Педагогика


Дәріс №21 Оқыту үдерісінің маңызы



бет48/123
Дата08.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#118912
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123
Байланысты:
УМКД педагогика 2018
УМКД педагогика 2018 , 16-18 Рк2, 1. Бас с?йек ми нервтерін тексеру ?дістері 2, 4 Жазықтықтар, sor-2-9-2-chetvert
Дәріс №21 Оқыту үдерісінің маңызы


Жоспар:

  1. Дидактика – оқыту және білім беру теориясы

  2. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы

  3. Оқыту процесінің мәні, психологиялық негіздері, қызметі

  4. Оқыту процесінің құрылымы, заңдылықтары, принциптері

  5. Тұлғалық бағдарлы оқыту

  6. Электронды оқыту

  7. Дидактикалық құзыреттілік 



Мақсаты: дидактика, оқыту туралы түсінік беру, дидактиканың негізін салушы педагогтардың пікірлеріне талдау жасау. Оқыту процесінің мәні мен ерекшеліктерін түсіндіру, қазіргі кездегі оқытудың мақсатын анықтау.


Негізгі ұғымдар: дидактика, оқыту үдерісі, оқыту функциясы, оқыту заңдылықтары, қағидалары, түйінді құзыреттіліктер, бағдарлы мектеп, электрондық оқыту, дидактикалық құзыреттілік.
«Дидактика» деген термин гректің «дидактикос» деген сөзінен шыққан, қазақша мағынасы оқыту, үйрету дегенді білдіреді. «Дидактика» терминін алғаш рет неміс педагогы В.Ратке (1571-1635) «оқыту өнері» деген мағынада қолданған. Сол сияқты чех педагогы Я.А.Коменский «бәрін де, барлығын да оқытудың әмбебап өнері» мағынасында «Ұлы дидактика» деген еңбегінде қолданған.
Дидактика педагогика ғылымының дербес бір саласы болып табылады. Дидактиканың зерттейтін пәні - білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы. Басқаша айтқанда, дидактика білім беру мен оқыту процесінің заңдылықтары мен ережелерін, мазмұны мен формасын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Оның негізгі мақсаты - нені оқыту керек және қалай оқыту керек деген сұрақтарға жауап беру.
Дидактиканың негізгі ұғымдары - білім, іскерлік, дағды. Білім деп адамның табиғат пен қоғам заңдарын тануының нәтижесін, басқаша айтқанда, әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер мен ұғымдар, заңдылықтар жүйесін айтамыз. Іскерлік деп білім негізінде оқушының белгілі іс-әрекетті орындай алу бейімділігін айтамыз. Дағды деп әрекеттің саналы түрде автоматтануын айтамыз. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Іскерлік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екенін көрсетеді.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский. Ол өзінің «Ұлы Дидактика» деген еңбегінде оқытуды жаңаша ұйымдастырудың теориялық негізін салды. Оның идеяларын әрі қарай жалғастырушы швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци бастауыш білім берудің теориясы мен практикасын дамытуда зор үлес қосты. Орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский, қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин бастауыш мектепте ана тілінде оқытуды ұсынып, бастауыш класс балаларына арнап оқулықтар жазған. ХХғ. басында А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, т.б. қазақтың ағартушы-педагогтары бастауыш білім берудің мазмұны, оқытудың ғылыми-методикалық негіздері туралы құнды педагогикалық еңбектер жазды. Әсіресе, Ж.Аймауытовты ерекше атап өту керек. «Тәрбиеге жетекші» (1924ж) деген еңбегінде тұңғыш рет дидактикаға қазақ тілінде былай деп анықтама береді: «Баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогика бөлімі дидактика деп аталады».
Процесс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процесті құрайтын екі процестің біреуі болып табылады. Ертедегі және орта ғасырдағы ойшылдар «оқыту», «оқыту процесі» деген ұғымдарды «үйрету» деп түсіндірді. Тек ХХғ басында ғана «үйрету», «оқу» деген түсініктер қатар айтыла бастады. Үйрету деп мұғалімнің оқу материалын игеруді ұйымдастыру қызметі болса, оқу - оқушының сол материалды игеру қызметі. Кейін оқыту ұғымына мұғалімнің жетекшілік қызметі, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті деген түсініктер қосылды.
Оқыту процесі дидактикалық жүйелерге негізделеді. Дидактикалық жүйелердің түрлері: дәстүрлі, педоцентристік, қазіргі жүйе.
Оқытудың дәстүрлі жүйесінде басты роль мұғалімнің іс-әрекетіне, білім беруге беріледі. Бұл жүйені Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Гербарт сияқты педагогтардың теориялары құрайды.
Педоцентристік тұжырымдамада басты роль баланың іс-әрекетіне, оқуға беріледі. Оның негізіне Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кершенштейнердің «еңбек мектебі», В.Лайдың «әрекеттегі педагогика» тұжырымдамалары жатады.
Оқытудың мақсаты тәрбиенің мақсатына ұқсас. Егер мақсат болмаса, оқыту процесінің нәтижесі де болмас еді. Сонда оқыту процесі - оқытудың мақсатын жүзеге асыратын процесс. Оқыту процесінің негізгі мақсаты: мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу. Бұл міндеттер төмендегідей:

  • Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту;

  • Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру;

  • Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру;

  • Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру ;

Оқытудың 3 функциясы бар:

  • білімдік - оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру.

  • тәрбиелік - адамгершілік, ұқыптылық, жауапкершілік, отансүйгіштік, т.б. қасиеттерді тәрбиелеу.

  • дамытушылық - баланың таным қабілеттерін арттыру.

Оқыту процесінде оқушыларға білім берумен қатар, ең алдымен тәрбие берілуі керек. Оқушыларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, ақыл-ой, дене, т.б. тәрбие беру міндеті жүзеге асырылады. Соның ішінде оқыту, ең алдымен, ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты.
Оқытудың мақсат-міндеттері, мазмұны қоғам қажеттіліктеріне қарай өзгеріп отырады. Қарапайым қоғамда оқытудың мазмұны да қарапайым: бала тек оқу, жазу, санау білсе жеткілікті. Қоғамның дамуына байланысты өндірістің, техниканың дамуына қарай оқытудың мазмұны да күрделенді, бұрынғы қарапайым білім өндірісте жұмыс істеуге жеткіліксіз болды. Оқу орындарында техникалық білім беріле басталды. ЭЕМ дамыған қазіргі қоғамда компьютерлік білімнің қажеттілігі туды.
Оқытуда бала үнемі білмеуден білуге қарай жылжып отырады. Баланың танымдық қабілеттері - ойлау, есте сақтау, зейінділік, т.б. дамиды. Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі - мотивтер. Мотив деп белгілі әрекетке итермелейтін, бағыттайтын себепті айтады.
Оқыту процесіне мұғалім мен оқушы қатысады. Оқытуда жетекші рольді мұғалім атқарады. Алайда оқушы тек обьект ғана болмай, субьект болуы керек. Оқытуда жақсы оқитын балалар белсенділік көрсетсе, үлгермеушілер енжарлық жасап, оқуға ешқандай күш жұмсамайды. Мұғалім балалардың бәрін де оқуға қызықтырып, ынталандыруы керек.
Оқыту процесінің құрылымы: Білім алудың мақсаты мен мотивін анықтау, Жаңа оқу материалын қабылдау, Білімді бекіту, Білім мен дағдыны практикада қолдану, Оқушылардың БІД тексеру, бағалау
Мотив әрекеттің себебін, ал мақсат әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиіс екенін анықтайды. Баланың оқудағы негізгі мотивінің бірі - қызығу. Өйткені бала білім алуға қызықпаса, талаптанбаса, оны зорлап оқытуға болмайды. Баланы қызықтыру үшін білімнің мақсаты мен қажеттілігін түсіндіру керек.
Оқушының білімді меңгеруі жаңа материалды қабылдаудан басталады. Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, мұғалім оларды жаңа білімді қабылдауға дайындайды.
Оқыту процесінде оқушылардың алған білімін бекітіп отыру маңызды. Ол үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыру қолданылады. Бекітуді ұйымдастырғанда түрлі жаттығулар, ойындар, көрнекі және техникалық құралдарды пайдалануға болады.
Білімді толық меңгеру оны практикада қолдануды керек етеді. Егер оқушы алған білімін практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағанын көрсетеді. Білім мен дағды түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады.
Тексеру мен бағалау оқытудың әрбір кезеңінде қолданылады. Бұл арқылы оқушының біліміндегі жетістіктер мен кемшіліктер анықталады. Оқушының білім алудағы жетістіктеріне талдау жасап, айтып отыру маңызды. Дұрыс, әділ қойылған баға оқушының ынтасын арттырады, өз күшіне деген сенімділігін тудырады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы обьектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Оқыту заңдылықтары сыртқы, ішкі, жалпы, жеке болып бөлінеді. Оқыту процесінің өзіне тән ерекшелігі бар: оқыту процесі тәрбиеге қарағанда оңай басқарылады, тез іске асырылады әрі нәтижесін тез байқауға болады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К.Бабанскийдің, И.Я.Лернердің, И.Ф.Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет