Педагогика тарихы


Тәуелсіз Қазақстанның “Білім беру туралы” Заңы



бет95/113
Дата18.11.2022
өлшемі2,03 Mb.
#158802
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет. (3)

Тәуелсіз Қазақстанның “Білім беру туралы” Заңы алғаш рет 1992 жылы жарыққа шықты. Егемен еліміздің білім беру саласы бойынша алғашқы заң 6 бөлімнен, 45 баптан тұрды. Ұлттық білім беруді дамытуға байланысты негізгі қамтылған мәселелер – білім беру саласы бойынша жалпы Ережелер, білім беру жүйесінің құрылымдары, білім беру процесі субъектілерінің хұқылары мен міндеттері, білім беру жүйесін басқару, білім беру мекемелерінің қаржы-шаруашылық қызметі, халықаралық байланыстар болды.
Еліміздегі білім беру ісіндегі өзгерістер, экономикалық тұрақтылық 1992 жылғы қабылданған Білім беру туралы” Заңын жетілдіруді және толықтыруды қажет етті. Осыған сәйкес 1999 жылдың 7 маусымында Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы жетілдіріліп, қайта бекітілді. Жетілдірілген заң 9 бөлімнен, 50 баптан тұрады. Қайта бекітілген заңның 1992 жылғы қабылданған білім туралы заңнан негізгі айырмашылығы жаңа заңға “Білім бағдарламалары мен білім сатылары“, “Білімдегі экономика“, “Өтпелі ережелер” атты бөлімдер мен баптар енгізілді.
“Жалпы Ережелер” бөлімінде адьюнтура, академия, білім беру жүйесін аттестациялау, бакалавриат, магистратура, бакалавр, магистр, арақашықтықтан оқыту, колледж, лицей, шағын жинақталған мектеп, білім гранттары, білім кредиттері, т.б. ұғымдарына түсініктемелер берілді.
“Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері” атты бөлімде – бұрыннан қамтылған баптарға қоса оқушыларды кәсіби бағыттау және білім беру жүйесін ақпараттандыру атты қосымша бағыттар қамтылған. Осы бөлімде білім беру мекемелерінде саяси партиялар мен діни ұйымдардың құрылымдарын құруға жол берілмейді деген екінші пункт енгізілді.
Заңның екінші бөліміне білім беру жүйесінің уставында анықталатын мәселелер және оқушы-жастардың кәсіптік практикаларын өткізуге байланысты жаңадан пунктер енгізілді.
Ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеністігімен кіріктіруге байланысты 2004 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы қайта қаралып, өзгерістер енгізілді. Ол заң 9 тараудан, 50 баптан тұрады.
Жалпы ережелер” атты бірінші тарау сегіз баптан тұрады, онда заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар; Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдары; білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері; азаматтардың білім беру саласындағы құқықтарының мемлекеттік кепілдіктері; білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары; білім беру жүйесі; білім беру жүйесінің құрылымы қамтылады.
Білім беру ұйымдары” атты екінші тарау 9 баптан тұрады - білім беру ұйымдары; білім беру ұйымының жарғысы; білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату; білім беру қызметін лицензиялау; білім беру ұйымдарынан білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдауға қойылатын жалпы талаптар; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру; оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру; білім алушылардың кәсіптік практикасы; білім туралы құжаттар; білім беру жүйесіндегі бірлестіктер.
Білім беру бағдарламалары мен білім деңгейлері” атты үшінші тарау 9 баптан тұрады - білім беру бағдарламалары; білім берудің балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша дамыту бағдарламалары; арнаулы білім беру бағдарламалары; жалпы және кәсіптік білім беру; білім деңгейлері; мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту; орта білім беру; кәсіптік жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру; қосымша кәсіптік білім беру.
Білім беру жүйесін басқару” атты төртінші тарау 7 баптан тұрады - Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті; Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органының құзыреті; жергілікті өкілді және атқарушы органдардың білім беру саласындағы құзыреті; білім беру ұйымдарының құзыреті; білім беру ұйымдарын басқару; білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау; білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету.
Білім беру процесі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері” атты бесінші тарау 6 баптан тұрады - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары мен міндеттері; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау; ата-аналардың және өзге заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері; педагогикалық қызметпен айналысу құқығы; білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі; білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, олардың әлеуметтік кепілдіктері; еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі.
Білім беру экономикасы” атты алтыншы тарау 3 баптан тұрады – білім беру ұйымдарын қаржыландыру; білім беру ұйымдарының материалдық -техникалық базасы; білім беру саласындағы кәсіпкерлік қызмет.
Білім беру саласындағы халықаралық қызмет” атты жетінші тарау 2 баптан тұрады - халықаралық ынтымақтастық; шетелдегі қазақ диаспорасының білім алуға деген қажеттерін қанағаттандыру.
Білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік” атты сегізінші тарау - білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік атты бір баптан тұрады.
Өтпелі ережелер” атты тоғызыншы тарау – заңды күшіне енгізу атты бір баптан тұрады.
Қазақстан РеспубликасыБілім туралы Заңына сәйкес нормативті актілер дайындалып, сол бойынша білім беру заңдары іске асырылады. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің моделі әлемдік білім кеңістігінде орын алып жатқан өзгерістерге және 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған Білім берудің Халықаралық Стандарттық Классификациясына сәйкес жасалды. “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасына және “Білім туралы “ заңына сәйкес мемлекеттік білім беру жүйесінің құрылымы айқындалды.
“Білім туралы” заңға сәйкес үздіксіз білім беру жүйесінің негізі белгіленді, олар мектепке дейінгі тәрбие мен білім, бастауыш және жалпы орта білім, орта кәсіптік білім, жоғары кәсіптік білім, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.
“Білім туралы” Заңына сәйкес 1995 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі жеке меншік оқу орындарын лицензиялауға байланысты мемлекеттік емес білім беру мекемелерінің, 1996 жылы гимназиялар мен лицейлердің Ережелері бекітілді.
Қазақстан мектептерін үлгілеуде ел Президентінің “Дарынды балалар мектептерін дамыту” атты ұсынысы маңызы жоғары стратегиялық қадам болды. Осы ұсынысқа сәйкес елімізде жоғары интеллектуалды азаматтарды дайындайтын дарынды балаларға арналған республикалық “Дарын” мектебі ашылды.
Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңына сәйкес пәндерді тереңдетіп оқытатын және әртүрлі бағытта мамандандырылған мектептер ашыла бастады. 1990 жылмен салыстырғанда 1998 жылы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер саны екі есеге артып, ал гимназия саны 16-дан 131-ге, лицейлер 10-нан 112-ге дейін көбейді. 1998-1999 оқу жылында арнайы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектеп саны - 1964, гимназия - 195, лицей - 149 болды.
2007 жылдың 27 шілдесінде “Білім туралы” жаңа Заң қабылданды. Ол заңның басты ерекшеліктерінің бірі 50 бапта көрсетілген “педагог қызметкердің мәртебесі” болса, 51 бапта “педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі нақты анықталған. Сонымен қатар тағы бір ерекшелік 52 бапта “Білім беру ұйымдары қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі”, яғни білім жүйесін реформалауға байланысты мұғалімнің жүктемесін реттеу арқылы, айлығын көтеру қарастырылған.
Республикада 1998 жылы орта білім беру жүйесін реформалау үрдісінде елеулі бетбұрыстар болды. Еліміз егемендік алған алғашқы 5 жылда жіберілген кемшіліктерді жоюға байланысты күрделі жұмыстар атқарылды. Ауылдық жердегі мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерін қайта қалпына келтіру ісі қолға алынды.
1998 жылдың тамыз айындағы үкіметтің “Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін реформалаудың болашақ іс-шаралары” атты қаулысы қабылданды. Қаулыға сәйкес барлық халықтардың білім алуына мүмкіндік тұғызу, осы мақсатқа сай мектептерде жалпы білім беру қорларын құру, т.б. қаралды. Тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларын материалдық тұрғыда сүйемелдеу (киім, кітап, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, емдеу орындары мен лагерлерге жолдама, т.б.) қамтамасыз ету қордың негізгі міндеті ретінде белгіленді.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырысы бойынша 1997 жылы қыркүйек айында жалпы орта білім беру жүйесін информатизациялау мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарламаның іске асуын Президент Н.Ә.Назарбаев тікелей өз қадағалауына алды. Президенттің тапсырмасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру бағдарламасы қабылданды. 1998-1999 оқу жылында республика бойынша 1562 мектеп компьютерлермен жабдықталды. Оның ішінде 917-сі – ауыл мектебі. 1999-2000 оқу жылында 1000-нан аса мектепке компьютерлер орнатылды. Информатика пәні бойынша және электронды оқулықтар шығарылды.
1999-2005 жылдар аралығында мұғалімдердің материалдық жағдайы да жақсарды. Еліміздегі экономиканың қарқынды өсуіне байланысты бюджеттік мекемелерде қызмет істейтін мамандардың, мұғалімдердің еңбек ақысы көбейтіліп, дер мезгілінде берілетін болды.
Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында қол жеткізген игіліктердің бірі - ұлттық мәдени-тарихи құндылықтардың қайта жаңғыруы, оның қоғам өмірінің барлық салаларында орын тебуі. Осы тұрғыдан білім беру жүйесінің әрбір буынында әр түрлі бағыттағы ізгі істер бастама алды. Білім беру саласындағы реформалар бір жағынан әлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздеді. Елімізде қазақ, орыс тілдерімен қатар ұйғыр, өзбек, поляк, неміс, т.б. тілдерінде жұмыс істейтін мектептер ашылып, 14 тіл ана тілі ретінде оқытыла бастады. Тәуелсіздік алған елімізде ұлттық және әлемдік мәдени мұраның диалектикалық бірлігі негізінде жалпы білім беру жүйесін демократияландыру, ізгілендіру арқылы жүзеге асыруда алғаш рет 1994 жылы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі бекіткен “Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы”, “Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердегі білім мазмұнының тұжырымдамасы” жарияланды. Бұл құжаттарда білім мазмұнын қалыптастырудың ғылыми негіздері, принциптері анықталып, білім мазмұнының құрамы мен құрылымы, жоспарлары нақтыланды.
Осы орайда, мемлекет тарапынан “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” жасалынып, жедел іске асыру үрдісі басталды. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 448 Жарлығымен бекітілген “Білім” мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелерін талдау негізінде әзірленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет