Педагогика және психология факультеті


Бөбек жасы кезеңіндегі екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы



бет27/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs

2.Бөбек жасы кезеңіндегі екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы.
Таным процестеріне байланысты бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің бізге таныс емес тілде сөйлеген дауысын естісек, оыған байланысты дыбыстарды ажырата алмаймыз. Бізге сол дыбыстар тек шудан тұратындай болып көрінеді. Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген сөздер тек белгілі тәртіпке бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есту деп атаймыз. Фонематикалық есту әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі дыбыстарды елемеуі. Осықасиет тек бөбек жасынан басталып,олар өз тілінің фонематикалық есту ерекшелігін өзге тілдерден ажырата бастайды.
Ж.Пиаже өзінің шығармаларында мектепке дейінгі жасты, соның ішінде бөбек жасын ойлау операциясына дейінгі жас деп атайды. Бұл жерде Ж.Пиаже “ойлану” деген терминді-, проблемалық мәселені шеше білу ретінде / есеп шығару т.б. / қолданды. Бөбектерде ойланудың тек қарапайым түрлері бар, бөбек жасында нақты ой-әрекеті кездеспейді. Мысалы, бөбек кубиктерден үй құрастырып жатқанда, оның қасына келіп, не істеп жатырсың десең, осыған ауызша жауап беруге қиналып, салған үйін бұзады да, “қара!” деп соны қайтадан салады. Бұл жағдайда ойын нақты іс-әрекет үстінде “қара!” деп жеткізіп отыр. Ал нақты бейне ойы деп заттардың өзін көрмей тұрғанда, олардың бейнесін басында елестете отырып, соған тіректелетін, ойын жеткізуді айтады. Соңғы ой амалы бөбекте күшті дамыған.
Бала бөбек жасының бастапқы кезінде өзін “Мен” дей алмай, көбіне “ол”, не өзінің атымен атайды. Л.Н.Толстой бір сөзінде, ол өзінің есін / өзі жөніндегі және өзгелер жөніндегі оқиғаларды / 2 жасымнан бастап біле бастадым дейді. Бұл қате болар. Өйткені, бөбек жасының аяқ кезінде / 2,5 жастан асқан соң/ ғана балалардың көпшілігінде есі кіре бастайды. Баланың есінің кіруінің өзі – ол үшін үлкен жаңалық. Өйткені есі кіргеннен кейін бөбекте ”Мен” деген қасиет пайда болады. Егер бөбек жасының аяқ кезіне дейінбала есін білмей келсе, кейін “Мен” деген қасиет пайда болмайды. Сананың, яғни естің бөбекте пайда болуы оның тілінің шығып, ойын сөйлеу арқылы өзгелерге жеткізе алуының нәтижесінде пайда болады. Егер адам тіл білмесе / мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес / , онда оның есі мен санасы және “Мен” деген қасиеті де болмас еді.
Бөбекте “Мен” деген қасиет өзін өзгелерден ажырата алудан пайда болады. Бұл үшін бөбек әуелі айнаға қарап, өзге кісілерден өзін ажыратады. Оған дейін / 2-2,5 жасқа дейін / зерттеушілердің айтуынша, бала айнаның бетінде, тек таныс адамдардың бейнесін ажыратады да, өзінің бейнесін айқын сезе алмайды. Сондықтан өзінің бар екенін / тіршілік ететінін т.б. / бөбек жасының аяғына дейін бала ажырата алмайды. Тіл арқылы өзгелермен байланысып, кейін бала үшін сөйлеу қызметі өзін өзгелерден ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, бөбек “Мынау Менмін”, “Мен Бұзаубаймын”- деп осы сияқты сөздерінде өзін өзгелерден ажыратып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет