3. Сұрақ – жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты “субъект - субъект” жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады.
Сұрақ – жауап әдісінің мынандай түрлері бар: а) әңгіме – сұхбат,
ә) сұхбат - әңгіме,
б) анкета.
4. Мұғалімдердің, жаңашыл – педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз – педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық – педагогикалық іс - әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик – мұғалімнің тәжірибелілігі.