Педагогика және психология факультеті


Биогенетикалық заңдылықты тұңғыш рет дәлелдеген зоолог Э.Геккель болды/



бет23/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs

2. Биогенетикалық заңдылықты тұңғыш рет дәлелдеген зоолог Э.Геккель болды/ 1884-1919/. Бұл заңдылық әсіресе ана құрсағында баланың жүйке жүйесінің қалыптасуына қатысты екенін дәлелдеген орыс морфологы А.Н.Северцов / 1866-1986 / болатын.
Балаға тән жүйке жүйесінің негізі – бас миы. Баланың бас миы ана құрсағында едәуір дамып қалса да, туғаннан кейін өз қалпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Мысалы, бас ми қабығы және оның микроскоппен көрінетін 6 қабаты туғанда даяр болмай, кейін қалыптасады. Физиологиялық жағынан алып қарағанда, баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып, тиісті тітіркендірулерге жауап беруге даяр. Бала туғанда көптеген шартсыз рефлекстерімен туады. Әсіресе, балда ему шартсыз рефлексі жақсы дамыған болады. Баланың ана құрсағында психикалық ерекшеліктер көрініс береді ме? Әрине баланың ана құрсағындағы кезеңінде психикалық еркешеліктер көрініс береді. Оған шартсыз рефлекстер дәлел. Ана құрсағындағы орта мен табиғи ортаны салыстыруға болмайды, әрине. Метафорамен айтқанда, бұл екі орта әр түрлі планеталардың өзгешелегімен ұқсастыруға болады. Себебі, бала тамақты да, ауаны да шешесінің тиісті органдарынан ассимиляция ретінде алып тіршілік етеді. Ана құрсағындағы ортаның өзіндік ерекшелігі тек шартсыз рефлекстердің / емшек ему, ауырту т.б. / реттелуіне ғана мүмкіндік береді. Әрине, дамудың осы түрі кейінгі кезде өзінің түрлі нәрселерге үйренуге / шартты рефлекстердің жасалынуы т.б. / дайындықтың бір түрі. 90 жылдары неміс ғалымы Хейнз әйелдің ішіндегі баланы массаж арқылы оқытуға болады деген пікір тастады. Онда бала дүниеге келгеннен кейін физикалық және ақыл-ой жағынан бірнеше есе жақсы дамиды деген қорытындыға келді.
Баланың әр жасындағы көзге түсерлік қозғалыстардың негізі жануарлар дүниесінде де кездесіп отырады. Биогенетикалық заңдылық бала психикасының дамуына әсер етеді.
XX ғасырдың соңғы кезіндегі психологтардың пікірінше / С.Холл, Ж.Болдуин / баланың ақыл-ойының дамуы қоғам дамуының тарихын қайталайды, баланың туғаннан кейінгі жас кезеңдерін аңшы, балықшы, малшы, диханшы, индустрия “жастарына” бөлген.Бұл пікірге орыс психологы А.К. Корнилов қарсы шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет