Педагогика және психология кафедрасы 1-курс барлық мамандық студенттеріне арналған Психология пәні



бет6/7
Дата09.10.2022
өлшемі24,24 Kb.
#152278
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12 тақырып. Мінез адам тұлғасының қасиеті ретінде-engime.org
157004, 220429, Охрана труда.Ахметова., 3634 informatics

Дағдының мазмұндық түрлері

Дағдының мазмұндық түрлері


  • Сезімдік дағдысы (түр – түс тану, балалардын алғаш әріп тануы.)

    Қимыл – әрекеттік дағды (спортсмендер әрекеттерінің бекуі.)


  • Интелектуалды дағдылар(есеп, оқу, жаттау.т.б)

    Шәкәрім Құдайбердіұлы іс әрекет туралы


  • Ойыңа ие бол –ой сөзіңе айналады.

  • Сөзіңе ие бол- сөз ісіңе айналады.

  • Ісіңе ие бол-іс әдетке айналады.

  • Әдетіңе ие бол-әдет мінезге айналады.

  • Мінезіңе ие бол-мінез тағдырыңды шешеді.

    Іс-әрекеттің орындалу аясына қатысты маңызды психологиялық жіктеуде сыртқы (материалды) және ішкі (психикалық, ақыл-ой) әрекет деп ажыратады.

    Сыртқы әрекеттер материалдық аяда, шындықта бар материалды объектермен іске асырылады. Бұл адамның қоршаған ортадан тікелей және үздіксіз өндіретіні. Дәл осы алғашқы көріністі, объективтіні - іс-әрекет немесе мінез-құлық деп атап, көптеген ғылыми салалар, соның ішінде психология зерттейді.

    Ішкі әрекеттер


  • психикалық бейнелеудің идеалды түрінде бейнелер арқылы көрініс береді, яғни материалды емес, «екінші ретті» заттардың көмегімен. Ол объективті психикалық кеңістік пен уақытта емес, идеалды, ақыл-ой жүйесінде, психикада болады

    «Әрекет дұрыс болу үшін, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз» Әл-Фараби.

    Іс-әрекеттік ұстаным .

    Іс-әрекеттік ұстанымның негізгі мазмұны – оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «бағалайды», «синтездейді».





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет