126. Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың білімдерінің толық, терең нақты болуын қамтитын оқыту принципі? Беріктік 127. Жекелеп оқыту? Оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру 128. Адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі? Білім 129.Мұғалімге ағымдағы сабақты талдауға және қадағалауға негіз болатын педагогикалық іскерлік? Оқушының материалды түсінуін, жұмыс қарқынын байқау 130. Өткен сабақты талдаудың негізгі мәселесі? Сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешілді 131. Нәтижеге қол жеткізуге мұғалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданылған тәсілдерінің тиімділігін анықтайтын педагогикалық инновацияның критерийі? Оптималдық 132. Ата-анасынан ұрпақтарына қандай да бір белгілердің, ерекшеліктердің берілуі? Тұқым қуалаушылық 133. Мұғалімге ағымдағы сабақты талдауға және қадағалауға негіз болатын педагогикалық іскерлік? Сабақ барысында өзінің мінез-құлқы мен сөйлеуін қадағалау 134. Сабақтың мазмұнын ойластырып алу-...... оқыту принципіне негізделеді? Бірізділік 135. Танымдық, эмоционалдық және психомоторлық бағыттар бойынша оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасауға негізделген модель? Блум таксономиясы 136.Дарынды және талантты балаларды анықтауда «өз білімін жетілдіру» өлшеміне сәйкес келетін балаларда көірініс табатын ерекшелік? Олар өздерінің оқуларын реттей алады 137. Оқушыға тапсырманы орындауға кеңес берілмегендіктен, оқушының қабілеті жетіп тұрса да, тапсырманы орындай алмауы (Дж.Флейвел)? өнімділік тапшылығы 138. Оқушылар жауап бергеннен кейін мұғалімнің кідіріс жасау уақытын ұлғайтуы? Жауаптарын түзетуге, нақтылауға, дұрыстауға мүмкіндік береді 139. Оқу үдерісінің тиімділігін айқындаушы негізгі факторлардың бірі? Нені оқу керектігін түсіну 140. Оқушының сабаққа ықыласты болуы және өзін-өзі ынталандыруы?