Гимназия - оқушылардың қабілеті мен қызығушылықтарына қарай оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беретін оқу орны. Гимназия 1-ші сыныптан басталады.
Гипотеза– тексеруді қажет ететін болжам.
Гносеология (грек. gnosis – таным, logos – ғылым) – таным іс–әрекеті процесін, оның мазмұндық негізін зерттейтін таным теориясы.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы формасы.
Дағды - әрекеттің саналы түрде автоматтануы.
Дальтон-план – оқушылардың мұғалімнің тапсырмасымен үйде өздігінен дайындалуына негізделген оқыту формасы. ХХғ басында АҚШ-та Е.Паркхерст деген мұғалім ойлап тапқан.
Даму - организмнің өсіп жетілуі (дене мүшелерінің, жоғары нерв қызметінің, психикасының дамуы).