2. Оқу қызметінің дамытушылық мүмкіндіктері. Балалардың оқу қызметін ұйымдастыра отырып, мектептің шешуге тиісті тікелей міндеті- адамзат игерген және жекелеген ғылымның мазмұнын құратын, оқу пәндерін жинақтауға сійкес келетін, таңдап алынған белгілі білім жүйесімен балаларды байыту. Білімді меңгеру оқушылардан әр түрлі әрекеттердің категорияларын, әр түрлі шамадағы күрделілікті, дербестіктің әр қилы дәрежесін қолдануды талап етеді.
Оқытудың мазмұны ең алдымен белгілі сыныптың оқу жоспарына кіргізілген балалардың әрбір оқу пәндері бойынша меңгеруге тиісті білімдерден тұрады.
Баланың өмірді тануы немесе тікелей оның сезімдік қабылдауы арқылы, болмаса аралық жолмен заттар мен құбылыстарды сөзбен бейнелеу арқылы жүзеге асады. Қоршаған ортаны адамның тану нәтижесі білім болып табылады. Ол 3 түрлі формада өмір сүреді:
елестеу түрінде, яғни қабылданған заттар мен құбылыстардың көп немесе аз көлемде жинақталған бейнелер түрінде;
түсінік түрінде, яғни жалпы мәнді белгілерге ие болатын заттар мен құбылыстардың бір тобы туралы жинақталған білімдер түрінде;
бір зат туралы мәліметтер ( хабарлар ) түрінде.
Мектеп оқушысының оқу ісінің процесінде білімінің жетілуі төмендегідей бағыттар бойынша жүреді:
оқушы меңгеретін елестетулердің, түсініктердің, мәліметтердің көлемі өседі. Олар оқушының жеке-дара тәжірибесін құрайды;
білім анағұрлым дифференциаланған және дәл бола түседі. Біріккен, аз бөлшектенген түсініктер мен бейнелерден оқушы дәлірек білім мен ұқсас білімдерді айыра білуге көшеді.
білім категорияларға, жүйелерге бірігеді.Олар байланыстырушы болып шығады және бөлшектенген қатардан жүйелі құрылған “текке” айналады.
1 және 2 сынып оқушыларының грамматикалық білімдерді меңгеруіндегі терминнің рөлін Ф.М.Званцева ( 1973-1975 ) жүргізген арнайы зерттеу бұл фактордың тиісті ұғымды шапшаң және берік меңгеруге ғана емес, сонымен қатар оқушылардың грамматикалық материалдарды жалпы бағдарлауына тікелей жақсы ықпал етеді.
Бастауыш сынып оқушыларын жаңа бағдарламалар бойынша оқытудың мазмұнындағы екінші бір жаңалық байланыстар / ассоциациялар / жөнінде жұмыс істеу болып тұр. Балалардың таным объектілері шындық болмыстың жекелеген фактілері немесе құбылыстары ғана болмай, сонымен қатар шындық болмысты әр түрлі оқу пәндерінде сипатталатын құбылыстар арасында болатын байланыстар, тәуелділіктер, қатынастар ( пән аралық ) болуға тиіс.
3 сыныпта кбейту және бөлу амалдарын меңгеру жөніндегі есептеу машықтарының ғана емес, бұл машықтардың негізінде жатқан теориялық білімдердің қалыптасуы одан әрі жалғасады. 7-9 жастағы балалар ұғынуға бдолатын бұл қатынастарды меңгеру әрбір тақырыптағы оқып үйренілетін мазмұнның неғұрлым тез және берік меңгерілуін ғана емес, сонымен бірге меңгерілетін білімдердің сындарлы да ұғынылған сипатын да қамтамасыз етеді.