2. Қазақ халқының балалар жасын топтастыруы. Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында нендей өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені мынадан: әр жас кезінде өз үй ішінде және құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерініңғ түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас кезеңдерін топтастырып көрейік:
* Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең- нәресте жас кезеңі.
Нәресте жас мынадай 2 кезеңге бөлінеді:
Бесік жасы / туғаннан 7 айға дейін/
3- тен 7-ге дейінгі кезең- сәбилік жас. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысты. Қыздар өбіне аналарына көмектесіп, ұлдар болса әкелеріне көмектеседі.
8-ден 11 жасқа дейінгі жас- періште жасы. Психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда / 1-1,5/ жыл алда келеді. Бұл жас кезеңін періште жас кезеңі деп атау себебі әдет-ғұрыптарды сақтау міндеттелінді.
12 жастан 15 жасқа дейінгі кезең- бозбала жасы. Бұл мезгіл ұл мен қыздардың недәуір есейіп қалған кезі. Үйге қонақ келсе қыздар қонақтардың көзіне көрінбейді, ұлдарды үлкуендермен табақтас ететін.
15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.
Бұл айтылған кезеңдерге қарай сол кезеңдегі бала өзінің ісін соған түгелдей арнап отырған.