1. Бастауыш сынып оқушыларындағы қабылдау мен зейін процесінің ерекшеліктері. 1 сыныпқа барған оқушылардың жаңа құрамымен өткізілген сабақтарда-ақ мұғалім олардың зейінін басқару қажеттігіне кезігеді. Мұның өзі мұғалімге оқушылардың, оқу процесінің психологиялық ерекшеліктерін меңгеруіне міндеттейді.
7 жаастағы балалар өте зейінсіз. Олар оп-оңай және тез алаңдайды, мұғалімнің нұсқауларын тыңдауды қояды, естігендерін ұмытып қалады, өз жұмыстарында қатені көп жібереді және де орындап отырған кезде кенеттен басқа іске алаңдауы жиі кездеседі. Олар басқа бір нәрсені ойлап кетеді, тапсырылған жұмыстағы дәйектьіліктен айырылып қалады да, көпке дейін қайтадан зейін қоя алмай отырады. Мұғалім балаларға жаман бағалар қояды, кейбір мұғалімдер тіпті зейінсіздігінен жіберген қателері үшін жазалап та жатады.
Алайда тәжірибе мұғалімнің мұндай шаралармен баланың зейінін жақсарта алмайтынын айқын көрсетеді. Балалардың зейінін басқару үшін оның табиғатын, физиологиялық, психологиялық негіздедрін білуі керек. Сонда балалардың бірден толық қалыптасқан күйіндегі зейінділікті талап ету емес, әуелі балаларды зейінді болуға үйрету керек.
Зейін адамның бір немесе бірнеше тітіркендіргішті адамның жүйке жүйесіне минут сайын әсер ететін тітібркендіргіштер тасқынынан бөл іп алып, сол тітіркендіргіштерге көңіл қоя білуінен көрінеді.
Балалар үшін қайсыбір нәрсеге ұзақ уақыт зейін қоюдың қаншалық қиын екенін бірен ұғыну үшін, жоғары жүйке қызметінің кішкентай балаларға тән ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. Сабақта мектептің кішкентай балаларымен атқарылатын күнбе-күнгі жұмысты зейіннің қай түріне негіздеп құру қажет? Әрине, ырықсыз зейінге. Бірінші сынып оқушыларын мектепте оқытудың алғашқы апталарында балаларға бірер минут дем алдыру үшін, мұғалімге 3-ші немесе 4-ші сабақта аздап үзіліс жасау да ұсынылады.
Бастауыш мектеп оқушыларында бір длминантаның сақталу уақыты да, яғни зейіннің орнықтылығы да көп болмайды. Балалардың қызықты әрі өздеріне ұғымды әңгімені ұзақ уақыт, барынша зейінмен тыңдай алатыны мұғалімнің барлығына мәлім.
Қабылдау- айналадағы ортаның заттары мен құбылыстары адымның сезім мүшелері тікелей әсер еткенде, адамның сол заттар мен құбылыстарды бейнелеу процесі бүкіл дүние тарихының өнімі болып табылады.
Дамуының бастапқы сатыларында баланың қабылдауы әлі мүлдем жетілмеген болады, қабылданатын заттардың бейнелері барынша көмескі және бұлыңғыр болуымен ерекшеленеді. Мәселен, 10-12 айлық бала анасының қауырсындары бар үлкен қалпақ кигенде шырқырап жылай бастайды. 3-4 жастағы балалар да жаңа жылда қасқыр болып
жүрген тәрбиешілерін танымайды. Мұндай бұлыңғырлық пен аумақтылық балалардың қабылдауының өзіне тьән ерекшелігі болып табылады және күрделі әрі онша таныс емес заттарды қабылдаған кезде тіпті 7-9 жастағылар өз мұғалімдерінің бейнесіне оның бетін, шашының түсін, көзін ғана емес, сыныпқа киіп келген көйлегін, аяқ-киімі мен сумкасын да қосады.
Баланың танымының бастапқы сатысы оның күнбе-күнгі практикалық өмірі болып табылады. Баланың заттарды дұрыс қабылдай алуы, байқампаз болуы мынадай іс-шаралар арқылы жүзеге асды:
баланы арнайы қабылдай алу дағдыларына үйрету;
негізгі дағдаларды бала бойында қалыптастыру үшін анализ бен жалпылауды жетілдіру керек;
балалардың жасы неғұрлым кіші болса, анализдеуде олардың психикалық ісі соғұрлым үлкен рөл атқарады;