру процесін басқарудың логикасы басқаруды қараудың тұрғылары: функцональдық, жүйелік, ситуациялық оңтайландыру және зерттеушілік, білім беру процесіне бағдарлана отырып мектеп басқаруға қараудың тұрғылары: адамиорталықтандырылған тұрғыдан қарау (Р. Х. Шакурова, Т.И.Шамова, Н. В. Немова), мотивациялық тұрғыдан қарау (В. С. Лазерев, Л.М. Перминова, И. К. Шалаев) еңбектерінде көрініс тапқан. Олардың негізгі ережелері де бар.
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару әдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны және сапасына орай, категориялары мен атақ-дәрежелеріне сәйкес жалақы беру);
- әкімшілік - ұйымдастыру әдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б.);
- психологиялық - педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
қоғамдық әсер әдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін ұлықтау). Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару әдістері пайда бола бастады. Оқу-тәрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану тәсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау әдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп әкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тәжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, әр мүғалімге де таныс болуы міндетті.
Басқаруды ұйымдастыру формалары әрқилы құрылым және бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-әдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, ұстаздық мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата - аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Әлеуметтік-психологиялық әдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тәртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі.
Қазіргі педагогика ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі арнайы зерттеулер - мамандардың жоғарғы дәрежедегі іс әрекетін
1. оның технологиялық мәдениеттілігіне байланысты деп санайды.
2. оқу процесі ғалымдар пікірі бойынша тек арнайы кәсіптік білім алу емес, оны қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиелеуіне байланысты деген.
3. қазіргі маман - ол ойлау жүйесі жетілген, қоғам мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым - қатынас жасай алатын, мәдениетті тұлға.
4. көптеген ғалымдар адамның рухани сезімін қалыптастыру үшін қазіргі әлем мен отандық мәдениетке бейімделу керек деп санаған.
5. болашақ мұғалімдерді дайындау мақсатында алдымен мәденитанымдық дайындығын көтеру үшін «жалпы мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа алдымен жауап іздеуіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет