Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы бекітемін



бет17/32
Дата20.06.2022
өлшемі460,5 Kb.
#146832
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
УМКД Білім беру жүй. менеджмент2017

ДӘРІСТІК КЕШЕН


1- тақырып. Менеджмент басқару туралы ғылым
Жоспар:
1. Менеджменттің қалыптасып дамуының тарихы.
2. Менеджмент жайлы ғалымдардың еңбектеріне шолу.
3. Психологиялық -педагогикалық менеджмент жайлы түсінік.
4. Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.
Негізгі түсінітер: басқару, менеджмент, теориялар мен тұжырымдамалар, қазіргі менеджмент, менеджмент қызметтері.
«Менеджмент» ағылшын сөзі, латынның «манус» - қол деген сөзінен шыққан, яғни басқару көзқарасы, әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы.
Профессор Л. И. Евенконың сөзінше «менеджмент» - бұл еңбекті, ақылды, басқа адамдардың мінез - құлық себептерін пайдалана отырып, қойылған мақсатқа жету іскерлігі. Менеджмент - орысша «басқару, меңгеру, ұйымдастыру» міндеттері, әр түрлі мекемелердегі адамдарды басқару жөніндегі жұмыс түрі. Менеджмент бұл - сондай - ақ адам баласының білім саласы, өз міндетін жүзеге асыруға көмекші. Соңында менеджмент менеджер сөзі жинағы ретінде, бұл адамдардың белгілі дәрежесі, әлеуметтік топ, олар басқару бойынша жұмысты жүзеге асырушылар.
Питер Ф. Друкер өзінің зерттеулерінде былай деп жазған болатын «Менеджмент қимыл және қолдану ісімен байланысты; оның бақылауы нәтижеге жету болады. Бұл оны әдістер жинағына ұқсас жасайды. Бірақ менеджмент сондай - ақ адамдармен де, олардың құндылығымен де, өсуіне де, дамуымен де ісі бар және бұл оны қоғамдық ғылымға ұқсатады. Сонымен менеджмент өзіне дәстүрлі деп есептейтіні «еркін мамандық», «еркін болу себебі, білім негізінде өзін - өзі тану данышпандық және басшылықпен байланысты», «мамандық» ол сол бір уақытта тәжірибе және қолданбалы ғылым болады».
Бір жағынан қайта құру кезеңіне дейін жұмыс істеген отандық ғалымдардың зерттеулерінде орынды мәселелер аз емес. Мысалы, біздің көзқарасымызша Ф. Дукердің пікірін басшылар жұмысының шығармашылдық бағытымен толықтыруға болады.
Бұл жөнінде Т. И. Шамованың ойына назар аударалық: «Басқару жұмысы шын мәнінде зерттеу жұмысы, егер зерттеуші оны тәжірибеде осындай түсінікте болса, онда ішкі үлкен қорды ашуға болады, оларды босату мектеп жұмысының түпкі нәтижесін жедел көрсетеді». Осы жолдар социалистік дәірде жазылғанына қарамастан, бұл дерек біздерге ақиқат, ол адамдармен жұмыс істегенде басшылар жұмысынан зерттеудің кейбір сапаларын талап етеді, олар басқарушылық мәселелер мен жағдайларды оған тереңірек ұғынуға көмектеседі.
Сол кездегі білім жүйесін басқару саласындағы көрнекті ғалым П. В. Худоминский социалистік дәуірдегі мамандардың басқа сипаттаға көзқарасын қамтып көрсетеді. Олар «Басқару» ұғымы тым жалпылама санға жатады және өте жан - жақты ұғым; ол әлеуметтік басқаруды, биологиялық дамуды басқарады және әр түрлі машина мен механизмдердің түрлерін басқарады - деп жазған болатын.
Осы анықтамадан адамның сөзсіз ұмтылғаны көрініп тұр. Бірақ мынандай болжам тууы мүмкін, ол «әлеуметтік басқаруда» сөз болуы мүмкін. Бірақ «әлеуметтік басқару» ұғымын одан әрі туындыгер былайша сипаттайды: «әлеуметтік басқару, экономикалық басқаруды және қоғамның рухани өмірін қосады. Әрине соңғы білім беруді басқару да жатады, оның басты міндеті - тәрбие түрлерін жас ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ету». әлеуметтік басқару партиялық, таптық сипатта болады.
Біздің көзқарасымызша «ғылыми басқару» және «басқарудың ғылыми негіздері» бөлімдері П. В. Худоминский тым ойдан ала салған. Ол «ғылыми басқару» басқару тәжірибесінің сапасын сипаттайтын кең ұғым, бұл ақиқат өмір сүріп отырған заңдардың талабын іске асыруды қамтамасыз етеді. Ағарту жүйесін ғылыми басқару социалиятік қоғамның табиғи, құрамы бөлігі болғандықтан, басқарушы адам оның барлық бөлігіне, жүйелі жоспарлы, саналы және мақсатқа сай ықпал жасайды. Жас өспірімдерді тәрбиемен қаматамасыз ету мақсатында, олардың әр жақты таным негізінде үйлесімді дамуына және социализмге тән жалпы заңдылық ретінде, тек оқу - тәрбие жұмысының барысындағы бұлардың дене және психикалық дамуының ақиқат заңдылығын пайдалану.
Басқарудың ғылыми негізі - бұл басқару тәжірибесінің ілімдік негізін құрайтын ғылыми білім жүйесі. Қоғамды ғылыми негізде басқаруда орталық бөлімі мен негізі марксизм - ленинизм болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет