Негізгі әдебиет:
1. Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы. Алматы. 2005
2. Баймолдаев Т.М. Менеджмент - басқару тәсілі. Алматы, 2001
3. Вазина К.Я., Петров Ю.Н., Белиловский В.Д. Педагогический менеджмент (конңепция, опыт работы).-Москва, 1991
4. Лебедева Н.А. Білім берудегі менеджмент. -Алматы, 1998
5. Лебедева Н.А. Білім беру мекемелерін басқаруды жетілдіру. -Алматы, 1996
6. Конаржевский Ю.А. Концепция внутришкольного управления. -Алматы, 1991.
7. Критический анализ теори и практики менеджмента. Пер. с нем. под ред. Почкина
14-тақырып. Білім беру менеджерінің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиеті.
Жоспар:
1. Менеджмент адамдардың ынтымақтастығы.
2. Менеджменттің принциптері.
3. Мұғалімдердің мектепті басқару үрдісінде қатысу заңдылығы.
Негізгі түсінітер: басқару, менеджмент, теориялар мен тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері.
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару әрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:
- Мектеп түрі мен мақсаты;
- Ақпараттық жабдықталуы( оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері. ата-аналар тапсырыстары);
- мамандар, материалдық-техникалық, пспхологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін);
- оқу жоспарының мектептік баламасы;
- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дәрісбаян-тәжірибелік, мектептің әрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды ағымдық және т.б.);
- оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында);
- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық). Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан - ондағы жүйе бірліктерінің әрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дәл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген, әрқилы әдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар - педагогикалық ұжым және оның басшыларының қызметтік іс-әрекеттері (В. А. Сластенин). Мектептердің көбі төрт денгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей - мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кенесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |