Педагогика


Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік



бет17/123
Дата08.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#118912
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   123
Байланысты:
УМКД педагогика 2018

7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық – қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік – қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда (өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау) жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.
Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей қайта бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық – мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылды:
- жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;
- күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
- оқытудың сабақтастығы;
- әрбір оқыту сатысының даралығы.
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физиологиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытуға дайындау саласының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет