Сабақ -5 бет Тақырыбы: Сәлем! Сау бол! Күні, айы: а б 0 в қатысқан саны: Қатыспаған саны



Дата07.02.2022
өлшемі195,92 Kb.
#96841
түріСабақ
Байланысты:
0 сын КМЖ 1 токсан







1 сабақ

4-5 бет
Тақырыбы: Сәлем! Сау бол!



Күні, айы:

0 А -

0 Б -

0 В -

Қатысқан саны:
Қатыспаған саны:










Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

0.1.1.1 Сөздегі дыбыс түрлерін ажырату және дұрыс дыбыстау.
0.1.2.1. Ықыласпен тыңдау және соған орай дұрыс әрекет ету (мимиканы, ым-ишараны, қимылды қолдану).
0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану.
0.3.1.1. Ақпаратты сурет, иллюстрациядан табу және сәйкестендіру.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Ықыласпен тыңдайды және соған орай дұрыс әрекет етеді (мимиканы, ым-ишараны, қимылды қолдану). Амандасу, қоштасу үлгілерін ажырата алады, мұғалімнің көмегімен қолдана алады, сөздерді дұрыс дыбыстай алады.
Тәрбиеленушілердің басым бөлігі: Лексикалық тақырып бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын, тақырыпқа қатысты сөйлеу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады. Ақпаратты сурет, иллюстрациядан таба алады және сәйкестендіре алады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Амандасу, қоштасу үлгілерін өмірлік жағдаятта еркін және орынды қолдана алады, дұрыс дыбыстай алады. Амандасу, қоштасу үлгілерінің басқа да түрлерін атай алады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) барысы

ҰоҚ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

ҰоҚ басы
(5 минут)
ҰоҚ ортасы
(20 минут)

(ПК) Тәрбиеленушілердің сабаққа дайындығын тексеру. ҰОҚ-ның басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. ҰОҚ мақсатымен таныстыру. Психологиялық дайындық.
– Қане, балалар ұқыпты балалар қалай отырады екен?
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз

Балаларды презентация арқылы амандасу түрлерімен таныстыру.

(ПК,Ұ) 1-тапсырма.Бала мен үлкен адамның амандасуы,қоштасуы



  • Сәлем! - Сау бол!

  • Сәлеметсіз бе! - Сау болыңыз!

Балалар тыңдайды, хормен және жеке-жеке қайталайды. Қайталау барысында сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады.

(Ж) Тәрбиеленушілер амандасу үлгілерін сыныптағы балалармен және педагогпен амандасу арқылы тәжірибеден өткізеді.


(ПК,Ұ) 2-тапсырма


Балалар берілген суреттер бойынша амандасу және қоштасу үлгілерін қайталайды. Балалар суреттегі әр адамға сәйкес келетін амандасу, қоштасу үлгілерін қолдануы қажет.
Яғни суреттегі екі балаға «Сәлем!»,
«Сау бол!» үлгілері, ал үлкен кісілерге «Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз!» үлгілері қолданылатынын есте сақтайды.
осы тапсырмадағы штрих сызықтарды бастыру және жолдан шығармай сызу арқылы каллиграфиялық нормаларды сақтауға үйренеді.
(ПК,Ұ) 3-тапсырма
Балалар амандасу, қоштасу үлгілерін қайталауға және есте сақтауға арналған ұйқас жолдарын қайталайды. Оны әуенмен айту балалардың жаңа сөздерді жылдам әрі қызықты есте сақтауына ықпал етеді.
Сергіту
Аю,аю, тұршы
Бетіңді жушы,
Шашыңды тарашы,
Айнаға қарашы
(Ұ) 4-тапсырма.
Балалар амандасу және қоштасу үлгілерін тыңдайды, қайталайды. Қазақ тіліне тән ә, ң дыбыстарын қайталайды.

Презентация

Әліппе- дәптер. Аудиодиск:


1.1.1

суреттер

Әліппе- дәптер. Аудиодиск:
1.1.3
Бейнежазба

Аудиодиск:


1.1.4
суреттер

ҰоҚ соңы
(5 минут)

(Қ) ҰОҚ-ны қорытындылау мақсатында педагог балалармен кері байланыс орнатады. Тәрбиеленушілер ҰОҚ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет