Педагогика және психология факультеті


Бөбек жасы кезеңінің өзіндік ерекшеліктері



бет26/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs

1. Бөбек жасы кезеңінің өзіндік ерекшеліктері.
Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде / 3 жастағы кезі / бала ақыл-ойының дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Б.Гудинаф өзінің еңбектерінде бөбек жасына аса көңіл бөледі. Оның ойынша, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы- бөбек /3 жас / жасы дейді. Ал осындай ірі жетістіктерге бөбек аз уақыттың ішінде қалай жете алады? Бұл жетістікке жетудегі себептің бірі / 1 жасқа толғанда / баланың түргелеп жүруі. Тікелей жүруге көшу бірден болмайтынын қазақтың балаға “тұсау кесу” дейтін ырымынан да белгілі. Бұл жетістіктің екінші себебі: әр заттың өзіне тән қызметін ажырату. Егер нәресте жасындағылар әр заттың қандай қызет атқаратынын білмесе, енді ол бөбек жасына көшкенде соның атқаратын қызметінің мәнісін түсіне бастайды. Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін фактордың бірі: оның қарапайым ойындары мен балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі / сызу не үй салу т.б. / Бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтардың сылдарлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің, не машинаның бейнасі екеніне мән бере алмайды.
Бөбек жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып, қасықпен огны тамақтандырады. Ұлға осындай ойыншық ұсынсаң ол одан бас тартып, бұл қыз балалардың қызметіне қатысты, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, “осы менің атым” жүгіретіні кездеседі. Ойынға қатысушылар аю ойыншығы нағыз аюдың өзі емес екенін , ал таяқтың ат емес екенін өздері де жақсы біледі. Бұл сұраққа өздері былай жауап береді: “Біз әншейін ермек үшін ойнаймыз”-деп жауап береді. Ал осындай ойындағы заттарды / ойыншықтарды / өзге заттың символы / не белгісі / деп түсіну бөбектердің фантазиясын, ой-өрісін дамытуға едәуір пайдасын тигізеді.
Бөбек психикасының дамуын одан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар. Осыкезден бастап сөздерден сөйлем құрастыра бастайды. Бөбек 3 жасқа жеткенде 1200-1500 сөз біледі / осыған сәйкес 150-20-ге жуық морфемаларды меңгеруі мүмкін / . К.Чутовский өзінің “Үштен беске дейін” атты кітабында бөбектер қалай сөйлем құрастыра алады және осыған байланысты икемділігі тілші ғалымдардан кем емес екенін атап керсеткен болатын. Оның ойынша бөбектер тіпті ана тілінде кездеспейтін / бұрын айтып көрмеген / жаңа сөйлемдер құрастырады. Мұның себебі бөбек әлі қандай сөздер айтуға болатынын не болмайтынын білмейді. Себебі жаңа сөйлемді бірден естіп, оны қайталап отырған жоқ. Мұндай сәтсіздіктер кейін үлкендердің көмегімен түзетіледі.
Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне де негізделеді. Сондықтан әуелі бөбектің қабылдауы мен елестетуіне тоқталайық. Бөбек жасының бас кезінде / 1,.5-2 жаста / бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарды таныстардан ажырата алғанымен, оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Бөбек әуелгі кезде заттың тек бір қасиетіне, не білгісіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады. Мысалы, бөбек “торғай” сөзді естіп, кейін осы сөзді нақты торғаймен ұшастырады да бұдан соң “торғай” деген сөзді естігенде торғайдың мұрны сияқты ағашты да торғай деп айтатын болған. Себебі торғайдың бейнесін бөбек әлі тұтас ажырата алмайды. Сол сияқты бөбек танысының суретін көргенде оның көшірмесі / бейнесі / демей, сол адамның өзі деп түсінеді. Себебі сол адамды ол танитын болғанымен, оның тек бір мүшесін / мұрнын, не шашы мен көзін / есте қалдырған. Ал бөбектің қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен, ұзындығымен, өңімен, түсімен т.б. танысуға келсек, осылар сол заттың бейнесімен бірге елестетіледі. Әдетте, елестету үзінді / фрагментарно / мен тоылқ болуы мүмкін. Бөбек жасының бастапқы кезінде тиісті зат жоқ болса да, оның бейнесін елестету оның үзінділерінде, не кездейсоқ жағына мән беруге негізделед. Бөбек жасының аяқ кезінде бала “шеңбер”, “төртбұрыш”, “үшбұрыш”, “тік бұоыш”, “көп бұрыш” т.с.с. ажыратып, соларды есінде сақтай алады. Сол кезде бөбек негізгі түстерді / қызыл, сары, көк, көкшіл, ақ, қара т.б. / ажыратып соларды қосымша түстерден айыра батайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет