Әдіс (гр. «методос» - метод) - ақиқатқа, шындыққа жетудің жолдары.
Әдіснама (методология) - табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.
Әдістеме (методика) - жеке пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттейтін педагогиканың саласы.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
Әлеуметтену– адамның әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне енуі
Әлеуметтендіру– адамды әлеуметтік қарым–қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау.
Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар иен құндылықты игеру –негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.