Педагогика



бет53/123
Дата08.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#118912
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   123
Байланысты:
УМКД педагогика 2018
УМКД педагогика 2018 , 16-18 Рк2, 1. Бас с?йек ми нервтерін тексеру ?дістері 2, 4 Жазықтықтар, sor-2-9-2-chetvert
Жаңа сабақ жаңа материалды хабарлау мақсатын көздейді және сабақтың басым бөлігі осыған арналады. Бекіту сабағының мақсаты - өтілген жаңа материал бойынша оқушылардың білімін бекіту. Қайталау сабағының мақсаты - өтілген оқу материалдарын бір жүйеге келтіру, қайталап, пысықтау. Аралас сабақ мектеп тәжірибесінде ең жиі қолданылатын сабақтың түрі. Онда бірнеше міндет жүзеге асырылады. Тексеру (бақылау) сабағында өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімі тексеріледі, бақылау жұмысы орындалады.
Дәстүрлі емес сабақтар - бұл ойдан шығарылған сабақтар. Оның негізгі құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданылатын конкурс, сайыс, көкпар, ойын, бәйге, аукцион, т.б. жеке тәсілдерді сабақтың элементтері деп қарау керек. Дәстүрлі емес сабақтардың, дәстүрлі сабақтар сияқты, мақсаты мен міндеттері, жоспары болады. Сабақтың мазмұны, барысы мұғалімнің шеберлігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.
И.Подласыйдың «Педагогика» оқулығында дәстүрлі емес сабқтардың 36 түрі ұсынылады: іскерлік ойындары сабағы, КВН-сабақ, концерт-сабақ, сот-сабақ, аукцион-сабақ, ертегі сабақ, т.б. Сайыс-сабақ оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын артырады, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелейді. Ертегі-сабақ балалардың артистік қабілеттерін жетілдіреді, өздерін еркін ұстауға, ситуацияны өз бетімен шешуге үйретеді. Соңғы кездері теледидардан көрсетіліп жүрген «ХХІ ғасыр лидері», «Не? Қайда? Қашан?», «Кім миллион ұтып алады?», «Алтын қақпа», «Атажұрт», т.б. интеллектуалдық, танымдық бағдарламаларға негізделген сабақтар да өткізіледі.
Оқу жұмысын тексерудің барысында сабақтың сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Сабақты талдау шамамен мына үлгі бойынша жүреді:

  • Оқу пәні

  • Сынып

  • Мұғалім

  • Сабақ тақырыбы

  • Сабақ мақсаты

Талдау барысында мына мәселелер еске алынады:

  1. Сабақтың типі мен құрылымы;

  2. Сабақтың мазмұны, оқу материалының сапасы;

  3. Оқыту әдістері;

  4. Оқушылардың сабақтағы іс-әрекеті;

  5. Мұғалімге мінездеме беру;

  6. Сабақтың нәтижесі;

Сабаққа қатысу аяқталғаннан кейін талдау басталады. Алдымен сабақты мұғалімнің өзі талдайды, содан кейін басқа қатысушылар өз пікірлерін, ұсыныстарын айтады.
Жақсы жоспарланған, шебер ұйымдастырылған сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады. Мұғалім әр сабағына мұқият дайындалып, оның мазмұнын, өтілуін жан-жақты ойластыруы керек. Егер мұғалім сабақты дұрыс жоспарламаса, ол өз пәнін жетік білгенімен, сабақтың ірі кемшіліктері болады. «40 жыл мұғалім болсаң да, 45 минуттық сабағыңа әзірленуді ұмытпа!» деген ережені есте ұстаған дұрыс.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы екі кезеңнен тұрады: тақырыптық жоспарлау және күнделікті жоспарлау.
Оқу жұмысы тақырыптық-күнтізбелік жоспар бойынша жүреді. Тақырыптық жоспар оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқулық негізінде жарты жылға, немесе бір жылға құрылады. Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалының мазмұнындағы негізгі ойды бөліп қарауға, пайдаланылатын көрнекі және техникалық құралдарды ойластыруға мүмкіндік береді. Тақырыптық жоспарда тақырыптардың сағатқа бөлінген аттары, сағат саны, өтілетін күні, көрнекі құралдары көрсетіледі.
Күнделікті сабақ жоспары - әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Онда сабақтың тақырыбы, мақсаты мен құрылымы, сабақтың мазмұны, әдіс-тәсілдері, үй тапсырмасы көрсетіледі. Сабақтың әрбір кезеңіне жұмсалатын уақытты көрсетудің мәні зор. Жас мұғалімдерге сабақтың жоспарын толық жазған дұрыс. Кейін тәжірибе жинақтаған кезде қысқартулар қолдануға болады. Бірақ жоспар қандай формада жазылса да, онда сабақтың барлық кезеңдері қамтылуы керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар.
2. Сабақтың негізгі түрлері, оның құрылымы.
3. Мұғалімнің сабаққа дайындалу тәсілдері.
4.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
5.Сабақтың дәстүрлі түрлері, құрылымы.
6.Мұғалімнің тақырыптық және жеке сабақтарының жоспары.


Әдебиеттер
1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003
2. Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках) Уч. пособие – М., 2000.
3.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000
4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999
5. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003
6.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого-2010)
7.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010
8.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет