Педагогика және психология мамандықтарының студенттері үшін


Азаматтық хал-ахуалды таңдау



бет46/71
Дата16.04.2022
өлшемі1,5 Mb.
#139626
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71
Байланысты:
Tashtauova.OtbPx

Азаматтық хал-ахуалды таңдау. Қазіргі қоғам өз азаматтарына өмірдің кез-келген саласынан еркін таңдау жасауды ұсынады. Ер адамдар мен әйелдер өз отбасылық жағдайын таңдауда АХАЖ органдарында ресми тіркелмеген неке қазіргі қоғамда кең таралып келеді. Ер адам мен әйелдің арасындағы мұндай қарым-қатынастардың түрі ашық болып, ешқандай материалдық және моральдық міндеттемелер жүктелмейтіні туралы көзқарас қалыптасты.
Ресми неке – адамдардың өз азаматтық жағдайының еркін таңдауының нәтижесі, толыққанды отбасын құрудың классикалық үлгісі болып қалатын ер адам мен әйел арасындағы заңды жолмен тіркелген қарым-қатынастар. Қатынастардың бұл түрін таңдаған кезде ерлі-зайыптылар өздеріне өзара моральдық және материалдық міндеттемелерін артады. Толыққанды отбасында туған балалардың әлеуметтік жағынан толық қорғанысының айқын кепілдіктеріне ие. Некеге тұрғаннан кейін әдетте, әйел жұбайының тегін алады.
Соңғы жылдары ерлі-зайыптылардың міндеттемелері мен құқықтары сонымен қатар, қарым-қатынастардың материалдық жағы сөз етілетін некелік келісім-шартын жасау тәжірибесі кең таралып келеді. Бұл құжат әділет органдарында тіркеледі және оның заңды күші бар. Ажырасу жағдайында ерлі-зайыптылардың қатынастары осы құжаттың негізінде реттеліп, осыған байланысты көптеген мәселелерден құтылуға көмектеседі. (мүлік бөлінісі, балалармен қарым-қатынас, материалдық көмек) және т.б.
4. Отбасында балалардың дүниеге келуі бұл— ерлі-зайыптыларды оларға деген ортақ махаббат пен қамқорлық сезімдері байланыстыратын ең маңызды уақыт. Бірақ мәселе тек қана баланы асырау мен киіндіруде емес. Ф. М. Достоевскийдің мынадай бір мәнді айтқан пікірі бар: «Адамның өмірінде балалық шақтан алып өткен жылы, ашық, мейірімді естеліктерден басқа маңызды, керекті, пайдалы ештеңе жоқ. Ол отбасында қалыптасып, ауыр сәттерде көмегін тигізед». Тек қана тату отбасы баланың жеке басына игілікті ықпалын тигізе алады.
Ата-аналардың баланың жеке басын қалыптастырудағы ықпалы әсіресе, оның өмірінің бірінші жылдарына келеді. Ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынастар нақышы әдетте жас өспірімдік жасқа қарай қалыптасады мысалы: сенімділік немесе түпкілікті бақылау негізіндегі қамқорлық немесе достық қатынастары.
Балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың мінез-құлық үлгісі:
Демократтық ата-аналар баланың мінез-құлығындағы дербестілік пен тәртіптілік қасиеттерін бағалайды. Олар балаға оның құқықтарын шектемей, сонымен бірге міндеттемелерін орындауын талап етумен қатар, өмірдің кез-келген салаларында дербестілік танытуына құқық береді. Жылы сезімдер мен саналы қамқорлыққа негізделген бақылау, жасөспірімдерді онша өршелендірмей, оны жиі неге белгілі бір нәрсені дұрыс не бұрыс істеу керек деген түсініктемелерге еліктіреді. Есейгендіктің мұндай жолмен қалыптасуы әдетте күйзеліссіз және тартыссыз өтеді.
Өктемшіл ата-аналар жасөспірімнен сөзсіз бағынуды талап етіп, және өздерінің тыйым салу мен нұсқауларының себептерін түсіндіруді қажет деп санамайды. Олар баланың өмірін толық қадағалап, сонымен қатар мұны әдепсіз де жасауы мүмкін. Мұндай отбасыларда тәрбиеленетін балалар әдетте тұйықталып, ал ата-аналармен қатынастары жуықтаудан гөрі алыстайды. Егер жоғары дәрежедегі талап пен бақылау балаға деген эмоционалды суық қатынаспен қатар келсе, онда жағдай тым асқынады. Мұндай жағдайларда қатынастың толық жоғалуы сөзсіз. Қатал және енжар ата-аналары бар балалардың тағдыры тым ауыр болады. Олар адамдарға сирек сеніп, қатынас жасауда қиындық көріп, жиі қаталдық танытады. Жасөспірімдер бүлікшілігіне қарамастан, олар ата-аналарын тірек ретінде қажетсініп, бағдар жасауға болатын ересек, жауапты адам қылығының үлгісін көруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет