|
|
бет | 99/123 | Дата | 08.02.2022 | өлшемі | 1,65 Mb. | | #118912 |
| Байланысты: УМКД педагогика 2018 Дидактикалық тест – оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін тексеруге бағытталған стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы.
Дидактикалық жүйе – оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементтер жиынтығы.
Дискретті бақылау – белгілі уақытта үзіліп, артынан қайта жалғасатын бақылау.
Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.
Еңбек тәрбиесі – еңбекке деген дұрыс көзқарасты, еңбексүйгіштікті, еңбек тәртібі мен еңбек мәдениетін қалыптастыру.
Есте сақтау – материалдың жадыда сақталуын қамтамасыз ететін процесс. Есте сақтау жаңа білімнің кейін қалпына келтірілуінің маңызды шарты.
Жабық анкета – зерттелуші алдын–ала ұсынылған бірнеше мүмкін жауаптарды таңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|