Басқару– мектеп ішіндегі психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу.
Баяндама - тақырыптың мазмұнын көпшіліктің алдында баяндау.
Белсенділік– адамның күнделікті іс–әрекетте кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті.
Библиография - зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттер тізімін құру;
Бихевиоризм– жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайтын бағыт. Оның негізін салушы американдық психолог және педагог Э.Торндайк (1874-1949).
Болжау әдісі - зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе қозғалысын көрсету үшін қолданылатын әдіс