«педагогика» ПӘні бойынша


Дәстүрлі дидактикалық жүйе



бет5/9
Дата16.11.2022
өлшемі117,5 Kb.
#158595
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 8. Дидактика

Дәстүрлі дидактикалық жүйе. Бұл тұжырымдаманы педагогоцентристік деп те аталды. Бұл жүйеде басты рөлді мұғалім атқарады. Осыған ұқсас ілімді Я.А.Коменский, И.Песталоцци, Ж.-ЖРуссо И.Ф.Гербарт сияқты мұғалімдер дамытқан. Бұл доктринаның принципі көшбасшылық, басқару сияқты ұғымдар. Оқыту процесі мұғалімнің оқушыға авторитарлық ықпалына, материалды түсіндіруге негізделген яғни дәстурлі оқыту жүйесінде оқыту, мұғалім іс-әрекеті үстем орын алады. Мысалы, неміс ғалымы И.Ф.Гербарттың (1776-1841) оқыту мақсаты -оқушының ақыл-ой іскерлігін, түсініктерді, ұғымдарды, теориялық білімін қалыптастыру. Сонымен қатар Гербарт тәрбиелеп оқыту принципін ұсынды. Оқытуды ұйымдастыру, оқу орнындағы тәртіп, моральдық жағынан жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударды. Ол оқыту процесін формалдық сатыларға бөлді. Олар: баяндау, түсіну, жинақтау, қолдану. Бұл теория оқыту процесін ретке келтіріп, ұйымдастырады. Мұғалімнің тиімді қызметін, түсіндіруден меңгеруге және қолдануға дейінгі кезеңді жазып берді. Бұдан қазіргі уақыттағы барлық сабақтардың логикасын көруге болады.
Педоцентристік тұжырымдама бойынша оқыту процесінде негізгі рөл бала іс-әрекетіне беріледі. Оның негізіне Д.Дьюй (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-1932), В. Лай (1862-1926) дидактикасының жүйелері жатады.
Бұл теория баланы және оның әрекеттерін бірінші орынға қояды. Дж.Дьюи, Г.Кершенштейн, В.Лай осы ілімнің жақтаушылары және әзірлеушілері болып саналады. Мұғалімдер оқу процесін оның қажеттіліктеріне, өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, ең алдымен балаға қызықты болатындай етіп құруға ұмтылады. Бұл жағдайда оқу табиғи болып табылады. Баланың өзі белгілі бір білімді алу қажеттілігін түсінеді. Д.Дьюй оқыту процесін баланың қажеттіліктері, қызығушылығы қабілетіне қарай құруды ұсынды. Оқыту мақсаты - баланың жасы және ақыл-ой қабілетін, түрлі іскерліктерін дамыту. Оның тұжырымдауынша оқыту бұл дайын білімдерді айтып беру, жаттау және жаңғырту емес, оқушылардың алған білімдерін іс-әрекетте қолдануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет