5. Эмпирикалық әдіс әдіс ретінде дәрігерлік – педагогикалық тексеру медикалық – педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әр түрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді.
6. Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу - зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды – даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі.
7. Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу - әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады.
Теориялық деңгей әдістері
Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп – салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.