Педагогика және психология мамандықтарының студенттері үшін


Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс



бет49/71
Дата16.04.2022
өлшемі1,5 Mb.
#139626
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
Байланысты:
Tashtauova.OtbPx

2. Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс – отбасы өмірлік циклінің кез-келген кезеңінде кезедсетін дағдарыс, оны өмірдегі жағымсыз жағдайда қобалжу дағдарысы ретінде Р.Хилл үш факторды (отбасы шығатын дағдарысты) бөліп қарастырады:
1. Сыртқы қиындық (жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы);
2. Күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесінде жол апаты, зорлануы т.б.)
3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақатығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)
Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:
1. Дағдарыс жағдайы;
2. Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы;
3. Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көзқарасы, қабылдауы;
4. Отбасы мүшелерінің өзгеруі;
5. Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі;
3. Отбасының маңызды сипаты- оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Рухани қарым-қатынас қызметі – бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі – отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқұн өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.
Сексуалды-эротикалық қызмет – отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамның көзқарасымен қарағанда маңызды болып, отбасы, сонымен қатар, отбасы мүшелерінің сексуалды-эротикалық мінез-құлығын реттеуді қоғамның биологиялық ұдайы өсуін қамтумен іске асырады.
Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері мен басқалар жағынан кедергі келтіруі).
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.
Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Отбасы динамикасын тіршілік кезеңінің 5 сатысымен көрсетуге болады:
1 – некеге отыру кезінен бірінші баланың тууына дейінгі отбасының пайда болуы;
2 – балаларды дүниеге әкелу және тәрбиелеу;
3 – отбасының тәрбиелеу қызметін орындауды тоқтатуы.Балаға еңбек етудің басталуынан ата-ана қамқорлығында балалардың бірде біреуінің қалмауына дейінгі кезеңді қамтиды;
4 – балалар ата-аналарымен тұрады, және тым болмағанда солардың ішіндегі біреуінің жеке отбасы жоқ.
5 - ерлі-зайыптылар жалғыз, не болмаса жеке отбасылары бар балаларымен тұрады.
Жас отбасылардың көпшілігі ерлі-зайыптылық өмірлерінің басында-ақ ажырасып кетеді. Мұндай некенің ажырасуының негізгі себептері – ерлі-зайыптылық өмірге дайындықтарының жоқтығы, тұрмыстық жағдайға қанағаттанбаушылық, үйлену тойынан кейін тұрғын үйдің болмауы, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасына туысқандарының араласуы болып табылады. Отбасының тіршілік қарекетінің бұзылуының негізгі себептері - балаларының дүниеге келу кезеңінде, біріншіден, ерлі-зайыптылардың қол тимеушілігі, олардың қатты күш салуы, екіншіден, рухани және эмоционалды қарым-қатынастарының қайта қалпына келтіру қажеттілігі болып табылады. Нақ осы кезеңде көбінде эмоционалды «сууының» түрлі көрінісі байқалады: ерлі-зайыптылық опасыздық, сексуалды дисгармония, «серіктестік сипатындағы көңілі қалу», «басқа адамға ғашық болу» деген сияқты себептерден болған ажырасу. Отбасының тіршілік қарекетінің негізгі бұзылуы тәрбиелеуде болған қиындықтармен байланысты болып келеді. Отбасы тіршілік қарекетінің соңғы кезеңі - олардың соңғы балаларының өз бетімен еңбек етіп, жеке отбасын құрған кезеңімен байланысты. Отбасы тәрбиелеу қызметін тоқтатады. Нақ осы кезде әрекет етуді жалғастыру көбінесе балалардың қарсылығын тудырады. Отбасының күнделікті тіршілігінің біршама айқын өзгеруі жас ерекшелікке байланысты. Жеке күштің біртіндеп азаюы тұрмысты бұрынғы қалпына келтіру рөлін шарасыздықтан арттырады, демалу аса маңызды болып табылады. Ерлі-зайыптылардың денсаулық жағдайының төмендеу салдарынан денсаулық мәселесі бірінші жоспарға шығарылады. «Әжелер» мен «аталардың» жаңа рөлі немерелерінің алғашқы жылдарында көп күшті талап етеді. Жоғары буын ұрпақтарына қарауды басқаға жүктеу мәселесі туады. Еңбек қызметінің соңы, зейнеткерлікке шығу, тарылу шеңберінің мүмкіндігі – осының бәрі, негізінен балалар жағынан сыйлау, мойындау қажеттіліктерін күшейтеді. Бұл қарым-қатынастың өзіңе қамтамасыз етуі, өзіңнің керектігіңді сезіну және маңыздылығы бұл кезеңде маңызды рөл атқара бастайды. Өмірлік кезеңнің маңызды уақытында отбасында өмір сүрумен байланысты туындаған қиыншылықтар, сонымен қатар біреу отбасы тіршілігін бұзған жағдайда туындаған мәселелер (ұзақ мерзімдегі бөліну, ажырасу, отбасының бір мүшесінің дүниеден өтуі, ауыр науқастану және т.б.) отбасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Отбасылық психотерапияның бірден-бір маңызды көзқарасы бойынша бұзылудың салдары – бұл дара тұлғаның психикалық денсаулығына қолайсыз кері әсер ету болып саналады (психологиялық жарақаттану әрекеті). Невроздар біршама таралған нервтік-психикалық бұзылушылықтың біріне жатады. Олардың тууы және жалғасуы биологиялық, психологиялық және әлеуметтік әсерлердің кең шеңберінде ескертіледі. Невроздар этиологиясындағы отбасының рөлі кең көлемде расталған. Жоғары дәрежедегі неврозбен ауыратын адамдардың науқастанушылығы оның тәрбиенің түріне, ерекшелігіне байланысты тәрбиеленген жағдайына байланыстылығын көрсетеді. Осымен қатар, ата-аналық отбасының әсері ұзақ уақытта пайда болып және дәл сол уақытта жеке тұлға өзінің жеке отбасын құрған кезде ұмытылып кетеді. Отбасының тіршілік қарекетінің бұзылуы кезіндегі ұзақ уақыттағы нервтік-психикалық (эмоционалды) қызбалық – бұл невроздың маңызды себептерінің бірі болып саналады. Отбасылық психотерапияның мақсаты – отбасындағы жеке тұлғалардың арасындағы қарым-қатынасты түзету және эмоционалдық бұзылушылықты жою болып табылады.
4. Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.
Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.
Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.
Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген:
1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар.
2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар.
Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды.
Ал И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:
1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;
2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;
3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.
Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын аса тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамайақ көзге түскісі келеді, егер мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып, өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өскен баланың психикасы жарақатталып, қиын балалар санының қатарына қосылады.
Сондықтан «Қиын бала қайдан пайда болды?» - деген сұраққа жауап бермес бұрын, отбасымыздағы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіріп алғанымыз дұрыс сияқты. Алайда, бұрынғы ата-бабамыз мұра қылып қалдырып кеткен отбасындағы баланы тәрбиелеу стильдерін қайта жаңғыртатын болсақ та қателеспеген болар едік. Бұл қоғамдағы, отбасындағы көптеген мәселелердің шешілуін біраз жеңілдететіні сөзсіз деп ойлаймыз.
Сонымен балалардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Бала мектепке келген кезден бастап оқушы - мұғалім және оқушы-оқушы арасында қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай қарым-қатынасты орындау оқушыға бастапқыда қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық балаларға қойылатын талаптары да көзқарастары да бірдей болуы керек. Дегенмен де кейбір мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және сүйікті емес оқушылары да (гадкий утенок) болады. Бұл мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас орнатуын аса қиындатады. Өйткен мұғалім өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып, қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама тырысқанмен шет жақта қалып «Мен қанша тырысып айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер қалыптасып, оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әкеледі.
Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келгенде оның ойында оқуға деген қызығушылық әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы біртіндеп қалыптасады деген.
Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп жазған: «Қызығушылық-бала қылығын итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана тұлғаның іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып және бағдарлап отырады».
Ал, мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек.
Ал оқушының оқуға қызығушылығын тудыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады.
Бала білімінің бастапқы іргетасы бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш сыныпта сабақтың бір элементтерін түсінбеуі оқуда қиындық тудырады, ал оқу бағдарламасы сыныптан сыныпқа ауысқан сайын күрделене береді, бұл баланың оқу үлгерімі нашарлап, сабақтан қашу, сабаққа келмеу және т.б. әрекеттері арқылы көріне бастайды.
Г.М. Минковский, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, В.Н. Кудрявцев зерттеулерінде қиын балалардың басым көпшілігі - мектептегі оқуда қиындықтарға кезігіп, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай, ұжымнан тысқары қалып қалған балалар, -деп атап көрсетті.
Белгілі ғалымдар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген.
Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады:
1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;
2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.
Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті.
Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні ата-аналар мұғалімдер не тәрбиешінің тәрбиесі деп санайды. Тәрбиенің түп негізі бала дүниеге шыр етіп келегеннен кейін басталады. Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос уақытында не істеп жүргенін, қайда барып, немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі қаншама. Сонымен бірге, өсіп келе жатқан жас ұрпақ сыпайылық, мейірімділік танытпай қатігездігі байқалып жатса «Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен үйреткен емеспін» деп таң қаламыз. «Не ексең, соны орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған, балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік аса қажет деп ойлаймыз.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты, балаларды заманымызға сай етіп оқытып-тәрбиелеу үшін педагогтарға кәсіби және жеке тұлғасына талаптар қойылады (жоғары білімді, іздемпаз, жаңашыл, креативті және т.б. Педагогтың жұмысы табысты болуы үшін әрбір баланың психологиясын жақсы білуі тиіс. Егер де бала мұғалімнің тілін алмай жатса, бұл қиын бала деген жаңсақ пікір қалыптасып, психологтың кабинетіне баруды нұсқайды. Бірақта бұл жағдайда бала мүлдем қиын бала емес шығар, мәселенің түп тамыры педагогтың өзінің жеке басына қатысты болуы мүмкін, яғни, педагогтың оқушылардың психологиясы туралы ақпараттардың таяздығынан оқушылармен жұмыс істеуде біршама қиындықтарға кезігеді.
Сондықтан да, кез келген педагог «Қиын бала кім?», «Қандай балаларды қиын балаларға жатқызуға болады?», «Қиын балалармен атқарылатын жұмыс түрлері» және жалпы қиын балалар туралы ақрпараттарды білуге міндетті
Ол үшін педагог психологпен бірлескен іс-әрекетте жұмыстар атқарып, педагогтың психологиялық білімін жетілдіруі тиіс. Жоғарыда ғалымдардың зерттеулерінде айтылып кеткендей, қиын баланың пайда болуын отбасы және мектеп тәрбиесімен байланыстырады. Сондықтан қоғам, мектеп және отбасы үйлесіп, бірігіп жұмыс істегенде ғана жұмысымыз тиімді болатынына еш күмәнім жоқ.
Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет