Педагогика кафедрасы



бет5/9
Дата05.11.2016
өлшемі2,69 Mb.
#1077
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс 10 Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы. (XV-XVIIIғғ. Қазақ хандығының кезеңі) Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп, педагогикалық ойлар

Ерте заман Қазақ хандығының құрылу

11.VІІ-ХV ғасырлардағы педагогикалық ойлар Қазақстандағы педагогикалық ойлардың рудеминтарлық негізде дамуы

Ежелгі Түрік жазба ескерткіштері. Дешті-Қыпшақ мемлекетіндегі мектеи жэне тэрбие. Араб Халиф мектебіндегі тэрбие (медресе, ақылы мектептер) Абу Райхан Бируни, Абу Али Ибн Сина.

Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің дамуы. Ежелгі түркілердің жазба естеліктері. Әл Фараби мұрасы. Мұсылмандық мектептер, медіреселер. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар. Қорқыт ата, Баласағүн, Қашқари, Қожа Ахмет Иассауй. КӨНЕ ТҮРІКТЕРДІҢ ЖАЗБА МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

Көне түріктердің жазба мәдениеті және әдебиеті.

¥зақ уақыт бойы еліміздің жазба мэдениеті тарихы тереңнен тарқатылмай қазақтар үш-ақ әліпбиді: араб, латын және кирилицаны ғана білетін секілді үғым қалыптастырылған-ды. Бүгіндері түркі тілдес халықтардың жазба мәдениеті тарихы ерте замандардан бастау алатындығы айқындалып, бабаларымыз бір емес, бірнеше әліпбиді меңгеріп, оны өздерінің экімшілік, дипломатиялық, діни жэне жеке басы қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланып келгендіктері белгілі болды.

Түрік тілдері тарихындағы ең алғашқы жазу - сыртқы нүсқасына қарай «руникалық» немесе табылған жеріне қарай «Орхон-Енисей жазуы» деп аталған жазу. Бүдан өзге көне түрік тайпалары соғды үйғыр, манихей, брахми, эстрангело, тахар жазуларын да білген.

Руна - бүл дыбыстық жазу оның курсиві жоқ, жеке таңбалар бір-бірімен байланыспай жазылады. Фонетикалық жағынан алғанда руна жазуы түрік тайпаларының тіліне барынша бейімделген, әрі дыбыстық ерекшелігін дэл бере алады. Әрбір дыбыс бір немесе бірнеше таңба арқылы беріледі, руна жазуының кейбір таңбалары пиктографиялық сипатқа ие.

Руна эліпбиінде, аймақтық және хроникалық нүсқаларын есепке алғанда 40-тан аса таңба бар. Оқылуы - оңнан солға қарай.

Руна жазуының таралу аймағы деп осы жазу үлгісі бар ескерткіштердің мэлім болған жерлерін атаймыз. Мүндай аймақтар - Сібірдегі Енисей, Лена өзендері аңғарлары, Монғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы Ертіс пен Іле қойнауы. Руна тектес жазуы бар ескерткіштер хазар мемлекетінің территориясы - Еділ, Дон өзендері бойы және солтүстік кавказдан да табылған.

Жазудың жазба мэдениетінің көне түріктерге дейін де болғандығын б.з.д 176 ж. ғүндардың билеушісі Модэнің Қытай еліне хат жолдауы жайлы мәлімдейтін қүжаттар және «Есік» қорғанынан табылған күміс тостағандағы жазу да көрсетіп отыр.

Б.з.д. 5 ғасырда жазылған сақ дэуірінен қалған күміс тостағандағы жазба мүра төңірегінде кезінде көп талас-тартыс жүрген. Дегенмен, осы сақ жазуының негізінде, әрі оның көне түріктер руникалық таңбаларына үқсастығына қарап, белгілі түріктанушы ғалым А.Аманжолов төмендегідей қорытынды жасайды:

1) Түркі тілдес тайпалар бүдан 2500 жыл бүрын эліпбиі бар жазуды білген жэне кеңінен пайдаланған.

2) Көне түрік руникалық жазуы арғы ата-бабаларымыздың 1500 жыл бойы, яғни б.з.б. 5 ғасырдан бастап б.з. 10 ғасырына дейін қолданған төл жазуы.

Көне түріктер руна жазуын қүлпытастарға, түрмыстық заттарға, үй қабырғаларына өз ойларын жазғанда, сондай-ақ қолжазбалар, хаттар әзірлеуде қолданған.

Руна жазуы ескерткіштерін алғаш рет 1721-1722 жж. Сібірден Д.Г.Мессершмидт жэне Ф.И.Страленберг экспедициясы тапты.

ӘЛ-ФАРАБИ

Жоспары:


1.Өмірбаяны

2.Еңбектері

3.Еңбектерінің тәрбиелік мәні

1. Әбу Насыр Мүхаммед Ибн Ұзлағ. Тарлзан Әл Фараби (870-950ж) ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, милвист, логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысы жеріндегі көне Фараби қоласында туған. 20жасына дейін сонда оқып тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бұхара Хиуа жэне мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб холифатының саяси, мәдени орталағы -Бағдатта тұрған. Арабтың мэдениеті мен ғылымы дэуірлеген шақтасонда оқып, білім алып, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Өмірінің соңғы жылдарын Кайрда, Алеппода, Дамаскіде өткізген.

Фараби есімі дүние жүзіне мэдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын эалады. Оны шығыстың Аристотелі деп атаған. Артында қалған ғылыми мүрасы өте мол. Екі жүз қырыққа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын - философиямен логилканы, математика мен физиканы, минерология мен лингвистилканы, медицина мен музыканы қамтиды. Осынау үлан-ғайыр еңбектерінің ішінде философия мен элеуметтануды, этика мен эстетилканың проблемалары үлкен орын алады. Фараби шығыс перипатетизімінің аса көрнекілі өкілі, араб тілінде әлемге тарағанпроцессия қоғамдық философияның негізгі салушылардың бірі. Ол философияның, логиканың, әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың әр түрлі саласына сан түрлі үлес қосты. Этика Фараби мүрасының ішінде үлкен оръш алды.

Этиканы ол алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қаралды. Сондықтан оның этика жөніндегі жақсылық, мейірбандық, категориясы басты орын алады. Жақсылық мазмұн-мағынаның бір бөлігі сондықтан ол материалдық өзінде бітіп қайнап жатыр. Ал жамандық жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден пайда болған дейді. Ұлы ғалымның осынау этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі. Ол адам бжаласының жаратылысынның, бүкіл жан иесі атаулының билік шақтығы, сондықтзан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мүратына жетеді деп қарайды. Фараби бүл салада жасаған қорытындысының басты түйіні - білім, мейірбандық, сүлулық үшеуінің бірлігінде, Фарабидің гуманистік идеялары элемге тез тараған. Ол ақыл мен ой білімінің биік мәнін халықтар арасындағы туысқандық, достықтың принциптерін егіле жырлады, адамгершілік, мораль мэселесін дінге түрғыдан берілетін енгізу екенін көрсетеді. Гиторика, поэтика, өнер, музыка т.б. жөніндегі еңбектерінде айтылған көркемдік-эхстетилкалық көзқарасты әлі күнге мәнін жаймаған. ¥лы ойшылдың көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен, шеңбері кең. Эстетика мәселесі жөнінде айтқан соңғы пікір тың идея, батыл түжырымдар, оның көптеген шығармаларында кездеседі.

Музыка зерттеу саласында Фараби аралы шығармаларымен қатар «Музыка туралы үлкен кітап» атты іргелі кесек еңбек қалдырды. Бүл жүмыс музыкалық жүмыстың сипаты мен қүрылымынан бастап, музыкалық поэзиямен байланысқанға дейінгі «Музыка ғылымының» мэселелеріне ғана арналмай, музыканың жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тэрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығару қабілеті, дарындылығы дәрежесінің әр түрлі сатысын көрсетті, адамның жан дүниесіне жақсы, жаман эсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады.

Адамды жетіле түсуге , бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби әділеттілікті халықтдар достастығын насихаттауда, мэдениетті ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары, оның өз заманындағы шығыс елдерінің философы.

2. Фарабидің, логикалық-гнесеологиалық, әлеуметтік-этикалық, эстетикалық-теориялық т.б. пікірлерімен жететанысу оның сан салалы мүраларын, оның ғылыми түжъірымдары өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық, этикалық ой-пікірін және өнердің дамуына ықпалын тигізді, Фараби өз алдына жеке-дара, түрған үздік ойшыл, ғалым болды.

Әл-Фараби Аристотелъдің ғылыми мүраларын жан-жақты зерттеп, өзінің ғылыми еңбектерінде адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіреттілігін дәріптейді. "Қайырлы қала түрғындарының көзқарасы", "Бақытқа жету" тағы басқа шығармаларында ғылымды меңгеруді бүл дүниедегі бақыт, кемел табудың қажетті шарты деп санайды. Ол өз заманындағы ғылымдардың барлық салаларынан эсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мүра қалдырды, трактаттарында, адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, тәрбиелерін адамды ақылдылыққа үйретіп, еңбекке үйретіп баулудың, күнделікті өмір сүрудің тыныс-тіршілік қүралы - деп түжырымдайды. "Бақытқа жету" атты еңбегінде, жас үрпақ тәрбиесі, жеке бала тэрбиесі, тіпті кейде жеке адам тәрбиесі, жастар тәрбиесі, жас жүбайлар тэрбиесі жайлы жан-жақты үлағатты үғымдар, трактаттар, өсиеттер, үлгілі-өнегелі сөздер, пікірлер біздің заманымызға дейін сақталып, ол үрпақтан-үрпаққа беріліп, халықтық педагогиканың қазынасына айналды. Онда тэрбиенің педагогикалық мақсат, міндеті, оның философиялық негізі баяндалып түжырымдалады. Оның ойынша бақытқа жету басы - таза еңбек, адал еңбек, (ой толғанысы) болып есептеледі.

Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тэрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп түжырым жасады. Ол өзінің "ғылымдар тізбегі" немесе "ғылымдарды жіктеу" деген еңбегінде сол кездегі ғьілымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі.

Олар: 1-Тіл білімі жэне оның тараулары; 2-Логика жэне оның тараулары;.3-Математика жэне оның тараулары; 4-Физика жэне оның тараулары; 5-Азаматтық ғылым жэне оның тараулары, заң гылымы жэне дін гылымы. Әл-Фараби педагогика ғылымын -Азаматтық ғылымға жатқызған. Ол Азаматтық ғылымды - оның саласы педагогиканы оқу, білім алу тәрбиенің құралы деп есептеген. Еңбек ету, саналы болу, адамгершілік, ақылдылық - табиғаттан туындауы шарт деген түжырым жасады Фараби адамның өзі табиғат, адам - жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысына көтерілген, еңбек қүралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей білетін сапалы белгілі бір ортаның мүшесі. Сол кездегі түсінік бойынша, Фарабидің орта деп отырғаны бүгінгі қоғам болса керек.Адам туралы материалистік бағытты ұстаған Фараби - адам еңбек ету нэтижесінде жоғары сатыға көтерілді деген түжырымға келді.

Аристотельден кейінгі дүниежүзілік білім мен мәдениеттің "екінші ұстазы" болған Әл-Фараби Аристотельдің шығармалары жайында көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Осы түрғыдан қарай отырып білімді, ол философиялық категория деп қарады. Білім, Фараби еңбектерін негізінен алсақ -философиядағы бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мэдениетінің, рухани. қазынасының жиынтығы Фарабиден кейінгі ғалымдар, эсіресе философ, педагог ғалымдар, айналадағы дүниені жан-жақты зерттеп, заңдылықтарын ашып игерудің-нәтижесінде қоғамдық өмірдің даму сатыларына сәйкес адамдардың іс-әрекеті мен тэжірибесінде айқындалып дэлелденген белгілі жүйедегі ұғымдар дүниесі деп білімге түжырымды анықтама берді. Мысалы, Ыбырай мен Абай Фарабидің білім туралы трактаттарын жетілдіре, дамыта . отдырып - білімді еңбектің, еңбек тэрбиесінің тәжірибелік, өмірдегі, күнделікті тіршіліктегі іске асырылған жемісі деп түжырымға келді.

3. Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деді; Ол ғылымды тарихи процесс деп түсініп, ғылым-жүйелі түрде қүрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама жасады. Фараби өмір сүрген дәуірде педагогика ұғымы болмағаны белгілі. -Алайда, ол ағарту-оқу мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады, Еңбектің өзі өнер - еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігінс үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады - деген болатын Фараби. Ол еңбектің өзін қоғамдық өмір сүрудің негізі адамзат тіршілігінің мэңгілік, табиғи шарты деп қарастырды. Фараби еңбек процесінің бағыттарын белгіледі. Ол мақсатқа сай қызмет, яғни, еңбектің өзі, еңбек заттары мен құралдары. Адам еңбегі бағытталған нэрсенің бәрі еңбек заттары деп аталады. Оның еңбек туралы бүл түжырымдарын күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан ғалымдар бар.

Еңбек тэрбиесінің теориясын жасауда Аристотель негізін салған теориясын анықтамасына сүйенеді. Демек, ол қандай да болсын қүбылысты түсіндіруге бағытталған үғымның, идеяның, белгілі бір саласының мәнді байланыстары мен заңдылықтары жөнінде толық түсінік беретін ғылыми білімді қорытудың ең, жоғарғы формасы деген қағиданы үдайы басшылыққа алып отырды. Осы негізде алсақ, еңбек тэрбиесінің теориясын Фараби -"Өзінің ішкі қүрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын бір түтас білім жүйесін қүрайды деп түжырымдады. Педагогикалық түрғыда қарастырсақ бүл түжырым оқушыларға сапалы тэртіп, сапалы білім беріп, пайдалы қоғамдық еңбекке баулу - деген сөз. Фараби еңбек тэрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің адамның жан-жақты дамуы үшін маңызды еңбек үшін маңызы зор екенін көрсетті.

Өз заманындағы білім-ғылым, өнерден, оқу-тэрбиеден Әл-Фарабидің із қалдырмағаны жоқ деуге болады. Одан-қалған ғылыми еңбектің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылымдар саласына бөлетін болсақ, олар: математика, логика, музыка, астрономия, дэрігерлік, лингвистика, поэзия-риторика, педаго-гика (Фараби заманында ағартушылық ғылым деп аталған) оның пікірінше, оқу-тэрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершілік жэне еңбек тэрбиесіне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғышарты етіп алады. "Тәрбиені неден бастау керек","Философияны үйрену үшін не білу керек"' деген еңбегінде, ғылымды оқу-ағартуды меңгеру, білім-тэрбие алу, еңбекке үйрену, философияны меңгеру үшін адамның ар тазалығы, оның жеке басының тазалығын, еңбек сүйгіштігі мен қызығушылығын бірінші орынға қояды. Осыдан келіп, мұның барлығын медңгеру тэрбие эдістеріне байлаысты екенін ғылыми тұрғыда дэлелдейді. Осы негізде ол, оқыту мен тэрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Ғылымдар тізбегі, "Ғылымдардың шығуы" атты еңбектерінде Фараби ғылымдарын үйрену, үйрену реттерін белгілейді және тэрбиенің оның ішінде еңбек тәрбиесінің тарихи тағылымын, үлесін, болашақ үрпаққа өнеге, тәлім етіп қалдырады.

Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін, ұстаздық жасайтын адамдарды өте жоғары бағалаған. Оның ойынша тәрбиеші-адам (қазіргі мүғалім) -"мәңгі нүрдың қызметшісі". Ол барлық ой мен қимыл эрекетіне ақылдың дэнін сеуіп, нүр қүлтын тынымсыз лаулаған оттың көзі'' - деген Фараби. Орта Азия ғүламасы Фарабидің шәкірті, оның ілімін эрі қарай жалғастырушы Ибн Сина: «Фарабидің тәрбие тағылымдарының ең маңыздысы әрбір жеке адамды еңбекке тәрбиелеу болды. Өйткені, еңбек сүйгіштік, еңбек ете білуге және ынталы болуға тәрбиелеу. Ол кімде-кім өзінің тіршілігі үшін, өзіне пайда келтіретін еңбекпен айналысқанда ғана, нағыз ел адамы бола алады - деген өмірлік өсек қалдырып кетті», - деп көрсетті.

Еңбек пен еңбек тэрбиесінің ғылыми негізін қолдауда XII ғасырда жазылған «Фарабидің энциклопедиясы» атты еңбектің маңызы ерекше. Әсіресе, мұның троктат ретінде ғылым тарихында алатын орны ерекше. Бұл троктат «Ғылымдар Энциклопедиясы», «Ғылымдар реті», «Ғылымдар классификациясы» т.б. аттар мен Шығыс жэне Батыс елдерінде өте ертеден -ақ мәлім болған. Бүдан көп ғүламалар тәлім алған.

Еуропа ғылымдары да бүл еңбекпен өте ертеден таныс, Фарабидің «Энциклопедиясы» сол кеідің өзінде (ХП-ғасырда) арабшадан латын тіліне екі рет аударылған. Одан кейінгі ғасырларда бүл ебек толық емес үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшын, француз, ислам және түркі т.б. тілдеріне аударылған. Роджер Бэкон, атақты Әбу Әли Ибн Сина, (980-1937) және басқалар Фарабидін Энциклопедиясының тікелей әсерімен өздерінің көпке мәлім энцикяопедиялық еңбектерін жазды

Әл-Фараби жаратылыс тану ғылымының негізін салған түңғыш • ғүламалардың бірі. Математиканы жаратылыс тану ғылымының басты саласы деп түсіндірген. Біз, қазір техникалық ғылымдарды жаратылыстану ғылымының басты саласына жатқызамыз. Фараби "теориялық арифмстикаға қысқаша кіріспе"' деп аталатын еңбегінде барлық құбылысты табиғат -жаратылыстану әлемінің ауқымында дамитынын дәлелдеген.



МАХМҰД ҚАШҚАРИ ІЛІМІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

Махмұд Қашқари (Қашқари Махмуд ибн Хусейн ибн Мухаммед -Қашқар, 1029 ж - көрнекті философ, энциклопедист-ғалым. Бұхара мен Самарқанда оқыды. Араб жэне парсы тілдерін жете білді. Өз еңбектеріне материал жинап, Мавреан, Хорезм жэне Ферғанада Бұхараға дейін аралады.

Махмұдтың толық аты-жөні Махмұд абы Хусейн ибн Мухаммед Қашқари. Оның әкесі Қашқардың туып-өскен. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтым ен өз фамилиясын туған жерінің атымен атаған. Сөздің соңындағы - парсының тәндікті, белгіні білдіретін жұрнағы. Қазақша айтсақ - қашқарлық дегенді білдіреді. Әкесі Қашқарда туып-өсіп, соның тұрғыны болғанымен, өмірінің көп кезеңін Баласағүн қаласында кешкен. Атақты ғалым осы Баласағұн қаласында (Қырғызстанның қазіргі Тоқмақ қаласы) туған. Балалық және жастық шағының көп мезгілін Ыстық кол маңындағы қышлақтарда өткізеді. Өз айтуынша, оның экесі Қараханидтер тұсындағы әміршілердің бірі Насыр ибн Әлидің нәсіліне жатады. Махмұд алғашқы білімді Қашқар қаласында алады да кейін Орта Азия мен Иранның біраз қалаларын аралауға сапар шегеді. Сапарының негізгі мақсаты - өзінің білімін толықтырып, жетілдіру болды. Ол сол замакғы араб мэдениеті мен ғылымының көрнекті орталығы болған Бағдат қаласында да біраз уақыт тұрғанға ұқсайды. Махмұд Қашқари арабша жоғарғы білім алған өз заманының аса көрнекті ғалымы болған. Араб филологиясын жетік білген жэне өз білімін туған халқының тілі мен әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, географиясы жайында зерттеулер жүргізуге жұмсаған. Махмұд Қашқаридың дэл қай жылы туып, қанша жыл өмір сүргендігі әзірше белгісіз. Бұл жонінде жалғыз дерек кітабының аяғында ол "бұл кітап мен олімге бір табан жақындатты" деп жазады. Бүл бір жағынан, автор әзінің бұл тарихи еңбегін жазуға ұз ақ жылдар бойы еңбек еткенін дэлелдесе, екінші жағынан оның біраз жасқа келгендігін де көрсетеді. Олай болса Махмұдтың туған кезі XI ғасырдың басы болса керек. Өйткені "Диуани лұғат-ат-түрк" хиджра есебімен 464-жылдың бесінші айының алғашқы күні (қазіргі жыл санау бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған, 466 жылдың алтыншы айының 10 күні (1074жылдың 10 ақпанында) аяқталған. Осыдан екі ғасыр өткен соң 1266 жылдың тамыз айында "Диуани лүғат-ат-түрк" түп нұсқасынан бір сириялық кісі көшіріп алды. Көшіруші былай деп жазады: "Әуелі Сава, кейін Шам (Дамаск) қаласының түрғыны Мүхаммед бин Әбубокір ибн Әб әл фатих (оны тэңірі жарылқасын) осы кітапты түп нүсқасынан көшіріп, 664 жылы оныншы айдың жиырма жетішні жексенбі күиі бітірді". "Диуани лүғат-ат түрк" автордың соңғы еңбегі болса керек. Өзінің айтуынша ол бүл кітаптан бұрын да түркі тілдерінің статистика жүйесі жайында ("Джавахир аішахви фллахи түрк") "Түрік тілінің синтаксистік жүйесінің нсгіздсрі" деген ғылыми трактат жазған. Алайда оның бүл еңбегі сақталмаған болу керек, сондьгқтан осыдан басқа еш мэлімет жоқ.

Махмүд Қащқаридің түркі халықтарының ішінде нақ қай халық өкілі екені туралыда ешбір мәлімет жоқ. Рас, оны түркі халықтарының біріне телуге тарихи деректер мүмкіндік бермейді. Өйткені қараханидтер түсындағы түркі халықтарының кейігі араласып, бір-біріне өте жақын болып кеткені соншалық, пәлен тайпа - тек қана пэлен халықтың этногенезін қүрады деп айтуға келмейді. Бір тайпаның езі кейінгі дәуірде бірнеше халықтардың қүрамына кіріп, сіңісіп кетіп отырған. Ал Махмүдтың сол кездегі түркі тайпаларының қайсысынан шыққандығы жайында өзінің бір ескертпесі жөнінде айта кеткен жөн. Оның айтуынша, оның ата-бабасы сез басындағы а дыбысына х дыбысын қосып айтатын болған. Бүған қарағанда, оның туған тайпасы Орта Азия жеріне бір жақтан келген емес, осы аймақтың тұрақты ескі түрғыны. Дегенмен, бүл ескерткенің өзі де Махмүдтың нақ қай тайпадан шыққандығын анықтауға мүмкіндігін бермейді.

Бірсыпыра зерттеушілер Махмүдтың қашқарлық екеніне қарай, оны үйғыр деп такып, оның үлы мүрасын да ескі үйғыр тілінің ескерткіші дейтін пікірге ойысатын сияқты. Бірақ олай деп түжырымдауға пэлендей айқын дәлел жоқ. Қашқар қаласының ол кездегі этникалық қүрамын айырып алудың өзі қиын. Оның бер жагында "Диуани лүғат-ат-түрк"-ті тек ескі үйғыр тілінің ескерткіші деуге тағы да дәлел табу қажет. Онда сол кездегі түркі тайпаларының бөрінің де әдеби, тілдік мұралары бар. Онан соң, сол кезде Қашқаридың ата-бабасы шыққан рудың немесе тайпаның қай халықтың құрамына енгенін де айту оңайға түсе қоймайды. Кейбір шетел зерттеушілері, де әсіресе, Түркия зерттеушілері Махмүд Қашқари Анатолия түріктерінен шыққан ғалым деп даурығып жүр. Анығында Махмұд Қашқари жоғарыда келтірілген ескертпе арқылы өз ата-бабаларының қалай да Ортаазиялық түрғын екекін дәлелдеп отыр. Олай болса, бүл жерде оның түрағы мен шыққан халқын Түркия жеріне көшіре қоярлықтай қисын жоқ. Оның үстіне дэуір ескерткіштеріне Түркия ғалымдарының панисламистік, пантуркистік мақсатпен жармаса кетуі тегін емес. Ғылым тарихы олардың осы тэрізді талай "кэсібін" біледі. Олар тіпті Орхон-Енисей жазбаларын да имденбекші болғаны да мәлім.

Махмүд Қашқаридың атын бізге, біздің заманымызға жеткізген оның үлы мүрасы "Диуани лүғат-ат-түрк". Сондықтан Қашқари жайындағы, оның тарихи ерлігі жайындағы мэселені - сол еңбегі, оның мәні мен маңызы, онда сез болған шешуін тапқан ғылымдық мәселелерден бөлектеп қарауға болмайды. Осы екеуін бірлікте алып, жарыстыра әңгімелегенде ғана бүдан тоғыз жүз жылдай бүрын өмір сүрген, еңбек еткен үлы ғалымның нағыз бейнесін еске аламыз.

М. Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік қүрылыстарын жүйе-жүйемен баяндауға арналған. Бірақ кітаптың берер мәліметі онымен ғана шектелмейді. Қашқари еңбегін қазіргі заманда, тек қана тіл мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, эдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың да үңіле қарап, жете зерттеп жүргені кездейсоқ жай емес. Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымыстысы М. Хартман "Диуани лүғат-ат-түрк" - халықтық әдебиеттің үлгісі, соның негізінде қүрылған" дейді де, осыдан екі-ақ жыл бүрын жазылған "Қүдадқу білікті" ("Бақыттылық жайлы ілім") - сарай әдебиетінің нүсқасы деп табады. Бүл "Диуани лүғат-ат-түрк" түркі халықтарының ескі әдебиетінің тарихында аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анықтаған ғалымның пікірі. Махмүд Қашқари еңбегінде, жоғарыда көрсетілгендей, сол заманғы түркі тайпалары жайында мэлімет беріледі. Ол мэліметтер қай халықтың қандай тілде сөйлейтіні жайында ғана емес, олардың орналасу тэртібі, қай тайпаның қайдан келгендігі, қандай территорияны мекендейтіні, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері және т.б. болып келеді. осыған байланысты М. Қашқари өмір сүрген дәуірдің кейбір тарихи жағдайларын еске түсіре кеткен мақүл. М. Қашқари XI ғасырда өмір сүріп, еңбек етті. Бүл дәуір тарихта қараханидтер деген атпен белгілі. М. Қашқаридың өзі де осы қараханид патшалығы эміршілерінің біріне туыстық жақындығы барын айтады. X ғасырда басқа тайпалар арасында үстемдік алған Қарлұқ тайпалар одағы Жетісу өңірінде негізгі түрік халықтарынан шыққан қараханидтер, яғни Илекхан династаясының бастауымен өздерінің куатты мемлекетін қүрады. Қараханидтер мемлекеті тарихта түркі халықтары арасындағы алғашқы мұсылман династияларының бірі еді. Мемлекеттің орталығы әуелі Баласағүнда (Қырғызстанның Тоқмақ қаласы) болады, кейін Қашқар қаласына ауысады. Қараханидтер мелекетінің нағыз дәуірлеген кезі Х-ХІ ғасырлар болса керек.

Бүл кездерде қараханидтер мемлекетінің шекарасы Жетісудан бастан Қашқар, Бүқар, Самарқанд қалаларына, Сырдария бойларына дейінгі мол территорияны алып жатқан. Қараханид мемлекетінің қүрамы да әрқилы болған. Сол заманда отырықшы әрі мәдениеті жоғары болған үйғырлар, Сырдария мен Амудария бойларындағы иран мен түркі халықтарының арасынан шыққан қоспа түрғындар және т.б. мемлекет құрамының ала-қүлалығын дәлелдеумен бірге оның мәдениетінің де қат-қабат сырларын аңғартқандай. Қараханидтер мемлекетінің мәдениеті мемлекет қүрамындағы халықтар мәдениетінің қосылған түрі іспетті болған. Бүл кезде мемлекет территориясындағы қалалар да қатты дамыған. Мемлекеттің халық қүрамына қарай, екі түрлі жазба әдеби тіл қалыптасқан. Бірі мемлекеттің шығысында қарлүқ-үйғыр тайпалары батысында, Хорезм маңында, оғыз-қыпшақ тілдерінің негізінде екіншісі - мемлекеттің тайпалары тілдерінің негізінде қалыптасқан.

М.Қашқари еңбегінде Қараханидтер мемлекетінің қүрамына енген түрік тайпалары атап-атап көрсетіліп отырады. Қашқарғи түрік нәсіліне жиырма түрлі тайпа жатады деп көрсетеді. Осы тайпалардың әрқайсысы бірнеше рулардан түратыны айтылады. "Бірақ ол рулардың бастыларын атадым да, майдаларын тізіп жатпадым" деп көрсетеді. Қашқари тайпалары екі топқа бөліп, батыстан шығысқа қарай орналасу тәртібі бойынша санап шығады. Сонда бірінші топқа (солтүстік топқа): батыстағы тайпа - бегенек (печенег), онан соң қыпшақ, оғүз, имек, башқүрт, басмыл, қай, йақабу, татар, қырғыз жатады. Екінші топқа (оңтүстік тайпа): ең батыстағы тайпа - чығыл, тухси, яғма, ырғақ, йарук, йумул (жумул) үйғыр, қытай, таббач (табкач) жатады. Ал соғдақ арғу (арғүн), түбүт (тибет) - тайпалары бүл жерге басқа жерден келгендер деп көрсетіледі. Түбүттер туралы Қашқари былай деп жазады: "Түбүт - түрік жерінде түратын тайпа. Киік этір соларда болады. Қылмысты болып, қаша көшіп, теңіз жолымен Чинға жетіп, сонда орнығып қалған. Өсіп-өнген, олар бани-сабат үрпағы. Олардың солтүстігінде үйғыр, шығысында Қытай, батысында Кашмир, оңтүстігінде Үнді теңізі. Олар өз ана тілін әлде қашан үмытып, түрік тіліне үйренсе де, түрік сөздерін өз тілінің заңдарына лайықтап айтатыны байқалады.

Мысалы, ана деген сөзді ума деп, ата деген сөзді оба деп атайды. Арғүлар "Диуани" мэліметтері бойынша осы күнгі Шымкент пен Тоқмақ қалаларының аралығында кең территорияда түрған. Сол маңдағы тайпалар арасында олар көп уақыттар бойы үстем болған. XI ғасырда яғни "Диуани" жазылған мезгілдерде арғүлар өздерінің бүрынғы басымдығынан айырылады да билік басқа тайпаның қолына көшеді. Сонысына байланысты арғүлар бүрынғы мекенін де өзгертеді.

Лл үйғырлар негізінен бес үлкен қалада: Сумми, Кужу, Жанбалық, Бесбалық, Ианыбалық (балық - ескі түрік тілінде қала деген сөз) деген қалаларда түрады деген мәлімет беріледі. Қыпшақтар мекені деп Товар және Қашқар маңындағы бір кішірек қала деп аталады, Диуанидағы мөліметтерғе қарағанда олар шаруашылықпен, балықшылықпен айналысқан. Сонымен қатар сол кезеңде қышпақтар әлсізденіп, ыдырап, біразы оғыздарға, біразы чығылдарға, т.б. тайпаларға қосылып кеткені де аңғарылып отырады.

Ал оғыздар - түркі тайпаларының бірі олар түрікмен болып табылатынын айта келіп, түрікмендердің жиырма екі рудан қүралатынын, олардың эр қайсысының өзіне тән таңбасы, малға салатын елдері барлығын, элгі рулар өзара сол ен - таңба арқылы айырлатынып хабарлайды. Рулардың аттары, ен - таңбаларын атап-атап көрсетіледі. Мүндай тарихи этнографиялық мэліметтер Қашқари еңбегінде жиі кездеседі.

Сөздікте берілетін эрбір сөздің түсында (егер ол зтноним, мал, қүс, т.б. атауларға немесе әдет ғүрыптарға, салт-сана, шаруашылық кәсіпке байланысты сез болса) мүмкін боларлық бар мэлімет беріліп отырады. Сөйтіп, Қашқари еңбегінің маңызды бір жері осы материалдарга байлапысты болып келеді. Әрине, Махмүт Қашқари филолог жэне оның еңбегі де осы түргыда жазылған. Еңбектің қүрылысының жинақы, жүйелілігі, ондағы мэселелердің ғылыми түрғыдан маңыздылығы мен дэлдігі авторды өз заманының аса ірі оқымыстысы есебінде танытады.

"Түркі тілдері сөздерінің сөздігі" ең алдымен лексико-графиялық мүра есебінде коңіл аударады. Қашқари создерді реттеп беруде озіне тән тосіл қолданады. Ол ең эуелі аз әріптерден қүралатын сөздерді береді де, одан өрі эріптің санына қарай дамытып отырады. Қандай создерді беріп, қандай создерді бермеу мақұл дегенде, сол кезеңде тайпалар тілінде қодданылып жүрген ягни, актив создерді ғана беру керек деп мәлімдейді. Бүл автордың алдын-ала ойластырылған приицип бойынша жүмыс істегендігін дэлелдейді. Ол создік жасауды әйтеуір білген, естіген создерді тізе беру деп қарамайды. Сонымен қатар автор тілдің создік қүрамындағы актив создер мен пассив создерді айыра қарап, екеуін екі түрлі қүбылыс деп есептейді.

"Түркі тілдері создері жинағының" лексикографиялық мәні мұнымен ғана бітпейді. Онда антоним мен синоним сөздер, омоним сөздер мен метафоралар, диалектілік сөздер бас-басына ажыратылып түсіндіріліп отырады. Ал мұндай жүйеге келтіру, байқампаздық Қашқари заманындағы лингвистика үшін аса бір ірі табыс еді.

Автор ескірген сөздерді, шеттен кірген сөздерді сөздікке енгізбедім деп мэлімдейді. Әрине, бүгінгі түркі тарихы түрғысынан алғанда, олардың "Сөздікте" берілуі аса маңызды іс болар еді. Алайда автор өз принципіне басынан аяғына дейін берік.

Сонымен қатар Махмүд Қашқари бүл еңбегінде түркі тілдерінің алғашқы классификациясын береді. Осы мақаланың басы жағында сөз болған түркі тайпаларын екі топқа (солтүстік және оңтүстік) бөліп қарауы тюркология тарихындағы алғашқы классификациясы еді. Бүл классификацияда Қашқари географиялық (орналасу орнына қарай) принцип қолданады.

Алғашқы рет Қашқари қолданған географиялық принцип біздің заманымыздағы басқа да классификацияларда да қолдау тапты. Сондай-ақ Қашқари қолданған географиялық принцип біздің заманымыздағы басқа да классификацияларда да қолдау тапты. Сондай-ақ Қашқари көрсетіп кеткен кейбір диалектілік айырмашылықтар да кейін түрік тілдерін топқа бөлуде басты принцип болып қалады.

М.Қашқари өз замынындағы түркі тілдерінің қайсысы қандай дэрежеде дамығанын да айтып отырады. Оның айтуынша түркі тілдерінің ішіндегі ең жеңіл тіл оғүз тайпаларының тілі, ең сындарлы, эдемісі яғма, тухси тайпалары мен Іле, Ертіс, Еділ бойларынан бастап үйғыр қалаларына дейінгі аралықта түратын тайпалар тілдері. Бұлардың ішінде де ең сындарлысы және көп тарағаны - ұйғыр тілі. Әрине, Қашқари заманында үйғыр тілі тарағаны - үйғыр тілі. Әрине, қашқари заманында үйғыр тілі түрік тайпаларының арасында эдеби тіл міндетін атқарады. Сондықтан да ол басқа тілдерге қарағанда көп жерде қолданылады.

Махмұд Қашқари және оның еңбегі "Диуани лүғат-ат-түрк" жайындағы қысқаша мәлімет осындай. Мақалада оның еңбегінің басты-басты мәселелері ғана атап көрсетіледі. "Диуани лүғат-ат түрк" әлі жете зерттелген емес. Соның өзінде бұл еңбектің тілін бір ғана халық тіліне телуге болмайды. Онда осы күнгі Орта Азия мен Қазақстан, Еділ-Орал бойлары, тіпті солтүстік Кавказ жерін мекендейтін барлық түркі халықтары тілдерінің элементтері бар.

"Диуани лүғат-ат түрк" кітабы тілінің сөздік қорында болса да, грамматикалық қүрылысында болса да қазіргі қазақ тілі материалдармен сай түсіп, кейбір фонетикалық, грамматикалық өзгерістеріне қарамай, мәндес болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге қарамай, мәндес болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге болады. Мұның өзі Қашқари еңбегін қазақ тіліне жақындығы түрғысынан зерттеу жүмыстарын жүргізудің аса қажет екендігін дәлелдейді.

Махмұд қашқари өз заманының аса білімдар перзенті болған. Оның ғылыми мүрасы- "Диуани лүғат-ат-түрк" - соның айқын куәсі.



ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ

Жоспар


1.Жүсіп Баласағұнның өмірі

2.Еңбектері

3.Еңбектерінің мәні

Көне дәуірдегі түркі халықтары мэдинетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені үлан байтақ өлкеден XI ғасырда аты эйгілі Кақын ,философ , қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағүн музыкант отбасында дүниеге келген . Жүсіп жыл қайыру дэстүрі бойынша санағанда барыс жылы , яғни 1021жылы туған. Жүсіптің туған жері-қазіргі Шу өзені бойындағы Баласағүн қаласы кезінде Қараханидтер әулетінің екі рет астанасына айналған ірі мэдени орталығы болатын . Ерте кезде Тянь- Шань мен Алатаудың солтүстік беткейі Баласағүн таулары деп аталғаның М.Қашқари өз еңбегінде баяндайды. Осы Баласағұн тауларынан басталып ағатын Шу бойындағы Баласағұн қаласы-Жүсіптің туып өскен ата мекені.

Қараханидтер билігіне Қытайдан Каспиге дейінгі ұлан-байтақ өлкені жайлаған түркі тайпалары бағынады. Бүларды билеуші бас ханды табғашхан, жеке өлкелері билеушіні илекхан деп атаған. Илекхандардың іштей билікке өзара таласы орталықтанған мемлекетті жегідей жеген қайшылыққа үрындырды. Міне, Жүсіп осы кезеңге түс келді де мемлекетті орталықтандыру идеясын жыр етті. Бүл әсіресе ескі түркі жазу-ында Білге қаған толғайтын мемлекетті орталықтандыру, бір-лік жайлы өсиет сарыны рухани дәстүр ретінде бүл идеяның Қүтадғу білікте жаңаша қойылуынан да көрінеді.

Жүсіп -өз заманынан иығы асқан дана үлдарының бірі. Оның терең білік иесі екендігі дастанда арнайы сөз болатын ғылым салалары жайлы пікірлерінен де сезіледі. Ол өз заманындағы ғылым салаларымен түгелдей хабардар кісі. Баласағұн-философ ретінде жэне тәрбиелік тағылмға толы-педагог ретінде артына өшпес мұра, тәрбиелік дәстүр, өнеге қалдырған адам. Оның үйретуінше, адамның жетіліп қалыптасуы, оның ішінде жастар тәрбиесі-қоғамдық жағдайлардың, айнала ортаның ықпалымен, оң эсерімен тәрбие арқылы және адам табиғатын туысынан-дүниеге келумен бірге болатын қасиеттер арқылы қалыптасады. Оның ішінде адамнан өсіп-жетілуінде, оның дүниеге келуі мен іле келетін қажетті кейбір сапалар мен қасиеттердің

болатындығын мойындады. Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы Құдатғу біліктен ғана табамыз. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін хабарлайды.Қүтадғу білік дастаны Бақытқа жеткізуші білік түркі тілді туысқан халықтардың бізге келіп жеткен дүниежүзілік мәнге ие бірден-бір жазба әдебиескерткіші.ХІ ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мүраларының бірі.

Ол философия,астрономия,геометрия ғылымдарына жеке-жеке тоқталып тіпті Эвклид теориясын меңгеруді уағыздайды.Күтадғу білікті жазу үстінде Жүсіп өзі пайдаланған әдебиеттер көзінен де мол хабардар етеді. Жүсіп заманында әдебиеттерді пайдалану жолы көбінесе дана айтады, білген айтады, ябғу сөзі, түрікше сөз, шайыр айтады, мәжік галымы айтады түрінде сілтеме жасауымен нақтылы деректер көзінен мәлімет беріп отырады. Дастанда пайдаланған әдебиеттерге сілтеме жасаудың мүндай түрі екі жүзден асып жатуы жете көңіл қойып, арнайы зерттелген кісі көп шындықтың төркінің аша алады. Жүсіп әсіресе халық ауыз әдебиеті үлгілерін барынша мол пайдаланғаны дастандағы кісі аттары, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздерден де көрінеді. Мысал ретінде алсақ:қазақтың "Сөздің көркі-мақал"," Ауру қалса да, әдет қалмайды"деген мақал-мәтелдердің арғы төркіні тым алыста жатқандығынан хабар береді.

"Қүдатғу білік"- Қараханидтер дэуіріндегі түркі тілді халықтарқа ортақ мұра болуы себепті, олардың қазіргі үрпақтары өз рухани даму жолдарын іздеп тапса болғандай деректер көзіне аса бай ата мүрасы боп табылмақ. Жүсіп өз заманындағы ғылым салаласымен толық танысып кемелденген шағында Қүдатғу білік тәрізді классикалық шығармасын жазуға бет бүрды. Араб парсы тілдерін жақсы білумен қатар өз ана тілің де терең меңгеріп, бар байлығын бойына дарытқан Жүсіп ана тілің кқркемдік қуатын әлемге таныту бағытын үстанды. Өз тілің менсінбей араб,парсы тілінде сөйлеу,шығармажазуды сырттан таңылған қорлық салты үстем кезде өз ана тілінде көркем шығарма жазу дәстүрін қалыптастырып кетуі-соның тарихи еңбегі.

Қүтадғу білік- XI ғасырға дейінгі түркі тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған рухани қүбылыстарды түтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды. Жүсіп дастанын Баласағүнда бастап, Қашқарда аяқтаған. Табғаш бөрі Қара қаған Әбу Әлі Хасан ибн Сүлеймен Арысланға сыйға тартып, қағаннан ұлы хасхаджив лауазынамын алған.Осы себепті ол Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн аталып кеткен. Құдатғу білік бүкіл Туран, Иран, Қытай елдеріне таралып, даңқы жайылған. Дастанға әр халық өзінше ат қойып, қызыға оқыған. Жүсіптің:

Бу Машриқ елинде камуғ трук ичин,

Менің қытаб иоғ ажунды ыдын-

Шығыс елінде, түрік жерінде,

Бүдан бөлек кітап жоқ білген элемде,-Деп айтуына қарағанда түркі халықтарының классикалық жазба эдебиетінің бірегей ортақ ескерткіші ретінде танылып отыр.

Қүтадғу біліктің бэзге Қайр, Вена, Наманған деп аталатын үш нұсқасы жетті. Қүтадғу білік ғылымға XIX-ғасырдан бастап мэлім бола бастады. Осы нүсқалардың ішінде наманған нүсқасы тэуірі эрі XIII- XIV ғасырда көшірілген көне нүсқасы ретінде қарастырылып жүр.Наманған нүсқасы Өзбекстанға Шығыс Түркістаннан келген деген пікір бар. Қүтты біліктің үш нүсқасы қолымызға тиіп отыр. Веналық нүсқа 1439 ж. Гератта көшірілген, Кайр тізбесі Хурукв кітапханасында 1896ж. сақталған, неғүрлым жетілдірілген Наманға нүсқасы 1913 ж.табылған. Бүл еңбек өзінің дүниеге келген күнінің бастап оқырмандарға күшті эсер етті. Кітаппен танысқан адамдардың эрқайсысы өз талап тілектеріне сай, қай юақта немесе қандай жағынан қарастырылуына орай эр түрлі атады. Баласғүн өзінің философиясында басқа барлық ғылымда да жалпы меншік жоқ деп көрсетті. Ойшыл адамзат болмысының мэселелерін арнайы

зерделегенде үстаз шәкірттің бойынан өзінің бақталасын көре отырып, оның табысқа жетуіне мүлдем мүдделіемес екенін көрсетті.¥лы педагог білікті, парасатты адамдарды қоғам өз дірежесінде бағаламайтынын , бүл дүниеде ашкөз надандардың үтатының, адамзаттық қоғамға көз жүматының айтады.




Қоғам қайраткері

Педагог

Ақын




Жүсіп Баласағұн



Ұлы тұлға

Философ

Жазушы

Пайдаланған әдебиеттер.

1 .Түркістан энциклопедиясы.

2.Қазақтың тәлімдік ой пікір антологиясы. Алматы. "Рауан"

1994. З.Әбиев. Педагогика тарихы.

4.Сөнбес жұлдыздар." Қазақстан" 1989.

5 .Этнопедагогика.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет