Педагогика” пәні бойынша 050114– тарих, 050116– география, 050117–қазақ тілі мен әдебиеті, 050118–биология, 050112– химия, 050110–физика, 050109– математика, 050111– “ Информатика”



бет4/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#117868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
педагогика
география практика, Мінездеме, Лекция 2 Қаржы жүйесі

Елімізде қайта құрумен байланысты оқыту, білім беру, тәрбие мәселесінде айтарлықтай өзгерістер пайда болуда. Оның өзіндік әлеуметтік – экономикалық негізі де бар. Бір орталықта топтастырылған, сол арқылы бүкіл оқу тәрбиенің процестерінің орталық арқылы реттеп отыратын, салаларға бөлінген, басқару жүйесі күйреді. Еліміз өз алдына мемлекет болып, енді өз алдына барлық шаруашылық – экономикалық, ағарту – педагогикалық, саяси - әлеуметтік ахуалды өз қолына алып, өзі басқару дәрежесіне жетті. Сондықтан, еркін елдің болашақ азаматтарына жаңа жағдайларға байланысты, жаңаша тәрбиелеу мәселесі күн тәртібіне қойылған кезек күттірмейтін мәселе болып отырғаны белгілі. Олай болатын себебі қоғамдық - өндірістің дамуы, қоғамдық- экономикалық қатынасуы күрделі өзгерістерге түсуде . Меншік түрлері өзгеріп, енді жекеменшік иелері, шаруашылықтың түрлі саласында, оның ішінде білім беру саласында да жаңа терминдер, жаңа ұғымдар, жаңа құрылымдар пайда болуда. Бұрын орта, жоғары оқу орындарымен мектептен тыс мекемелерде бір мақсатта, біртұтас ынтымақты жұмыс жүргізілмей келсе, бүгінгі күннің өзгерісі ендігі жерде біртұтас педагогикалық процестің мәні зор болып табылады .Бастауыш мектепте білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процеске айналдыру немесе біртұтас оқу – тәрбие процесі деп атау, оқу-тәрбие процесін ұштастырып жүргізуге, олардың мақсатын бір жерге ұштастыруға зор педагогикалық мүмкіншілік береді. Демек, білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу бүгінгі таңда оқу – тәрбие процестің басты шарты болып табылады. Педагогика ғылымында бүгінгі таңда ұсынып отырған біртұтас педагогикалық процестің компоненттері деп мыналарды атауға болады: оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны формалары мен әдістері, сонымен қатар олардан шығатын нәтижелер. Бұл компоненттер бір - бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады. Демек, педагогикалық процесс сонда ғана нәтижесін береді. Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процесіне(ауысды) ұласады. Сондықтан, тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет