Педагогика және психология факультеті


Бастауыш сынып оқушысының оқу әрекеті



бет42/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs

Бастауыш сынып оқушысының оқу әрекеті.
Адымның іс-әрекеті тізбек немесе әрекеттер жүйесі, практикалық және ақыл-ой әрекеттері, қандай да мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер жүйесі болып табылады. Ол адамға белгілі және адам оған жетуге ынталы болады. Сондықтан оған жету жолында ол өз әрекеттерін, өз күшін бағыттайды, өзінде бар тәжірибені пайдаланады.
3 жасар бала өзінің белсенділігін танытып, столды кубиктермен ұрғылайды... Анасы оған жәшік беріп, кубиктерді жәшікке қалай салу керектігін көрсетіп, балаға көмектеседі. Оның ретсіз әрекеттері саналы сипатқа ие болады. Енді ол қарапайым еңбек әрекетімен айналысып отыр.
4-5 жастағы қыз бала қораптағы маталардың қиықтарын іріктеп отыр- тәрбиеші баланың көңілін әр түрлі матаға матаның тығыздығына аударады және қыз балаға қиықтарды қалыңдығына, тегістігіне, тығыздығына қарай бірыңғай іріктеуді тапсырады.
Баланың 7 жастан кейінгі жетекші іс-әрекеті оқу болып есептелінеді. Мектеп оқушысы оқу процесінде табиғат әлемімен және адамдардың өмірінен, оның бүгінгі күнімен және өткенімен танысуын жалғастыра береді. Оқу іс-әрекеті мен қатаң тәртіп белгіленген іс-әрекетте мектеп оқушысы хайуанаттар мен өсімдіктер әлемі өмірінің заңдарын, тіл және мөлшер, кеңістік және уақыт заңдарын танып біледі. Оқу іс-әрекетінде қалыптасып келе жатқан баланың жеке бас ретіндегі белгілері қалыптасады, өсіп келе жатқан адамның өзі қоршаған ортаның заттарына, табиғатқа және адамдарға жаңа қатынасы белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет