Педагогика кафедрасы


ДӘРІС № 10 13.ХІХ аяғы – ХХ бас Қазақстандағы тәрбие және педагогикалық ой және даму бағыттары



бет6/9
Дата05.11.2016
өлшемі2,69 Mb.
#1077
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ДӘРІС № 10

13.ХІХ аяғы – ХХ бас Қазақстандағы тәрбие және педагогикалық ой және даму бағыттары.

Ш.Уалиханов,А.Құнанбаев, Ы.Алтынсариннің педагогикалық ой пікірлері.


Ыбырай Алтынсарин


Ыбырай Алтынсарин

Дүниеге келгені:

1841 ж. қарашаның 2 (1841—11—02) (170 жас)
Арқарағай, Қостанай облысының Қостанай ауданы , Аманқарағай ауданы, Күнтимес орда-қыстауы, Қостанай облысы , Әулиекөл ауданы, Құсмұрын

Қайтыс болғаны:

1889 ж. шілденің 29

Ұлты:

қазақ

Мансабы:

халық ағартушы, ақын, жазушы

Ы.АЛТЫНСАРИН ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ПЕДАГОГІ, ҰСТАЗЫ.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.

Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобол өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.



1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.

1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.

Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.

Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (18681874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (18761879) қызметін атқарады.[1]

Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.

Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.

Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.

Ыбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды

Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады («Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар»). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады («Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас»). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді («Ата-енең қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу»). Жастарды өнер-білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады («Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді»).

Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді. Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б. бар.

Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.

Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.

Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу оырндары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы

Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылған ол атасының — белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршинның қолында тәрбиеленеді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасын Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.


Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік ұстанымына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбек сүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды.
1857 жылы ол Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тілдерінде еркін сөйлей білді. Кейінірек халық ағартушысы ретінде өз білімін өзінше оқып, арттыра түсуді белсенді түрде жалғастыра түсті. Дүние жүзі әдебиетінің классиктері В. Шекспирдің, И. Гетенің, Д. Байронның, А. Пушкиннің, Н. Гогольдің, М. Лермонтовтың, Ғ. Низамидің, А. Фирдоусидің, Ә. Науаидың шығармаларын зор зейін қойып оқыды. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына орыс педагогы К. Ушинскийдің және чех ойшылы Я. Коменскийдің еңбектерімен таныс болуы игілікті әсерін тигізді. Ы. Алтынсарин орыстың көрнекті демократтары Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнің және басқалардың шығармаларымен де таныс болды.
Мектепті бітіріп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының қол астында кеңсе қызметкері болып істеді. Осы жылдар ішінде ол өз халқының сауатын ашып, білімін көтерудің аса қажет екенін жете түсінді.

Ағартушының педагогикалық қызметі

Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқу- шыларына арнап екі оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарга (қазақтарга) орыс тілін уйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты. Ол қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындалды. Ағартушылық идеялары жігерлендірген ол ауыл-ауылды аралап, жергілікті халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшін қаржы-қаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы үлесін Ы. Алтынсариннің өзі қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметі басталды.

1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. Үгіт жұмыстарының нәтижесінде оқуға 16 бала жазылды. Кейінірек бұл мектептердегі оқушылардың саны арта бастады. Халық ағартушысы жүргізген үгіт жұмыстары нәтижелі болды. Бұл ретте ол былай деп қуана жазды: «Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кірістім және мені өте қанағаттандыратыны — бұл балалар әлдеқандай уш айдыц ішінде оқуды, тіпті жазуды үйреніп алды».


1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Оның еңбегінің арқасында білім беру саласы қазақ даласында кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында училищелер ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел аралап шықты. Халықтан қажетті қаржы жинастырды. Соның нәтижесінде Ырғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ училищелерін ашты. Оларды мұғалімдермен және оқушылармен толық қамтамасыз етті. Ол мектептердің жабдықталуына, олардың жанында шағын кітапханалар ұйымдастыруға ерекше күшті мән берді.
Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. Аса көрнекті халық ағартушысының басшылығымен қыз балаларға арналған бірнеше мектеп ашылды. Ол мектептердің жанында интернаты болды. 1886 жылы мектеп-интернаттарда 211 қыз бала оқыды. Ы. Алтынсарин мектепті халық ағарту ісінің маңызды буыны санады.

Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі

Ол өз замандастары арасында ғалым-этнограф, көсемсөзші әрі ақын ретінде де кеңінен танылды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлімінің толық мүшесі болды. Географиялық қоғамның тапсырмалары бойынша баяндамалар жасап түрды, қазақ халқының этнографиясы бойынша мақалалар жариялады. Атап айтқанда, Кіші жүз қазақтарының адамды жерлеу, ас беру, құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрі, ежелгі әдет-ғұрып зандары туралы зерттеу мақалалары жарық көрді. Ол өзінің жұмыстан қолы босаған кездерінің бәрін де ауыл арасында өткізді, туған халқының тарихы, фольклоры, шежіресі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы материалдар жинастырды. Өзінің көзі тірісінде бірқатар ғылыми мақалалары журналдар мен газеттерде жарияланды.


«Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі» атты еңбегінде үйлену тойларына байланысты толып жатқан әдет-ғұрыптарды тәптіштей суреттеді.
Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір елеулі. Ол И.А. Крыловтың мысалдарын, Л.H. Толстойдың әңгімелерін орыс тілінен қазақ тіліне аударумен қатар өзі де қысқа әдемі әңгімелер жазды. Ы. Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр алуан. Ы. Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп айтуға болады. Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын да еді. Оның «Азған елдің билері», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», «Ана» атты өлеңдерінің адамгершілік-ғибраттық сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерінен қазақ жастарының талай ұрпағы үлгі-өнеге алып, тәрбие көрді. «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңінің:

«Бір Құдайға сиынып,


Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ыкыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар...» —
жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте зор.

Ы. Алтынсариннің шығармаларында қазақтардың өмірі шыншылдықпен бейнеленді. Оларда білімге, ғылымға деген құлшыныстың қажеттігі кеңінен насихатталды. Жастарды оқу-білімге шақыра отырып, ол өзге халықтардың мәдени өмірін, олардың ғылымда қол жеткізген табыстарын үлгі-өнеге ретінде мысалға келтірді.

Ағартушының қоғамдық-саяси қызметі

1868 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасты. Содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Қызмет бабымен қазақ ауылдарында жиі болып тұрды. Өз халқының аса қажетті мүдделері неде екенін жақсы білді. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлауына қатысып жүрді. Ол сайлау кезінде дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. Бұған риза болмаған байлар оның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрі Ішкі істер министрлігіне шағым жасады. Оны 1868 жылғы «Уақытша ережеде» белгіленген сайлау тәртібін бұзды деп айыптады. Ы. Алтынсарин қарапайым халықтың қамын ойлады. Ол өзінің парасатты мінез-құлқы және барынша адалдығы, халық алдындағы атағы мен беделінің аркасында ақталып шықты. Ол өзінің халық алдында сөйлеген сөздерінде патша үкіметінің отаршыл аграрлық саясатын ашық сынады. Патша үкіметі шенеуніктерінің озбырлық іс-әрекеттерін, олардың жергілікті қолшоқпарларын айыптады. Мәселен, ол 1864 жылғы хатында былай деп жазды: «Қызмет бабы бойынша мен байлармен жиі қақтығысып қаламын. Маған жамандық ойлайтындар лауазымды адамдар арасында да бар. Олар қорғансыз кедейлерді арсыздықпен талап-тонауда...»


Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезінде былай деп жазды: «Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын». Ы. Алтынсариннің үшан- теңіз еңбегі қазақ халқының экономикалық дамуына, білім көкжиегінің кеңеюіне, рухани және мәдени гүлденуіне игі ықпал етті. Оның есімі халықтың есінде мәңгі сақталады. Бүгінде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік білім академиясы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады. Еліміздегі педагогтар қауымының ең таңдаулы өкілдері жыл сайын Ы. Алтынсарин атты төсбелгімен марапатталады. Ағартушы ғалымның қүрметіне жыл сайын ғылыми конференциялар өткізіліп түрады.

Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог -ағартушы, ақын және прозайк, публицист балалар жазушысы, орыс графикасы негізін қалаушы ретінде Алтынсарин мектеп пен тэрбие өз халқының түрмысы мен өмірінің тарихи үлттық ерекшелігіне сэйкес келу идеясын ұсынды.

Ыбырай Алтынсариннің пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектептерінің бірінші бөлімінің бағдарламасы бойынша жүмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс-деген қағида үсынды. Алайда ол Ресей патшаларының жағдайындағы осыған үқсасжоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып, Оренбург және Тройцк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттеріде оқитын қазақ балалары мен жастарға арнаулы стипендия тағайындады. Ы.Алтынсарин кәсіптік білім берудің маңызын жете түсінді және жақтады. Ол Торғайда төменгі қолөнер училищесін ашудың жоспарын жасады және оны ашуды қолға алды. Ы.Алтынсарин табандылығымен Орынборда 1886 жылы мұғалім даярлайтын қырғыз мектебі ашылды. Бүл орыс-қазақ мектептеріне мұғалім даярлаудың орталығына айналды. Сөйтіп, Алтынсарин қазақ халқының өмірі мен салтына сәйкес келетін қолтума қазақ мектептерін ашудың жолдарын көрсетіп берді, өзі ашты.

Түңғыш қазақ мектебін ашып, оқытуға кіріскен Ыбырай соған тікелей көмектескен Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Осы жылы наурыздың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оган 14 қазақ баласы кірді, бәрі де есті, жақсы балалар. Мен оқытуға, қойға шапқан қасқырдай, өте қызу кірістім. Бүл балалар да менің айызымды қандырып, небэрі үш айдың ішінде оқи білетін жэне орысша, татарша жаза білетін болды...»,-деп жазады.

Ұлы ағартушы-педагог тек мектеп ашумен шектеліп қалуға болмайтынын, бұған лайықты оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар керек екенін жақсы түсінді. Сондықтан Ы.Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына арнап «Оқу құралын» жазды. Сондай-ақ ол әдістемелік мәні бар «Семья мен мектеп», «Халық мектебі» журналдары мен қолөнер үшін қажетті Гестерманның техникалық коллекциясын, физика, химия кабинеттері үшін құрал-жабдықтар алдыруға 600 сом жиналғанын айтты. Мұның бәрінен оның жалаң оқумен қанағаттанып қалмағанын, бүған қоса ғылым мен техника тетіктерін үйретуде көрнекілік тәсіл үстанғанын көрсетеді.

Автор сол тұстағы мектептерде дін сабағының өту мүмкіндігін пайдаланып, қазақ балалары үшін «Шариятул-ислам» атты оқулық жазды. Бүл кітап кезінде балалардың мүсылман дінінің қағидаларын игеруіне айтарлықтай үлес қосты.

Ы.Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып, сол Хрестоматиясына енгізді. Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмалдыққа, адал еңбек пен білімді еркін игеруге шақырады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі түйіні: жас буынды өнер-білімге үндеу, адамгершілік мінез-қүлыққа тэрбиелеу болып келеді. Сондай-ақ жазушы «Аурудан аяғың күштірек», «Асыл шөп», «Малды пайдаға жарату» атты әңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық секілді қасиеттерді тәрбиелеуге арналған.

Айталық, ол «Әке мен бала» әңгімесінде ақыл-насихатқа толы: «Аз жүмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат ете білмесең, көптен де қүр қаларсың» секілді жолдарды үсынады.

Өзінің инспекторлық қызметі кезінде, жергілікті халықтың қолдауымен және орыс ағарту қайраткерлерінің көмегімен жоғарыдағы талаптар түрғысынан Торғай облысының барлық бес уездік қалаларында бес екі кластық училище ашты. Олардың әрқайсысының жанында 50 орындық интернаты болды. Бұл училищелер үйлеріне, оларды жабдықтауға Ы.Алтынсарин орыс бастауыш мектептерінің үлгісін қолданды. Қазақстан үшін бастауыш мектептердің негізгі түрі ретінде ауылдық жерлерде 5 болыстық мектеп ашты.

Ы.Алтынсарин екі класты училищелердің білім дәрежесімен қанағаттанбай, білім беру жүйесін элі де жетілдіре беруге талпынды. Ы.Алтынсариннің ұсынысымен жэне Орынбор оқу округінің белгілі қайраткері В.В. Катаринскийдің қолдауымен қолөнер мектебі 1883 жылы Торғайда ашылды. Училищелерде оқыған қазақ қыздары Ы.Алтынсаринді үстазы жэне қамқоршысы деп білді.

Ы.Алтынсарин 1886 жылы «Қазақтың болыстық мектептері жайлы» маңызды еңбегін жазып, оны Орынбор округі арқылы Халық ағарту министірлігіне жіберген. Қазақ мүғалімдерін даярлайтын оқытушылар мектебін ұйымдастыруда да Ы.Алтынсарин Н.И.Ильминский жэне В.ВКатаринский тығыз қарым-қатынаста болды. Бүл мектеп 1883 жылы Орскіде ашылды.

Мектепті 1886 жылы бітіріп, мұғалімдік мамандыққа ие болған оның алғашқы 20 түлегі Қазақстанның әр жерінде мүғалімдік жұмысқа жіберілді.

Қазақстандағы халық мектебінің негізін салушы және қазақтың ағартушы-педагогы Ы.Алтынсариннің өшпес еңбегі - ол өз заманының шытырман да қиын жағдайын қарамай, прогресшіл орыс педагогикасының қағидаларына сүйенді.

Ұлы педагогтың әр саласы ағартушылық қызметін, оның алдыңғы қатарлы педагогикалық идеяларын, әсіресе оның орыс және қазақ халықтарының арасындағы экономикалық және мәдени байланысты дамытудағы еңбектерін орыс қоғамы, оның көрнекті қайраткерлері мен қарапайым мұғалімдері жоғары бағалады. «Қазақ халқының әдеби творчествосының ең тамаша өкілі Ы.Алтынсарин болды», -деп жазған педагог-ғалым А.Алекторов. Мүғалім Ф.Д.Соколов Ы.Алтынсаринның өз халқының оқу-ағарту жөнінде жан аямай қамқорлық жасап, облыстың түкпір-түкпірінің аралап, оқытуға қаражат жинағанын, талмай үгіт жүргізгенін атап көрсетеді.

Ы.Алтынсаринның замандастары оны «қазақтар арасына күллі адамгершілікті және орыс білімін таратқан атақты педагог», -деп бағалады.



Жылы

Ы.Алтынсарин

1.

1841 ж.20 қазан

Ы.Алтынсарин казіргі Қостанай облысының бұрынғы Обаған (қазірғі Затабол) ауданында дүниеге келді.

2.

1850ж. 22

тамыз


Атасы Балқожа 9 жасар немересі Ыбырайды Орынбор қаласындағы 7 жылдық мектепке оқуға түсіреді.

3.

1857 ж.

Осы мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітірді.

4.

1859ж.

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады.

5.

1 860 ж.

Орал сыртындағы қазақтар үшін 4 бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұралып Торғай мектебіне мұғалім болуға рұхсат

алады.


6.

1862 ж.

Қазак халқыньщ ауыз эдебиеті үлғілерін зерттеп, жинастырды.

7.1

1864 ж. 8-қаңтар

Торғайда Ыбырайдың арман еткен мектебі ашылады.

8.

1864 ж. мамыр

Өз мектебінде 1-ші оку жылы бойынша сын жұмысын өткізді.

9.

1869 ж.

Жұмыс бабына байланысты бұл мектептен кетуге мэжбүр болды.

10.

1876ж.

Петербург, Қазан қалаларына барып, орыс ағартушыларыньщ еңбектерін зерттейді.

11.

1879ж.

1) «Қазақ хрестоматиясы» басылды.

12.

1879-89 ж.

2) Торғай облысы мектептерінің инспекторы болды.

13.

1879-1883 ж.

Торғай облысының 4 уезінде уездік жаңа мектептер ашты.

14.

1882 ж. мамыр

Торғай облыстық баскармасының Қостанайда салынуға тиісті училище құрылысын жүргізетін комитеттің мүшесі болды.

15.

1883 ж.

Торғайда қолөнер мектебі ашылды.

16.

1886ж.

«Қазақстанның болыстық мектептері жайлы» маңызды еңбегін жазды.

17.

1883-86 ж

Орскіде оқытушылар мектебі ашылды.

18.

1887ж.

Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырды.

19.

1889 ж.

Ы. Алтынсарин дүние салды.



Ы.Алтынсарин

Педагог ағартушы

Ғалым-этнограф



Ғұлама ағартушы

Аса көрнекті қоғам қайраткері

Жазушы



Аса көрнекті қоғам қайраткері

Жаңа үлгідегі демократ-тәлімгер

Ірі публицист




Тіл маманы

Қазақстандағы педагогика ғылымдарының негізін салушы

Қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер



Әліппенің атасы

Қоғамдық ірі тұлға

Орыс императорлық география қоғамының мүшесі



Белгілі адам




Әдебиет өкілі

Зиялы қауымның бірі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет