Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы бекітемін


-тақырып: Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару



бет26/32
Дата20.06.2022
өлшемі460,5 Kb.
#146832
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
УМКД Білім беру жүй. менеджмент2017

10-тақырып: Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару.
Жоспар:
1. Басқару теориясында қалыптасқан түрлі ұстанымдар.
2. Басқаруды қараудың тұрғылары.
3. Басқарудың негізгі ережелері.
Негізгі түсінітер: басқару, менеджмент, теориялар мен тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері.

Басқару теориясында қалыптасқан түрлі ұстамдар тұрғысынан білім беру процесін басқарудың логикасы басқаруды қараудың тұрғылары: функцональдық, жүйелік, ситуациялық оңтайландыру және зерттеушілік, білім беру процесіне бағдарлана отырып мектеп басқаруға қараудың тұрғылары: адамиорталықтандырылған тұрғыдан қарау (Р. Х. Шакурова, Т.И.Шамова, Н. В. Немова), мотивациялық тұрғыдан қарау (В. С. Лазерев, Л.М. Перминова, И. К. Шалаев) еңбектерінде көрініс тапқан. Олардың негізгі ережелері де бар.


Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға жету және басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару әдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны және сапасына орай, категориялары мен атақ-дәрежелеріне сәйкес жалақы беру);
- әкімшілік - ұйымдастыру әдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру және т.б.);
- психологиялық - педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің әлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
қоғамдық әсер әдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін ұлықтау). Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару әдістері пайда бола бастады. Оқу-тәрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану тәсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау әдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп әкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тәжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, әр мүғалімге де таныс болуы міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет