2. Еңбектеу- нәрестенің сыртқы ортаны тануына қадам жасауы. Бала 7 айға толғанда еңкейіп, қолын жіне тізесін басып отырады. Осымен қатар арқасынан, ішіне, сол, оң жақтарына жатуға жаттыға бастайды. 8 айға толғанда нәресте еңбектеп, бөлменің бір ұшынан екінші бұрышына еңбектейді. Осының өзі үлкен жетістіктің белгісі. Өйткені бұрын өздігінен қорғанып жылжи алмайтын болса, енді өз бетімен қозғалып, қасындағы заттардың өзіне тән қасиеттерімен таныса алмайды. Сөйтіп ешкімнің көмегінсіз қалаған нәрсенің қасиетін білетін болады.
Еңбектеу- нәрестенің тұла-бойының бұлшық еттерінің, органдарының қозғаласын меңгеруге мүмкіндік береді. Сөйтіп, нәрестенің денесі нығаяды, дене мүшелерінің қозғаласын тиісті мақсатқа бағындаруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде 12-айдың ішінде бала өздігінен жүріп кетеді.
Дененің дамуымен қатар өзгелермен қатынас және әрекет үстінде нәрестенің психикасы өріс алады. Кейіннен балада еліктеу формалары көрініс береді. Мысалы, 1 жастағы қыз анасының столды шүберекпен сүрткенін көріп, қолына сол шүберекті алып, кейін өзі сүртетін болады. Еліктеу арқылы нәрестенің үлкендердің ісін қайталауы көбейе бастайды да, сөйтіп, мүмкіндігінше нәрселерді қозғалтып әрекет жасайды. Осының өзі нәрестеде психикалық дамудың үстем алғанын білдіреді.
11-12 айда нәрестенің тілінің шығуына даярлық басталады, әуелгі кезде нәресте малдардың дыбыстарына еліктеп, соны қайталығысы келеді. Мысалы, нәресте қозының “бә-бә” немесе бұзаудың “му-му” деген даусын шығарады. Кейін үлкендердің сөзін тыңдап, өзі сөйлей алмағанымен қасындағылардың сөзін түсіне бастайды. Өзгелердің сөзіне түсіну нәрестенің өзінің сөйлей алуынан бұрын басталады. 12 айда нәресте 10-нан аса сөз біледі. Бірақ ол сөздерден сөйлем құрастыра алмайды. Өйткені оның білетіні жеке сөздер болғанымен, ол дербес сөйлемдерді тіпті одан да көп мазмұнда бейнелейді.
Нәресте кезі психиканың өрістеуінде тым жауапкершілігі мол.
Бөбек жасындағылдардың психикалық дамуы.