Бригадалық-лабораториялық форма - ХХғ 20-шы жылдары россияда пайда болған. Оқушылар бригадаларға бөлініп, тапсырманы бірлесіп орындайды.
Білім - табиғат пен қоғам туралы әрбір ғылым саласында жинақталған фактілер, ұғымдар, заңдылықтар жүйесі.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, ителлектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу процесі.
Білім беру мазмұны– оқушыларды жан–жақты дамыту, ақыл–ойын, танымдық қызығушылығынқалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.