Әлеуметтік педагогика пәні жеке тұлғаны немесе кейде әлеуметтік зардап шегіп реабилитацияны немесе емдеуді қажет ететін адамдар тобын оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасы, оларды әлеуметтенд
Әлеуметтік педагогика пәні жеке тұлғаны немесе кейде әлеуметтік зардап шегіп реабилитацияны немесе емдеуді қажет ететін адамдар тобын оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасы, оларды әлеуметтендіру.
Әлеуметтік педагогикапәні жеке тұлғаны немесе кейде әлеуметтік зардап шегіп реабилитацияны немесе емдеуді қажет ететін адамдар тобын оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасы, оларды әлеуметтендіру.
Салыстырмалы педагогика – әр түрлі мемлекеттердегі оқу-тәрбие жүйесінің жүзеге асырылу мен даму заңдылықтарын ұқсастығы мен салыстыра айырмашылығын отырып зерттейді.
Арнайы педагогика (лат.specialis – род, вид) – дефектология, коррекциялық педагогика деп те аталады. Ол - дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар мен ересектерді оқыту мен тәрбиелеудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдіс-тәсілдерін, құралдарын қарастырады. Есту қабілеті нашар және мылқау балалар мен ересектерге білім беру, тәрбиелеу мәселелерімен – сурдопедагогика; көру қабілеті нашар немесе көрмейтін балалар мен ересектерге білім беру, тәрбиелеу мәселелерімен – тифлопедагогика; ақыл-ойында кемістігі бар балалар мен ересектер мәселелерімен – олигофренопедагогика, сөйлеу қабілеті нашар балалар мәселелерімен – логопедия демек арнайы педагогика салалары айналысады.
Педагогика тарихы –Педагогика тарихы педагогикалық идеялар мен тәрбие практикасының әр түрлі кезеңдерде дамуын зерттейді.
Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы:
Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы:
• Философия
• Психология
• Мектеп гигиенасы
• Әлеуметтану
• Этнография мен этнология
• Адам анатомиясы мен физиологиясы
• Математика
• Кибернетика
Философия педагогикалық ғылымның фундаменті, әдіснамалық негізі болып табылады. Белгілі философиялық концепция кез-келген педагогикалық теорияның негізі. Философиялық ғылымдармен байланысы педагогикаға тәрбиенің мақсатын, жеке тұлғаның болмыстағы орнын, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын анықтауға көмектеседі. Педагогика философияның этика және эстетика сынды салаларымен тікелей байланыста;
Психология оқыту мен тәрбиелеудің нақты мәселелерін шешуге көмектеседі, педагогикалық әрекетке қажет балалардың жас және дербес ерекшеліктері туралы білім береді.
Мектеп гигиенасы оқу процесін ұйымдастыруда ескерілетін оқушы өміріндегі санитарлық-гигиеналық жағдайды зерттейді.
Әлеуметтануқоғамды күрделі жүйе ретінде қарастыра отырып, педагогикаға оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға қажетті көптеген материал береді. Бүгінде жалпы мәлімет пен социологиялық зерттеудің нәтижелерін тәрбиенің нақты міндеттерін шешуге айналдыратын педагогикалық социология деп аталатын жаңа ғылым пайда болған.