2. Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғышарттары. Жеткіншек дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақтағы биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басалып, жыныстық жетілу процесі өркендейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерісренден басталады. Гипофиздің әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне жіне ішкі секрецияның өте мааңызды бездерінің қызметіне қолавйлы жағдайлар жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11 , ер балалар 12-13 жатса жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шыңберінің өсуі – жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар күрт өсу деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дене пропорциясы ересе адамға тән пропорцияға жақындайды.Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншек жасындағы жылдарда омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқынынан қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршікпен толы болады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек бұзулуы 11-15 жаста болады, дегенмен нақ осы шақта мұндай кемшіліктерді түзеу одан да кейінгі кездегіден оңай болады. 20-21 жаста жамбас сүйекткрінің бекуі аяқталады ( қыз балалардың жыныс органдары осы сүйектердің аралығында болады) . Өте биіктен секірген кезде бұл сүйектердің тайып кетуі мүмкін, ал биік өкшелі аяқкиім кигенде жамбастың формасы өзгеріп, мұның кейінгі босану функциясына зиянды әсері болуы мүмкін.
Бұлшық ет күшінің неғұрлым жедел артуы жыныстық жетілудің аяғында болады. Бұлшық еттің дамуы ер балаларда еркектер типінде, ал қыз балаларда әйелдер типінде болады, осыдан келіп әр жыныстың өкілдерінде еркектерге тән немесе әйелдерге тән белгілер қалыптасады, бірақ бұл процестің аяқталуы жеткіншек шақтан өткеннен кейін болады.
Бұлшық ет күшінінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда ересектерге қарағанда жеткіншектің бұлщық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті әлі болмайды, спортпен және дене еңбегімен шұғылданған кезде мұны ескеріп отыру қажет. Мотор аппаратының қайта құрылуымен қатар көбіне қозғалыстардағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады. Алайда 6-7 жастан 13-14 дейінгі шақ – көптеген қозғалыс сапалары оптималды дамитын, қозғалыс функцияларының бірқатар көрсеткіштері жедел артып жетілетін кезең. Сондықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.
Әр түрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды. Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы мен қысымының артуы, бастың ауруы, бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін. Жеткіншек шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гормондары, атап айтқанда, зат алмасудың анализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншек шақ , бір жағынан, энергияның күрт өсуімен, ал екінші жағынан, патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар ( қорқыныш, ыза, реніш ) эндокриндік қолайсыздықтар ( етеккір циклінің уақытша тоқтауы, гипертироздың дамуы ) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Жеткіншек шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншекттің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл-күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыштығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтығының, енжарлануының негізі болады.
Жеткіншек пен ересектің өзара қарым-қатынастары.