Лекция мәтіні: 1. Отбасылық психотерапия – тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған және отбасының ауру мүшелерінде айрықша көрінетін эмоционалды қайғыруды жою мақсатына жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болап табылады. Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Оның ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне „ауру белгісін көтерушіге”, отбасында тұлғааралық қақтығыстың сипатына, мотивациясына да байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2 кездесу болып жалғасын табады. Отбасылық терапияны жиі төрт кезеңнен қарастырады.
1) Отбасылық анықтау (диагноз), диагностикалық кезеңі;
2) Отбасылық қақтығысты жою кезеңі:
3) Қайта құру кезеңі;
4) Қолдау көрсету кезеңі;
1. Диагностикалық кезең. Отбасылық диагноз түсінігінде, отбасы мүшелерінің жекелік – тұлғалық қасиетін есепеке алу арқылы, қатынастағы бұзылысты типке келтіру. Отбасы қатынасын диагностикалау поцесіне психотерапевтке қосыла отырып, диагностикадағы мәселелі болжамды ұсыну мен тексеруге қатысады. Отбасылық диагностиканың өз алдына ерекшелігі сол, ол барлық кезеңде жүргізіліп, алдын ала психотерапевтік техниканың іріктелуін белгілеп отырады. Екінші жағынан ерекшелігі отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпараттың келесі мүшесімен сәйкестігі, психотерапевттің қатысушылар мінез-құлқы туралы бақылау және сұрау барысындағы қалыптасқан өз әсері де алынады.
2. Отбасы қақтығысын жою. Екінші кезеңде психотерапевт отбасы мүшерімен бір жақты кездесуде отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы мен қайнар көзін табады. Психотерапевт пен отбасы мүшелері арасында тепе-теңдік байланыс орнату нәтижесінде, қақтығысқа қатысушылардың барлығына бірдей түсінікті тілде сөйлеуге үйретеді. Сондай-ақ өзіне делдалдық қызметті алып, қақтығыс туралы бірінен алынған ақпарат көлемін келісу рұқсаты арқылы екіншісіне жеткізіп отырады. Бейвербльды құрамда алынған ақпаратты психотерапевт отбасылық терапияда „роботманипулятор” тәсілін қолдана қарама-қайшылық туғызатын хабарды ым-ишарада көрсете отырып, сезім мен төзімділік ым-мшарасын да байланыстыра өтеді. Отбасылық терапияның осы кезеңінде психотерапиялық жетекші әдістерге жататындар: директивке (тапсырма) жатпайтын психотерапия, жеке тұлғада қатынасқа байланысты саналы меңгермеген тұстары вербльды түрде мақсатталған, отбасы мүшелерінің бір-біріне өзара әсер етуіне арнайы құрастырылған әдістер жатады.
3. Қайта құру кезеңі.Бұл кезең топтық пікірде өтеді, ол отбасы мәселелеріне немесе бір отбасын жеке алып, сондай-ақ қарама-қарсы топтағы ұқсас мәселемен оның туыстарымен алмастыра қарастыруға болады. Бұл топта мінез-құлықтық тренинг өткізілумен қатар, талас сөзді ереже бойынша құрастыруды меңгертеді.
4. Қолдау көрсету кезеңі. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты ролдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын бекіту болып табылады. Кеңес беру мен түзету жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді. Отбасы терапиясы бойынша бөлінген кезеңдер процесті құрылымға келтіреді, диагностикалық көрсеткіштердің мақсаты мен көлеміне байланысты, психотерапиялық әдістердің жүйелі қолдануы негізделеді.
Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын тәсілдер:
1) Үнсіздікті мәнді пайдалану;
2) Тыңдай білу қабілеті;
3) Сұрақтар көмегімен меңгерту;
4) Қайталау;
5) Жинақтау және түйіндеу;
6) Аффект бейнесін нақтылау (ашып түсіндіру);
7) Конфрантация ерлі-зайыптыларда саналы меңгерілмеген белгілер, қатынас және мінез-құлық таптуарындарын қайта өңдеу мен саналы меңгеруге мақсатталған;
8) Ролдерде ойнау;
9) „Жанды скульптура” жасау;
10) Видеотүсіруді талдау;
2.1. Пало Алто мектебі. Пало Алто мектебінің өкілі Джей Хейли, „мәселені шешу терапиясы” әдісінің авторы. Ол М.Эриксон бірнеше тәсілдерді бірге қарастырды. Хейли айтуынша отбасы қатынасына ерлі-зайыптылардың отбасы мүшелерінң арасын бақылау деңгейіндегі күрес болып табылады. Нышаны – қоршаған орта мінез-құлқын бақылау тәсілі. Джей Хейлидің пікірінше психотерапия міндеті әсер етудің басқа тәсілін қолдануына адамдарға мүмкіндік беру.
2. Психоаналитикалық от басы терапия.Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты – қастысушылардың өткен қатынастағы саналы түсінбнеуі емес, бүгінгі шындық негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде өзара әрекетке түсу жағдайы, жеке басының өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағыттағы терапевттер басқаларға қарағанда олар да директивке жақын.