Педагогика пәнінен өзіңдік жұмысы Орындаған: Тойлыбай Нұрасыл мок203



Дата10.04.2022
өлшемі336,93 Kb.
#138713
Байланысты:
Эссе Тойлыбай Нұрасыл МОК203





26.11.2021ж
Педагогика” пәнінен өзіңдік жұмысы

Орындаған: Тойлыбай Нұрасыл МОК203
Қабылдаған: доцент Жумашева С.С

Педагогикалық процесс мұғалім іс- әрекетінің объектісі. Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық спатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Санның тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады. Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек, мұғалімнің іс-әрекеті, оның білім және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса, бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйәкес болмайды. Қазіргі кезеңдегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикадық құбылыстар компонентетрінің, қасиеттері, заңдылықтар туралы дербес білімдері бірте-бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздік (термин) ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында (П.Ф.Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процестің белгілері, спалары мен қасиеттері. Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әректетегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогиклық процестің элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» болуы керек. Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды. Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн- ересектер қызметін алады, яғни. әлеуметтік тәжірибеде алынған іс-әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы жүзеге сасады. Тұлғаның іс-әрекет субъектісне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді. Барлық мәдени байлықтарды және іс-әректтер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бер жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім «сынып ұстаздары» элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы ұжымы мен өзара әрекетері барыснда жоғары деңгейдегі жүйе «сынып оқушылары» пайда болады. Заңдар педагогикалық теорияның даму деңгейінің бейнесі. Әр бір ғылымның ең маңызды міндеттерінің бірі ақиқат шындықата әрекет ететін объективті заңдарды танып білуі болып есептеледі. Бір заттық саланың теориясын құруға және әрине, тәжірибелік міндеттерді тиімді түрде шешуге тек заңдарды танып білу ғана мүмкіншілік береді. Ғылыми білім құбылыстарды жазып баяндау ретінде қалыптасқаны, сонан соң тәжірибе негізінде эмпирикалық теориялардың қалыптасқанын және жеке заңдардың ашылғанын ғылыми ізденістер терихында қарап көруге болады. Тек осы заттық саланың ерекше заңдары ашылғаннан кейін қазіргі кезеңдегі ғылыми білім теориясы дамытады.

ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап педагогика оқулықтарында заңдар мен заңдылықтар жайында пераграфтар орын тапты. Бірақ, олардың біреуінде де бұл не екенін түсінік берілмеген. Ұғымдар өз бетінше қалыптасқан, неліктен автор осыны заң әлде заңдылық деп санайтыны түсініксіз. Одан басқасы, нені заңдарғаа, ал нені заңдылықтарға жатқызуға болады екені ажыратылмаған. Осының барлығы тек педагогикалық заңдар мәселесінің теориялық тұрғыдан зерттелмегенін ғана дәлелдейді. Белгілі дәрежеде бұл филисофитардың зерттеп дайындаған заңдар мен заңдылықтар туралы түсініктерін есепке алмағандықпен байланысты. Екі мың жылдық өткен соң Д.Бруно "табиғат заңы" ұғымын алғашқы рет пайдаланаады. Бірақта ұғымның кең қолдануы Декартқа жатады, ол заңға екі атрибут - мәңгілік және тұрақтылық пән деп санады. Яғни, егерде объективті шындықтың бұл саласы орынды болса, оның заңдары мәңгі және тұрақты, адамдар ерігіне тәуелді емес - объективті. Мысалға бет бұрайық: материя бар және материя мен энергияның сақталу заңы бар. Жер үстінде өмір, және ассимиляция және диссимиляция заңы бар. Ғаламда денелер бар және әлемдік салмақ заңы бар. Жаңа дәуірде "заң" ұғымын жете зерттеуімен әр түрлі философиялық жүйелердің өкілдері шұғылданады. Ф.Энгельс өзінің "Диалектика проироды" деген еңбегінде адамдар, заңдардың әрекетін өздерінің бақылауларында әлдеқашаннан белгіледі және соңы тәжірибені жетілдіруде қолданды деп айтып өтті. Сондықтанда ғылыми заңдар бірден ашылмайды, ал ашылғандар сол заттық саладағы жаңа білімдерге байланысты анықтала береді. Жеткілікті көрнектілік мысал - химияда Д.И.Менделеевтің периоды заңының анықталуы. Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі ұйымдастыруға қабілеттің тек бір жағдайда болады. Егерде әр бір индивид, осы жүйеге қатысушы үйлесімді дамуына және өзін іс жүзінде көрсетуге қажетті және жеткілікті шарттарына ие болса. Демек, педагогикалық процеске маңыздысы - индивидтің қалыптаса басталуы, олардың жеке даралығының және әлеуметтік пісіп-жетілуінің қалыптасуы. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайды, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжерибесін өсіп келе жатқан мұрагерлердің менгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретінде қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасқан қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары.


Ұстаздың табысты кәсіби іс-әрекеті танып білген педагогика заңдарына сәйкес іс-әрекет. Қазіргі кезде кәсіби іс-әрекет табысты нәтижелерінен бағаланады. Ал бұл білім беру саласында әсіресе маңызды, өйткені бұл жерде табысты нәтиже - ол орын тапқан тұлға. Егерде білім беру саласында табысты нәтижелер болса, сонда қоғам өмірінің барлық басқа салалары, кәсіби іс-әрекеті түрлерінің әр түрлілігі жағымды өзгерістерге мүмкіншілік табады. ХХ ғасырда бірте-бірте үдейе түскен, білім берудің дағдарысы, 60шы жылдарда анық білінді. Ф.Кумбс /1/ осы дағдарысқа толық жүйелі талдау жасады. Бірақ әр түрлі елдерде жасаған реформалау әрекеттері шындығында ең бастысын қозғамаған: білім алу процесі және нәтижесі ретінде анықталған білім берудің парадигмасы бұрынғыдай болып қала берді. Сондықтан кездейсоқ емес 90шы жылдарда ЮНЕСКО-ның бас конференциясының ХХ сессиясы болып өткенде бүкіл дүниеде білім беру рөлінің қазіргі кезеңдегі тұжырымдамасы қабылданды, оған білім берудің жаңа парадигмасы сай келеді: білім беру деп әлеуметтік пісіп-жетілумен жеке даралық өсуге жеткен тұлғаның қабілеттерін және міне-құлқын толық жетілдіру процессін және нәтижесін түсіне керек. Білім беруде алғашқы рет тұлғаның мүдделері бірінші орынға қойылды. Осы түсінікте болмыстың ең маңызды, материалисттік диалекктикада ашылған өзгешелікті бейнелеген - ол заттандыру мен затсыздандыру. Білім беру жүйеде ұстаз ғылыми білімді жинаған әдіс-тәсілдерді айқындайды деген сөз. Оқыту процесі барысында оқушылар бұл әдістерді игеру арқылы меңгеріп жатқан оқу пәнін игерді. Дәл осылай іс-әрекет әдістерін меңгеріп алу болғандықтан оқушылардың тұлғасының өзгерілуі болады заттандыру. Шындығында дәл осымен жеке адам тұрғысына бағытталған білім берудің қажеттілігі белгіленеді. Яғни, оқушы нені істей алады, оқыту процесі барысна қанждай болады екенндігіне ерекше назар аудару. Тек сонда ғана оқушылар адамзаттың, этностың, аймақтың, жанұяның, мамандықтың мәдениет меңгеруі және олардың қоғамдық кәсіби іс-әрекетте дамуы туралы айтуға болады. Яғни педагогикалық заңдар білім берудің сапасының мәнін түсінуде перспектива ашады-ол социумде өзін іс-жүзінде көрсете алуға дайын оқушылардың тұлғасын жасау. Бірақ біртұтас педагогикалық процестің теориясымен оның заңдарын меңгермейінше, ұстаз ең бастыға қатыссыз жеке бөліктерге шоғырлануы мүмкін. Педагогикалық заңдарды білу ұстазға практикалық жұмысты нақты мақсатқа яғни, түпкі нәтижеге анық бағыттарды белгілеп құруға мүмкіншілік береді. Педагогикалық процестің заңдылықтары Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту – тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді. Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді. Мұғалімді дайындау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттері мен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі – құрылымдық сипаттау, алда болатын ісәрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады. Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін-өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет