Педагогика пәні мен объектісі


Әлеуметтік педагогика пәні жеке тұлғаны немесе кейде әлеуметтік зардап шегіп реабилитацияны немесе емдеуді қажет ететін адамдар тобын оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасы, оларды әлеуметтенд



бет11/15
Дата29.09.2022
өлшемі134,55 Kb.
#151213
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Педагогиканың теориялық – әдіснамалық негіздері.

Әлеуметтік педагогика пәні жеке тұлғаны немесе кейде әлеуметтік зардап шегіп реабилитацияны немесе емдеуді қажет ететін адамдар тобын оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасы, оларды әлеуметтендіру.

  • Әлеуметтік педагогика пәні жеке тұлғаны немесе кейде әлеуметтік зардап шегіп реабилитацияны немесе емдеуді қажет ететін адамдар тобын оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасы, оларды әлеуметтендіру.
  • Салыстырмалы педагогикаәр түрлі мемлекеттердегі оқу-тәрбие жүйесінің жүзеге асырылу мен даму заңдылықтарын ұқсастығы мен салыстыра айырмашылығын отырып зерттейді.
  • Арнайы педагогика (лат.specialis – род, вид) – дефектология, коррекциялық педагогика деп те аталады. Ол - дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар мен ересектерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдіс-тәсілдерін, құралдарын қарастырады. Есту қабілеті нашар және мылқау балалар мен ересектерге білім беру, тәрбиелеу мәселелерімен – сурдопедагогика; көру қабілеті нашар немесе көрмейтін балалар мен ересектерге білім беру, тәрбиелеу мәселелерімен – тифлопедагогика; ақыл-ойында кемістігі бар балалар мен ересектер мәселелерімен – олигофренопедагогика, сөйлеу қабілеті нашар балалар мәселелерімен – логопедия демек арнайы педагогика салалары айналысады.
  • Педагогика тарихы –Педагогика тарихы педагогикалық идеялар мен тәрбие практикасының әр түрлі кезеңдерде дамуын зерттейді.

Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы:

  • Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы:
  • • Философия
  • • Психология
  • • Мектеп гигиенасы
  • • Әлеуметтану
  • • Этнография мен этнология
  • • Адам анатомиясы мен физиологиясы
  • • Математика
  • • Кибернетика
  • Философия педагогикалық ғылымның фундаменті, әдіснамалық негізі болып табылады. Белгілі философиялық концепция кез-келген педагогикалық теорияның негізі. Философиялық ғылымдармен байланысы педагогикаға тәрбиенің мақсатын, жеке тұлғаның болмыстағы орнын, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын анықтауға көмектеседі. Педагогика философияның этика және эстетика сынды салаларымен тікелей байланыста;
  • Психология оқыту мен тәрбиелеудің нақты мәселелерін шешуге көмектеседі, педагогикалық әрекетке қажет балалардың жас және дербес ерекшеліктері туралы білім береді.
  • Мектеп гигиенасы оқу процесін ұйымдастыруда ескерілетін оқушы өміріндегі санитарлық-гигиеналық жағдайды зерттейді.
  • Әлеуметтану қоғамды күрделі жүйе ретінде қарастыра отырып, педагогикаға оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға қажетті көптеген материал береді. Бүгінде жалпы мәлімет пен социологиялық зерттеудің нәтижелерін тәрбиенің нақты міндеттерін шешуге айналдыратын педагогикалық социология деп аталатын жаңа ғылым пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет