Педагогика оқыту әдістемесі (300 сұрақ) Жеке адамның қалыптасуындағы жетекші фактор? Отбасы



бет1/41
Дата11.07.2020
өлшемі99,69 Kb.
#75103
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА (1)



ПЕДАГОГИКА


Педагогика оқыту әдістемесі (300 сұрақ)

1.Жеке адамның қалыптасуындағы жетекші фактор? Отбасы

2.Оқушылардың жалпы эстетикалық мәдениеті? Эстетикалық санасының даму деңгейі

3.Тәрбие әдісі? Мектеп тәрбиесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланатын жол,тәсілдер,тәрбиелеу саласына,сезіміне,іс-әрекетіне әсер ету шаралары

4.Адам дамуына тәрбиенің жетекшілік ықпал етпеуінің себебі неде болуы мүмкін? Мазмұны мен ұйымдастырылуындағы олқылықтар

5.Оқу бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық білімдерді тұтас бір жүйе негізінде қалыптастыруды талап ететін оқытудың принципі? Жүйелілік

6.Дидактиканың «Алтын ережесін» құрған? А.Я. Коменский

7.Көрнекілік әдістер? Иллюстрация,демонстрация

8.Пәнді оқыту мақсаттары,білім,білік және дағдыға қойылатын талаптар,оқыту әдістері мен формасына ұсыныстар,оқу материалының тақырыптық мазмұны көрсетілген және жеке оқытуға жіберілетін бағдарлы сұрақтар туралытүсіндірмелі хаты бар құжат? Оқу бағдарламасы

9.Оқу бағдарламасының белгілі бір бөлімінде,оқу-тәрбие үрдісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы тәсілі? Тақырыптық жоспарлау

10.Мұғалім басты тұлға болу үшін оған қойылатын талаптар? Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік

11.Сабақ беру мен білім алу,тәрбиелеу және оқыту әдістемесі,оқыту және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру саласындағы инновациялар? Педагогикалық инновациялар

12.Педагогикалық жаңалықтардың пайда болуы, олардың практикада иеленуі мен пайдаланудың ортасы? Инновациялық орта

13. Мұғалімнің проективті- рефлексивті қабілеттерін қалыптастырып, танымдық қызығушылықтарын дамытатын іс-әрекеті? Сабақты психологиялық талдау

14. Зерттеуші, ізденімпаз, жасампаз мұғалім? Инноватор

15.Проблеманы шешуде дәстүрлі тәсілді қолдануды меңзейтін және нәтижесінде сол тәріздес идеялар туындайтын ойлаудың түрі? Конвергентті

16. Дарынды және талантты оқушылардың білімін жетілдіру бойынша қызметтің бірінші кезеңі(Ренцулли мен Райс)? Жалпы зерттеу жаттығулары

17. Оқушының жауабын алғаннан кейінде кідіріс жасау қажеттілігі? Оқушы өз жауабын түзетуге, нақтылауға мүмкіндік алады

18. Оқушының өз мақсаты мен тапсырмаларын білу, түсіну және бағалауды қамтитын метатануды өлшеу құрылымы? Тапсырмаға бағытталған

19. М.Чиксентмихайдың «Өзіндік мақсат» сызбасы бойынша дағдысы төмен оқушыға жоғары міндет қоюдың нәтижесі? Алаңдау

20. Л.Выготскийдің пікірінше оқушының өзекті даму деңгейі? Міндеттерді өз бетінше шешу алуы

21. Жаттап алуға бағытталған және оған берілген жауап «дұрыс немесе дұрыс емес»деп бағаланатындай қойылған сұрақ? Төмен дәрежелі

22. Жаттап алынған білімді анықтауға арналған сұрақ? Төмен дәрежелі

23. Мұғалімге сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алғандығын білуге мүмкіндік беретін жоспарлау бөлігі? Оқу нәтижелері

24. Сабақтың оқу мақсатын қалыптастыруда қойылатын сұрақтардың бірі? Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек

25. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлау дағдысына сәйкес әрекеті? Дәлелдер мен дәйектерді бағалау

26. Бағалаудың барлық түрлеріне тән сипаттамалардың бірі болып табылатын қорытынды? Оқушының жауабына сәйкес шешім қабылдау

27. Оқу үшін бағалаудың мақсаты? Оқушының дамуына бағыт беру

28.Дарынды, талантты балаларды тексеру парағы бойынша оқушылар ақпаратты біліп қана қоймай қажет кезінде пайдалана алады деп анықталған өлшем? Есте сақтау және білім

29. Сабақты зерттеу тәсілінің демократиялық ерекшеліктерінің бірі? Зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады

30. Сабақты зерттеу (Lesson study) кезеңдерінің бірі- әріптестерінің кеңесіне сүйеніп, мұғалімнің жеке өзі немесе топпен бірлесіп сабақтың мақсатын анықтау мен дайындауы осыдан кейінгі кезең? Сабақты зерттеуді өткізу және Lesson study-ге қатысушылардың оны бақылауы

31.Оқушылар іс-әрекетінің мазмұны мен түрінің олардың жасына, өмір тәжірибесіне, күш-қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуы? Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі

32. Сендірудің маңызды әдісі? Өнеге, үлгі

33. Тәрбие әдістерінің логикалық қатарынан қайсысына шектеу қоюға болады? Көрнекілік

34. Тәрбие процесі көп факторлы процесс? Обьективті, субьективті

35. Әр сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтауды талап ететін принцип? Мақсаттылық

36. Бастаған істі аяғына дейін жеткіз, өз әрекетіңді жоспарла ережесі қай принципке жатады? Жүйелілік

37. Оқытудың негізгі компоненттері? Білім, іскерлік, дағды

38. Оқыту процесінде оқушылар меңгеруге тиіс іс-әрекеттер тәсілдері мен ғылыми білім, білік және дағды жүйесі- бұл? Білім беру мазмұны

39.Мемлекетсаясатының өзекті мәселелерінің бірі? Халыққа білім беру ісін жетілдіру

40.Сабақтың мазмұнын ойластырып алу-....... оқыту принципіне негізделеді? Бірізділік

41. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті? Озық педагогикалық тәжірибелерді оқу-тәрбие үрдісіне енгізу

42. Педагогика ғылымының саласы? Педагогика тарихы

43. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда өзара байланысты қанша бөлік бар? 2

44. «Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ» деп жазған? Коменский

45.Белгілі бір тапсырманы орындаудың алдын-ала игерілген алгоритмдерін нақты пайдалануға негізделген ойлаудың түрі?Репродуктивті

46. Оқу үрдісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алатын ең үздік оқушыны анықтайтын сенімді өлшем? Өз білімін жетілдіру

47. Оқу үрдісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлардың бірі? Оқушыларға нені оқыту керектігін мұғалімнің түсінуі

48. Сынақтан өткізу сұрағы? Осы айтқандарыңызға дәлел келтіре аласызба?

49. М. Чиксентмихайдың «өзіндік мақсат» сызбасы бойынша дағдысы жоғары оқушыға төмен міндет қоюдың нәтижесі? Зерігу

50. Іс-әрекеттер арқылы дамитын білімді сақтау жадысы? Рәсімдік

51. Н.Мерсер зерттеуіне сәйкес, қатысушылар өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайтын әңгіме түрі? Кумилятивтік

52. Өткен материалдарға оралу, ой салу, дұрысын қабылдау, толық жауап беруге итермелеу мақсатын көздейтін қарапайым сұрақ? Түрткі болу

53. Мақсатты аудитория сипаты мен бағалау стратегияларын білуді қамтитын білім саласы? Педагогикалық білім

54. «Жаңа педагогика» тәсілдемесінің аясында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану барысында оқушылар? Электронды поштаны қолданады

55. Аударма жасау, интерпретация, экстрополяцияны қамтитын Блум таксономиясының кезеңі? Түсіну

56. Бағалаудың барлық түрлеріне тән үш сипаттама бар. «Қадағалау» сипаттамасына сәйкес мұғалімнің әрекеті? Оқушының сұраққа жауабын тыңдау

57. Оқу үшінбағалаудың мақсаты? Табысқа жетуге бағыт беру

58. Оқыту үрдісі кезінде ең үздік оқушыны анықтауға арналған өлшемдерінің бірі болып табылатын иекемділік сипаттамасы? Тапсырманы орындауда балама шешімдерді көріп, қабылдай алады

59. Оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеуде мұғалімдердің жаңа бастамасын жинақтауды көздейтін сабақты зерттеу тәсілін түйінді сипаты? Креативтілік

60. Сабақты зерттеу Lesson study үрдісінде топ мүшелерінің зерттеу сабағын жоспарлауға тиімді кезеңі? Топ мүшелерінің бақылауға алынатын оқушыларды анықтауы

61.Тәрбиенің идеялығы мен мақсаттылығы? Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімді бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады

62. Адамгершілік тәрбиесі? Жалпыадамзаттық құндылықтарды игеру

63. Тәрбие әдісі ретіндегі жаттығудың мәні неде? Мінез құлық нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің іс-әрекетті ұйымдастыруы

64. Ұжымдық танымдық іс-әрекет формасына кірмейді? Оқушының сабақтағы жауабы

65. Жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге деген ереже қандай принципке жатады? Бірізділік және жүйелілік

66. Мұғалімнің субьект, пән жүргізуші, әдіскер, зерттеуші, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушы ретінде қалыптасуы? Кәсіби педагогикалық позициялар

67.Оқушының жазалауға ұшырамау, нашар баға алмау үшін оқуы? Сыртқы уәж

68. Оқушылардың барлығына оқу ептілігі және білім дағдыларындамытуға, мұғалімнің қолайлы жағдай қалыптастыруы? Оқыту ортасын құру

69. Оқушылардың өзін-өзі ынталандыра отырып, оқуға деген ұмтылыс пен қызығушылықтарының пайда болуы? Ішкі уәж

70. Оқу үдерісінің тиімділігін айқындаушы негізгі факторлардың бірі? Нені оқу керектігін түсіну

71. Берілген мысал сұрақ қоюдың қайсысына тән? Мұғалім: -Асқар, ережені жақсы айттыңыз. Енді мысал келтіре аласызба? Сынақтан өткізу

72. Оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, идеяларын дамытуға көмектесетін тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отыратын сұрақ қою тәсілі? Түрткі болу

73. «Жаңа педагогика» тәсілдемесінің аясында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану барысында оқушылар? Сайтта ақпаратты жариялайды

74. Жорамалдарды растау, тексеру үшін деректерді жинау, АКТ қолдану мен оқыту аспектісінің мысалы болып табылады? Тестілеу және растау

75. «Ақпаратты тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу» сипаттамасына тән білімді игеру үрдісі (Александр)? Талқылау

76. Оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтар мен кездесу мүмкін екендігін анықтау үшін мұғалім өткізетін бағалау кезеңі? Қадағалау

77. Оқыту заңдылықтары мен құбылыстарына қатысты ілімдермен оқыту ілімі? Дидактика

78. Оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, қөзқарасын дәлелдеп шығуға көмектесетін оқыту әдісі? Дискуссиялық

79. Ғылыми, жаратылыс пәндері? Физика, математика, химия, биология

80. Мұғалімге ағымдағы сабақты талдауға және қадағалауға негіз болатын педагогикалық іскерлік? Балалардың психофизикалық жүйелерін байқау

81. Сабақ беруде пайдаланатын тәсілдерін, жұмыс амалдарын ұсынуға бағытталған мұғалімнің рефлексиялық іс-әрекеті? Сабақты психологиялық талдау

82. Мұғалім қызметіндегі оң нәтижелерін барынша тұрақтылығын білдіретін педагогикалық инновацияның критерий? Нәтижелік

83. Белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерий? Жаңашылдық

84. Мұғалімге ағымдағы сабақты талдауға және қадағалауға негіз болатын педагогикалық іскерлік? Оқушының жеке дара бейімділіктері мен қабілеттерін байқау

85. Педагогикалық жаңалықтардың пайда болуы, олардың практикада игерілуі мен пайдаланудың ортасы? Инновациялық орта

86. Педагогтің өз ішкі дүниесін түсіну, ұғыну вербализациялау арқылы психологиялық талдау жасау күйі? Педагогикалық рефлексия

87. Латын тілінен аударғанда «бағалау» термині? Жақын отыру

88. Ең үздік оқушыларды анықтаудағы «Өз білімін жетілдіру» сенімді өлшемнің сипаттамасы? Олар өздерінің оқуларын реттей алады,

89. Іс-әрекетті зерттеуді жүзеге асыру айналымның бірінші қадамының мазмұны? Міндеттеме алу

90.Мұғалімдердің белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үрдісінің зерттелуі? Сабақты зерттеу

91.Тәрбиенің негізгі құрамдас бөліктері? Ақыл-ой, дене, адамгершілік, экономикалық, еңбек

92. Құқықтық тәрбие негізі? Отбасы

93. Тәрбие тәсілі? Жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет, нақты іс

94. Тәрбие процесінің диалектикалық қайшылығы? Өзіндік алғашқы түсінігін өзіне қойылатын талаптар мен оларды орындау мүмкіндігі арасында

95. Оқытудың ғылымилық принципі? Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыратын ғылыми білімдер жүйесімен қарулану

96. Оқыту мазмұны оқушыларды обьективті ғылыми дәйектермен, теориялармен, заңдармен таныстырса және ғылымның қазіргі жағдайын көрсете алса, ол қай принципке жатады? Ғылымилық

97. Педагогикалық процестің бағыттылық принципі? Оқыту мен тәрбие үйлесімділігіне ықпалы

98. Білім беру мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттар? Білім беру стандарты

99. Мұғалімнің сабаққа дайындығының бірінші кезеңі? Сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау

100. Оқуға қызығуды ынталандыру әдісі- бұл? Танымдық ойындар

101. Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесінің жай тәжірибеден артықшылығы? Логикасы, әдісі, тәсілі жағынан ерекше тиімді нәтиже береді

102. Педагогикалық жаңалықтарды жасау, оларды педагогикалық қауымдастықтың игеруі, бағалануы, пайдалануы мен оқыту және тәрбиелеу практикасына ендіру үрдісі? Инновациялық

103. Педагогикалық зерттеудің негізгі әдістерін білу мұғалімге не үшін қажет? Тәрбие мен оқытудың міндеттерін шешу үшін

104. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім қызметі? Инновациялық бағыттылығын көрсетеді

105.Оқушының сын тұрғысынан ойлауындағы «дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыруын» көрсететін ерекшелігі? Ұтымдылығы

106. Оқыту үдерісі кезінде дарынды, талантты балаларды анықтайтын өлшемдерінің ішінен икемділік сипаттамасы? Тапсырманы орындауда балама шешімдерді көріп, қабылдай алады

107. Оқу пирамидасына сәйкес оқушылардың алған ақпаратты есте сақтауы үшін ең тиімдісі? Өзгелерді оқыту

108. Л.Шульман құзырлы мұғалімге тән үш белгіні көрсеткен. Соның бірі болып табылатын оқытудың тәжірибелік дағдыларының сипаттамасы? Оқушылардың білімін бағалау, ынталандыру, сабақты жоспарлау әдістемелерінің меңгеруі

109. Ұзақ мерзімді жадыда тәжірибелердің толық тізімі алғашқы болып сақталатын компонент? Эпизодты

110. Адам тәжірибесінің толық тізімі алғаш сақталатын жады түрі? Эпизодты

111. Сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі? Дәлелдеу

112.Орта бірлесуден гөрі, бәсекеге бағытталатын әңгіменің түрі? Әңгіме-дебат

113. Орта мерзімді жоспардың қызметі? Тізбектелген сабақтар жоспарын құру

114. Оқытудағы тәжірибе үлгісі және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен «көрсету» аспектілері арасындағы сәйкестік? Өлшеулерді қалай жүргізу керектігін көрсету

115. Оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайтын және сындарлылыққа негізделетін әңгіме түрі? Кумулятивтік

116. Оқу үдерісінің қатысушыларына жетістіктері мен дамуы туралы хабарлау? Кері байланыс

117. Мектеп бітіруші түлектерге мемлекеттік емтихан өткізудегі бағалаудың мақсаты? Стандартты бақылау және орындау

118.Дарынды және талантты балаларды анықтауда жоспарлауға көп уақыт жұмсап, бірақ жоспарды тез жүзеге асыра алуымен ерекшеленетін оқушының өлшемі? Ойлау қабілетінің жылдамдығы

119. Сабақты зерттеу (Lesson study) тәсіліндегі ең басты үдеріс? Сабақты зерттеу

120. Іс-әрекетті зерттеу тәсіліндегі басты үрдіс? Сабақты зерттеу

121. Қайта тәрбиелеу адамның қандай қасиеттерін жоюдан басталады? Жағымсыз

122. Жеке адамның қалыптасуындағы жетекші фактор? Отбасы

123. Сынып сағатына жатады? Форма

124. Тәрбие процесі? Сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру , дамыту процесі

125. Ғылыми білімді игеру, арнайы және жалпы білімдік іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру оқытудың қай функциясына жатады? Білімдік





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет