Формальды емес білім беру педагогикасы – оқыту мен тәрбиелеудің формальды емес (дәстүрлі емес) әдістері мен тәсілдерін зерттейді;
Ересектерге білім беру педагогикасы.
Мектепке дейінгі педагогика - мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасының даму мен қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым.
Мектепке дейінгі педагогика - мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасының даму мен қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым.
Жалпы педагогика – тәрбиенің негізгі жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Мектеп педагогикасы – мектептегі балалардың жеке тұлғасының даму мен қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым.
Жас ерекшелігі педагогикасы – әр түрлі жас кезеңдерінде (мектепалды педагогикасы, орта мектеп педагогикасы, орта - арнайы білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, андрогогика, герогогика) адамды тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейді.
Өндірістік педагогика - жұмысшыларды оқыту заңдылықтарын; өнеркәсіптің жаңа құрал-жабдықтарына қайта бейімдеу; жұмысшылардың біліктілігін көтеру; жаңа мамандыққа қайта бейімдеуді қарастырады.
Кәсіби педагогика – нақты кәсіби сфераға бағытталған оқыту мен тәрбиенің заңдылықтарын, теориялық негіздемесін, принциптерін, технологияларын зерттейді. Кәсіби аймаққа байланысты әскери, инженерлік, медициналық және т.б. деп бөлінеді.
Жоғары мектеп педагогикасы – ғылыми потенциал факторымен түсіндіріледі. Болашақ мамандарды жоғары біліктілігі бар мамандар даярлап шығарады.