Педагогика және психология кафедрасы 1-курс барлық мамандық студенттеріне арналған Психология пәні



бет5/7
Дата09.10.2022
өлшемі24,24 Kb.
#152278
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 тақырып. Мінез адам тұлғасының қасиеті ретінде-engime.org
157004, 220429, Охрана труда.Ахметова., 3634 informatics
    Бұл бет үшін навигация:
  • Ойын

Еңбек

Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді». Бірақ бұл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілетіні, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алып отыратын болса,-деп жазды ол,- балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды.Ойында бала қандай болса, өскенен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».

Ойын

Қарым – қатынас

Қатынас – адам дамуы, оның жеке дамуы процесінде туындайтын іс-әрекеттің алғашқы түрі. Қатынас іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады, ол адамдардың өзара мәлімет алмасуына бағытталады. Онда ұстанатын мақсат: Өзара түсінісу іскерлік ,жеке қатынасты достықты құру, өзара көмек беру және бір – біріне ықпал етуді көздейді.Адам бір-бірі мен тілдік және тілдік емес мәліметтер мен алмасады. Адамдар арасында жанама қатынастарда тікелей қатынас болмайды. Мәлімет алмасу өзге адамдар, техникалық құралдар, арқылы жүре береді.

Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттауда кеңінен тараған үш түсінік – дағды, іскерлік және әдет.

Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттауда кеңінен тараған үш түсінік – дағды, іскерлік және әдет.


  • Дағдықалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет.

  • Іскерлік - тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді.

  • Әдетбағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс, мәнер, психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет