3. Оқу қызметінің тәрбиелеушілік мәні. Бастауыш мектепте кішкентай оқушыларға беретін теориялық білімдердің деңгейі көтеріңкі, оқушылардың өз беттерімен проблемалық қызмет етуіне, сан алуан байланыстарды, соның ішінде адамның табиғатқа, адамдарға деген қатынасын ұғындыруға бағытталған, жаңа бағдарламалар бойынша жұмыс істеуінде бұл мүмкіндіктер айрықша зор.
Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудегі оқу қызметінің маңызы өте зор.
оқу қызметінде балаларда маңызды-маңызды адамгершілік ұғымдарды қалыптастыру үшін нақты мүкіндіктер бар. Әдебие сабағында, табиғаттану сабақтарында оқушылар адаммен, оның мінез-құлығымен, қылықтарымен, оның адамгершілік қасиеттерімен танысады.
Пайымдай білуді меңгеру. Балардың адамгершілік ұғымдарырының қалыптасуы мен оларды пайдаланудың тағы бір қиыншылығы аңғарылып отыр. Нақты бір жңа фактіде таныс адамгершілік қасиетті танып-білу үшін, адам бұл жаңа фактоіге талдау жасай білуі тиіс. Сыртқы және ішкі жағдайлардың бүкіл жиынтығын бағдарға ала отырып, осы нақты қылықты тудырып отыратын жағдайлардың, себептерддің бәрін ескере отырып, “ пайымдай” білу керек.
Адамгершілік тәжірибе алу. Кез келген танымдық міндетті шешуде түсіну дегеніміз тұтас бір тұлғаның элементтерінің, әр жақтарының арасындағы і зделіп отырған байла ныстарды ашып табу.
Демек, бастауыш мектеп оқушыларына оқу қызметі процесінде адамгершілік тәрбие беру үшін, дұрыс моральдық баға бере білудің қалыптасуы үшін балалар пайымдауға үйренуге тиіс.