Педагогика


Дәріс 17-18 Тәрбиенің әдістері



бет45/123
Дата08.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#118912
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123
Байланысты:
УМКД педагогика 2018
УМКД педагогика 2018 , 16-18 Рк2, 1. Бас с?йек ми нервтерін тексеру ?дістері 2, 4 Жазықтықтар, sor-2-9-2-chetvert
Дәріс 17-18 Тәрбиенің әдістері
Жоспар:

  1. Тәрбие әдістері туралы жалпы түсінік

  2. Тәрбие әдістерін жіктеу

  3. Тәрбие әдістерін қолданудың педагогикалық шарттары

  4. Оқушының тәрбиелілігінің диагностикасы және тәрбиелілік көрсеткіштері



Мақсаты: тәрбие әдістері жайлы әр түрлі пікірлерді салыстыру, анықтама беру, тәрбие әдістерінің түрлеріне сипаттама беру, оларды таңдау шарттарын түсіндіру.


Негізгі ұғымдар: әдіс, тәрбие әдістерін жіктеу, тәрбие технологиясы, инновация, оқушы тәрбиелілігінің диагностикасы

Адамды тәрбиелеу процесі - өте күрделі процесс. Тәрбие мазмұны мен тәрбиелеу жүйесі нақты және айқын анықталғанымен, егер мұғалім тәрбие әдістерін меңгермесе, тәрбиені жүзеге асыру мүмкін емес.


Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл жөнінде түрлі көзқарастар бар. Мысалы:
«Тәрбие әдісі – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету». (Конникова Т.Е).
«Тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау» . (Марьенко И.С.)
«Тәрбие әдісі – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері». (Сластенин В.А.)
Бұл анықтамалардан әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының мазмұны мен нәтижесіне сүйеніп беретінін байқауға болады. Анықтамалар әртүрлі болғанымен, олар бір мақсатты көздейді, бұл – тәрбие әдістерінің баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына тәрбиелік ықпал жасауы.
Сонымен, әртүрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады:
«Тәрбие әдісі – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері».
Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары мен мазмұнымен анықталады, ал мақсат - әдістің бас критериі.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын қолданады.
Тәсіл - әдістің құрамды бөлігі. Әрбір әдістің тәсілдері болады. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында шекара жоқ. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, коммуникация құралдары жатады.
Тәрбие әдістерін топтастыру. Тәрбие әдістерін жіктеуде белгілі педагогтар Гончаров Н.К., Конникова Т.Е., Огородников И.Т., Болдырев Н.И., Марьенко И.С., Щукина Г.И., Сластенин В.А. т.б. зор үлес қосты. Солардың ішінде Конникова Т.Е., Щукина Г.И., Сластенин В.С. жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуін қарастырайық:



Автор

топ

Тәрбие әдістері

Конникова Т.Е.
Щукина Г.И.

Мінез-құлықты қалыптастыру әдістері

Талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, тәрбиелік ситуация




Жеке адамның са-насын қалыптастыру әдістері

Әңгіме, пікірталас, лекция, өнеге




Ынталандыру әдістері

Мадақтау, жазалау

Сластенин В.А.

Мінез-құлықты қалыптастыру әдістері

Талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелік ситуация


Жеке адамның са-насын қалыптас-тыру әдістері

Әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге






Ынталандыру әдістері

Жарыс, мадақтау, жазалау




Бақылау, баға беру әдістері

Педагогикалық бақылау, психологиялық сұрау



Талап – мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Оқушыға талап қоярда мұғалім әр оқушының тәжірибесін ескеруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет