Білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Мұғалімнің тәжірибені жетілдіру үшін зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуімен байланысты көмекшісі
Бас
Бас -кәсіби түсінік оқыту мен оқу, сондай ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай ақ тәжірибені түсіну, дамыту, жетілдіру үшін дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.
Қол - оқытудың тәжірибелік дағдылары бұл ілім көрсету, таныстыру, түзету және оқытуды бағалау сияқты әртүрлі тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.
Жүрек - кәсіби адамгершілік тұтастық. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұсынады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға сенімділік, құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды пікірлері мен ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл бағыттағы ойлары бір жерден шығып жатады.